• Қоғам
  • 04 Қаңтар, 2012

Ынтымақты елдің ырысы мол

Өткен дүйсенбіде Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен алқалы жиын болып өтті. Жиынға Премьер-министр Кәрім Мәсімов, Сенат төрағасы Қайрат Мәми, Президент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Үкімет мүшелері және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Кеңесті ашқан Елбасы еліміздің ал­дында тұрған мақсат-міндеттерді айқын­дап, атқарылған шараларға, 2011 жылы атқарылған жұмыстардың алдын ала қорытындысын шығарып, өз бағасын берді. – Биылғы жыл өте маңызды, ерекше және табысты болды. Қазақстан ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын жақсы көрсеткіштермен аяқтайды. Ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі жылдың қорытын­дысы бойынша 7,3 пайызды құрайды, халықтың жан басына шаққандағы қайта есеп 11 мың АҚШ долларына жетеді. Ха­лықаралық резервтер жиынтығы 75 миллиард АҚШ долларынан асады. Жыл ауыл шаруашылығы үшін табысты болды, өнім өсімінің көлемі өткен жылмен са­лыстырғанда – 25,5 пайызды, ал құрылыс саласында – 3 пайызға дерлік, өнеркәсіпте 4 пайызға жуық көрсеткішті құрады, сауда мен көлік салаларында да өсім бар. Сондықтан да өткен жыл осындай өркенді өзгерістерге мол болды деп айтуға біздің барлық жағдайымыз бар, – деді Елбасы. Расында, биылғы жыл Қазақстан үшін аса табысты кезеңдердің бірі болды. Елімізде инновациялық тұрғыдағы жүздеген кәсіпорын ашылып, олар эко­номикамыздың дәстүрлі салаларымен қатар, жаңаша өндіріс түрлерін де қам­тыды. Мәселен, қазіргі уақытта Индус­трия­­ландыру картасына 9,6 триллион тең­гені құрайтын 609 жоба енгізілген. Бұл турасында Елбасы былай деді: «Екі жылдың ішінде нысандарды іске қосудың есебінен 90 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Мыңдаған адамдар тиісінше табыс пен жоғары білікті жұмысқа ие болды. Бұрын Қазақстанда ешқашан өнім шығарып көрмеген 106 өндіріс игерілді. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жай кезеңін жүзеге асыруды бастадық. 389 тұрғын үйдің құрылысына қарап отырған 53 мың үлескердің түйткілінің түйіні тарқатылды. Бұл мемлекеттің орасан еңбегінің арқасында мүмкін болды. 2010 жылдан бастап, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында жалпы сомасы 240 млрд. теңге болатын 750 жоба іске асырыла бастайды. Бұл да экономиканың серпілуіне үлкен септігін тигізетін маңызды қадам. Сонымен қатар әлеуметтік салада да оң нәтижелерге қол жеткіздік. Жұмыссыздықтың деңгейі 5,3 пайызға дейін төмендеді. Қысқасы, Қазақстанның мерейтойлық жылы елімізді жаңа белестерге бастайтын жылға айналды». Осылайша, еліміздің саяси-эко­номикалық және мәдени-рухани-әлеуметтік даму қарқынын саралаған Елбасы осы жылы әлі де болса шеші­мін табуы тиіс бірқатар мәселелердің бар екендігін атап айтты. – Дегенмен біз шешілмеген мә­селелер барын айтуға тиіспіз. Маңғыстау облысындағы оқиға күллі Қазақстан үшін айтарлықтай сынақ болды. Мерейтойлық жылы бізге қатер төнді. Мақсаты – біздің қоғамда әлеуметтік, ұлтаралық, дінаралық және басқа да алауыздықты тудыру болды. Қазір тек оның шығу себептерін ғана емес, сондай-ақ осы оқиғаларды ұйымдастырушыларды табу үшін тергеу жүргізілуде. Біздің алдын ала білуімізше, мұның артында ұйымдасқан қылмыстық топтар тұрған, олар ақшаны бөліскен, оларға өздерінің «іздерін» жасыру қажет болған, соған байланысты өрт қойылған. Біз мұның барлығын жан-жақты анықтаймыз. Біз мұның артында кім тұрғанын, ол «із» шетелден кел­генін, елдің ішінде қандай бүлдіру әре­кеттерін жүргізгенін білеміз. Барлық осы фактілер бойынша Бас прокура­тура тиісті органдармен бірігіп, барынша егжей-тегжейлі тергеу жүргізуі тиіс. Басты себеп – үкіметтік шенеуніктер, «Самұрық-Қазына» басшылығы және осы еңбек кикілжіңін тікелей шешуге қатысы барлар жауапсыздық көрсетті, іс жүзінде нақты адасушылыққа жол берді. Сондықтан қазір барлығы осы оқиғалардан сабақ алулары тиіс. Бас прокуратура назарын қылмыстық істерді ашық, адал жүргізуді және осы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен арандатушылардың барлы­ғын қатал заң бойынша жауапкер­шілікке тартуды қамтамасыз ету қажеттігіне тағы да назар аударамын. Сонымен қатар, осы оқиғалар бойын­ша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жө­ніндегі жауапкершілікті Президент Әкімшілігі мен Мемлекеттік хат­шыға тапсырамын және жүктеймін, – деді Елбасы. Мемлекет басшысы, сондай-ақ жергілікті жерлердегі әкімдердің ха­лыққа жақын болу керектігін, елдің мұң-мұқтажын жедел шешу қажеттігіне тоқталды. – Мереке келе жатыр, бірақ жергілікті жерлердегі шенеуніктер босаңсымай, жұмыс жүргізулері қажет. Жұмыста ешқандай да ұсақ-түйектік болмауы тиіс. Осы кезеңде барлық деңгейдегі әкімдіктер алдында тұрғын үйлерді жылумен, сумен, газбен үздіксіз қамтамасыз ету, әлеуметтік мәні бар бағыттар бо­йын­ша басқа да мәселелерді шешу міндеті тұр. Қыс биыл суық болады. Сондай жағдайда барлық облыс­та, қалалар мен ауылдарда барлық коммуналдық қызметтердің мінсіз жұмысы қамтамасыз етілуі тиіс. Жылыту маусымында бұл мәселе әкімдердің қатаң бақылауында болуы керек. Көлік қызметі, сауда-саттық нақты қамтамасыз етілуі тиіс. Әрбір әкім ешқандай да әуре-сарсаң болмауы үшін азаматтардың шағымына назар аударып, олардың өтініштері бойынша барлық мәселені жедел шешуі қажет, – деді Елбасы. Жиында Президент мемле­кеттік қызметкерлерге Үкімет қаражатын үнемдеумен қатар, жеке басының шығындарын да азайту міндетін жүктеді. – Үкіметтің, министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің барлық басшы қызметкерлерінің Жаңа жылда немесе басқа да мемлекеттік мерекелерде шетел­дерге барып демалуына қатаң түрде тыйым саламын. Әсіресе, қазіргі уақытта, әкім мейрамды халықпен, ұжыммен бірге қарсы алулары керек. Бұл алдағы Жаңа жылға ғана қатысты емес, жалпы барлық мемлекеттік мерекелерге қатысты айтылып отыр. Бұл мәселенің жауабы қатты болады. Естеріңізде болсын, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Жиын соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ең басты құндылық – тұрақтылық екен­дігін баса айтты. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан елдің ғана даму көкжиегі айқын болатын­дығын атап өтті. Алқалы жиын қо­рытындысы бо­йынша Елбасы Үкі­метке, Президент Әкімшілігіне және өзге де мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сұлтан Тайғарин

3028 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8951

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7162

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4903

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4288

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4253

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4212

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3943

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3942

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы