• Әдебиет
  • 20 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздік туралы жыр

Темірхан Медетбек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Отаршылдық Құлдықтың қамытын Мойныма кигізіп, Тіземді бүктіріп, Басымды игізіп, Ми батпақ Сорға көмді. ...Тәуелсіздігім – Бұлттардың өзі Бір шеті мен Бір шетіне, Апталап зорға жететін Алып еліме, Шаршап-шалдығып, Зорға келді. Арса-арса боп, Борбай еті борша боп, Жеткен оны Еңіреп-егіліп, Күтіп алдық. Сындырмай, бүлдірмей, Семдірмей, сөктірмей, Құйылған шойындай Тұп-тұтас Бүтін алдық. Айым оңынан туды! Бір жағыма Алтын қанатты – Бақ қонып, Бір жағымнан, Күміс табақты – Құт келді. Кеше ғана Иілген басым, Бүгілген тізем Тіктелді. Азаматтарым, Аспаннан жұлдыз қағып, Қазанаттарым Жер тарпып Тебініп тұр. Көңілім Сарыарқадай жайылып, Көкірегім Алатаудай керіліп тұр. Тәуелсіздігім! Енді сенің Шөл мен шөлейт, Қара тастарыңа дейін Көктесін! Арманды халқыңның Ойынан – суат Бойынан – қуат Мәңгілік кетпесін! Әумин!

23805 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

24 Сәуір, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы