• Әдебиет
  • 20 Қаңтар, 2012

Ізгілік – мұратымыз

Қартаю, қарттықты мойындау, оны өз дәрежесінде алып жүру – үлкен міндет. Адам бес мүшелінде, яғни алпысқа келгенде ақылы толып, қайраты кеміп, кемел шағына келіп, алды-артын ойлай бастайды. Қырық алты жыл жұмыс істеп, зейнеткерлікке де жеттім-ау. Қария болу екінің бірінің қолынан келмейтін үлкен өнер екен. Алла жолына түскенде, «күнәлі істер қайсысы?» деген тақырыптағы хадистерді қарап отыр­сам, күнәнің ауырына жататын тірліктің бірі мынадай көрінді маған: «Білгеніңді ұрпағына айтпай, үйретпей, өзіңмен алып кету, ол үлкен күнә болып табылады». Осыдан соң ертеректегі атамның маған айтқан, үйреткен істері ойыма түсіп, «мен де неге Құдайдың берген немерелеріме білгенімді айтып үйретпеске» деген оймен «Ата мен немере әңгімесі» деген кітабымды жаза бастадым. Тәмамдадым да. Еріккендіктен емес, қажеттіліктен. Қазіргі ақсақалдар немерелеріне өсиет айтпайды, тіпті талапты жас болса да «миымды ашытпашы» деп ұрысып тастайды. Мұны көріп жүрмін. Олардың әңгіме айтуға шыдамы жетпейді, не ертегі білмейді немесе намыс көреді. Балалар қызығатындай кітаптар да некен-саяқ. Бола қойғанда да қымбат және аз данамен шығады да оқырмандарға жетпейді. Ал осы олқылықтардың орнын толтыратын қандай күш бар? Мұның жауабы ата мен немеренің қарым-қатынасында жасырулы жатқан жоқ па?! Өзіміз бала күнімізде ертегі кітапта­рын іздеп жүретінбіз. Сонда «ей, ұлы бақытты патшам» деп бас­талатын талай шытырман хикаяны шамның жарығымен оқып отырушы едік. Оқитын кітап таусылғанда: «Ата, ертек айтыңызшы», – деп атамның мазасын алушы едік. Сонда атамыз ерінбей ертегі айтып беретін. Сол кісінің әңгімелері кейін қиялымыздың шарықтауына ой-өрісіміздің дамуына көп әсер етіп, өмірлік пайдасы тиді. Қала берді, өмірлік тәжірибесімен бөлісетін. Менің негізгі айтпағым, сол оқып жүрген кезімізде коммунистік идеология, яғни атеистік тәрбие болды. Атам «Құдай бар» десе де, оқитын мектебіміз «Құдай жоқ» деп шөре-шөре етіп, миымызға құюмен болды. Дегенмен көзіңді ашқалы өнегесінен таймаған атам арқылы менің кеу­демде Алланың бірлігіне деген сенім ұялап жатты. Кісінің ала жібін аттауға болмайтыны санамда салтанат құрды. – Кімнің құлысың? – Құдайдың құлымын. – Кімнің үмбетісің? – Мұхаммед «с.ғ.с» үмбетімін. – Кімнің қауымынансың? – Имам ағзамның қауымынан­мын... Сондағы атамның қоңыр дауысы әлі құлағымда. Қазір қарап отырсам, немерелерім көбінесе теледидар, DVD, видеодан соғыстың неше түрін, қорқыныштың жеті атасын көріп, миын улап жатқаны. Оның үстіне қазіргі түріктің, кәрістің, мексиканың арзан телесериалдарын көріп, соны әңгіме етіп отыратындай жағдайға жетті. Бір сөзбен айтқанда, кейінгі жас ұрпақты теледидар тәрбиелеп жатыр. Ал олардың құлағына бұл жүйенің нені сыбырлап жатқаны, санасына нені сіңіріп жатқаны ешкімге қорқыныш емес пе? Маған қорқыныш. Жастардың уланған санасын тек иман ғана сақтап қалады. Бұған өзімнің өмірім дәлел. Қылышынан қан тамған кеңес дәуірінің салқынынан да сол арқылы мұқалмай өттік. Осы күнде мектепте дінтану сабағы да оңды жүрмейді. «Сенің дінің – ислам, «мұсылмансың»-мен бітеді, басқа әңгіме жоқ. Бұл да мені қатты толғандырды. Алдыңғы жылы жаңа жыл жақындап қалғанда, ең кішкене немерем Ерсұлтанға апайы: «Жаңа жыл туралы, оның ішінде күнтізбе туралы жазып кел», – деп тапсырма беріпті. Осыны менен: «Ата, 22 нау­рыз – Жаңа жыл, 1 қаңтар – тағы Жаңа жыл, осылардың айырмашылығы неде?» – деген сұрақ қойды. Мен соған дайындалып жауап бердім. Міне, солардың осындай сұрақтарына жауап беру үшін қолдары бос уақыттарында басқа да тақырыптарға қатысты әңгіме өткізуге келістік. Сонымен, үлкен немерем Жанар 11-сынып оқушысы, Бексұлтан 10-сынып оқушысы, Ерсұлтан 7-сынып оқушысы – осы үшеуі күнделікті кешке сабақ оқып болған соң, әңгіме айтып, сұрақ береді, мен білгенімше жауап беруге тырысамын. Сондағы әңгімені мүмкіндігі болса, діни арнаға әкеп тіреуге тырыстым. Өйткені күнделікті оқулықтағы сабағын оқытушы айтар. Оларды имандылыққа бейімдеп, миындағы уланған кинолардан қалған зардаптарын жойып ізгілікке, инабаттылыққа, имандылыққа баулу мақсат болды. Құдай бар, оның періштесі бар, Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) және «о дүние бар» деп құр сөзбен айтқанмен, оған бала оңайлықпен илана қоймайды. Себебі – олардың заманы – басқа, бізден өзгеше сападағы адамдар. Салмақты ғылыми дәйек талап етеді. Бала жан дүниесімен түсініп білмейінше, мо­йындамайды да. Қалайда баланың көзін жеткізу менің негізгі мақсатым болды. Әңгімелерді жинақтап, елдің баласына да керек болар деген мақсатта осы «Ата мен немере» деген кітап дүниеге келді. Негізгі мұратым – иман мәселесі. Адам баласы жақсы ойлап, жақсы, игілікті тірлік жасаса, адам бойына жақсы энергия (оң заряд) тарайды екен. Ал жаман ойлап жаман тірлік жасаса, ондай адамның бойынан жаман энергия (теріс заряд) бөлінеді екен. Екеуінің көбеюі, яғни жақсы мен жаман бірін-бірі жойып, тепе-теңдік қалыптасады. Тиісінше, «теріс заряд көбейіп кеткен жерде табиғи апат болады» деп ғалымдар айтып жүр. Бұған дәлел – бүкіл Жер шарында жиілеп кет­кен жер сілкіністері, цунамилер, техногендік апаттар. Қазақ «не тапсаң да пейіліңнен табасың» деп айтады. Олай болса, ниетті, ойды тазарту керек-ақ. Әлемді түгел алып келе жатқан дерт – қаржы дағдарысының өзі неге тұрады?! Міне, сол да кейінгі ұрпақты қара әлемнің ырқына беріп жатқанымыздан туған кесел секілді. Оның емі – Алла жолына түсіп, Алла тыйым салған нәрседен тыйылып, істе дегенін істеп, істеме дегенін істемей, өзімізді-өзіміз тәрбиелеп, соған ұрпағымызды да бейімдеу. Аталар, өзі көрген, өмірден алған тәжірибелері мен істерін, білімін неге ұрпақтарына үйретпейді? Өйткені осы мәселеде адамзаттың болашағы бұғып жатыр емес пе?! Бекбатыр АЙМЕНОВ, зейнеткер

4147 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7228

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6213

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3953

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3344

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3302

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3271

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2999

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2988

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы