• Қоғам
  • 04 Тамыз, 2011

Татулық пен береке бастауы

Бүгінде егемен елімізді мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір кешіп келеді. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-сес­сия­сында сөйлеген сөзінде «Біз жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жа­уап­кершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік. Тұрақтылықтың бірегей үлгісін танытып, дамудың қазақстандық жолын айқындадық» деп айтқандай, осы жылдар ішінде еліміздің дамуына татулық пен бірліктің бесігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесінің зор болғанын ерекше атаған еді. Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы күннен-күнге жанданып, түрлі этномәдени шаралардың ұйытқысына айналып келеді. Ассамблея қарамағындағы 16 қалалық және облыстық кіші Ассамблеялардың жұмыстары да ауыз толтырып айтарлықтай болып отыр. Соның бірі – Қызылорда облыстық Қазақстан Халықтары Кіші Ассамблеясы. Бұл Кіші Ассамблеяның негізгі жұмысы аймақтағы қоғамдық саяси тұрақтылықты, ұлтаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етуге және этникалық ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауға бағытталған. Қазіргі уақытта облыста оннан астам ұлттық мәдени бірлестіктер жұмыс жасайды. Олар: «Понтийцы» грек ұлттық мәдени орталығы, Түрік ұлттық мәдени орталығы, Татар ұлттық мәдени орталығы, «Вайнах» шешен ұлттық мәдени орталығы, «Lev ami» еврей ұлттық мәдени орталығы, Қазақстан кәрістерінің Қауымдастығы облыстық филиалы, Өзбек ұлттық мәдени орталығы, «Wiedergeburt» неміс ұлттық мәдени орталығы, «Славяне» ұлттық мәдени орталығы, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» Қызылорда филиалы және жуырда ғана шаңырақ көтерген Қырғыз ұлттық мәдени орталығы. Аталған ұлттық мәдени орталықтардың басшылары мен мүшелері мемлекеттік ұлт саясатының белсенді насихаттаушылары десек, артық айтқандық емес. Себебі мәдени орталықтардың өкілдері облыс көлемінде ұйымдастырылатын кең көлемді шараларға белсене қатысып қана қоймай, өз тараптарынан да шаралар ұйымдастыруды жолға қойған. «Мемлекеттік тілді білу – парызың» атты өзге ұлт өкілдерінің арасында облыстық олимпиада, «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» атты облыстық этномәдени дәстүрлер фестивалі секілді көптеген шаралар оған нақты дәлел бола алады. Ұйымдастырылған шаралар барысында ұлтаралық келісімді нығайту, бірлік пен татулық идеялары мен патриотизмді насихаттауға көп мән беріледі. Сонымен қатар өзінің ділін, ана тілі мен мәдениетін сақтау – ұлттық мәдени орталықтардың қызметінің мәні. Қызылорда облыс әкімдігі және облыстық ішкі саясат басқармасы және өзге де тиісті құрылымдар жыл бойы ұлттық мәдени орталықтармен ұлтаралық қатынастарды сақтау және олардың салт-дәстүрін жетілдіруге бағытталған жұмыстарды бірге атқарады. Атап айтсақ: Ұлыстың ұлы күні Нау­рыз мерекесі, «Рождество» мерекесі, «Масленница» «Остерн» (Пасха) мерекесі, «Сабантой», шығыс күнтізбесі бойынша мерекеленетін Жаңа жыл сияқты ұлттық мерекелер ешқашан назардан тыс қалған емес. Бұл мерекелердің барлығы облыс тұрғындары үшін дәстүрге айналған. Олар осындай ұлттық мерекелердің арқасында келешек ұрпаққа өздерінің салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарын кеңінен насихаттауға да мүмкіндік алады. Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Тәуелсіздік мерекесі секілді мемлекеттік деңгейдегі мерекелер де ұлттық мәдени орталықтардың қатысуынсыз өтпейді. Қазіргі таңда Сыр өңіріндегі 11 ұлттық этномәдени орталық елдің дамуына өзіндік үлестерін қосып, бірлік пен өзара түсіністік жағдайында жақсы нәтижелерге жетуде. Яғни бұл дегеніміз біздегі ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығын білдіреді. Баршаға белгілі, ұлтаралық келісім – экономикалық және саяси реформалардың алға жылжуына, демократияның одан әрі дамуына және қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің шешілуіне септігін тигізеді. Сондықтан ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері бейбітшілік пен достық, ұлтаралық келісім болуы үшін облыстың қоғамдық-саяси өміріне бұдан ары қарай да белсене араласа бермек. «Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» деген атам қазақ. Демек, жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір ұлттар арасындағы татулықтың арқасында Сыр өңірінде әлі де талай тындырымды шаралардың шымылдығы түріліп, тұсауы кесілері сөзсіз. Жібек Қуанышқызы Қызылорда облысы

24452 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8755

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7058

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4802

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4188

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4150

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4111

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3841

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3841

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы