• Әдебиет
  • 27 Қаңтар, 2012

Қас-қағым дүние-ай...

«Қуаныш өмірден озды...». Бей­мезгіл соғылған телефондағы суық әңгіме ішкі тыныштығымды бұзып өтті. Көз алдыма бойы сырықтай ұзын, келбетті жігіт келе қалды. Оқу озаты атанған Қуаныш талай рет халықаралық математикалық жарыс­тардан маңдайы жарқырап келіп еді-ау... Неге екенін қайдам, екеуміз екі мектепте оқысақ та, ол маған ғана үйір еді.  «Ой, Қазақстандағы нөмірі бірінші аруды аламын деп жүріп кімнен таяқ жемедім?»... Осы бір ақтарылған құпия сырдың астарына неге ғана дер кезінде терең мән бермеген екенмін? Енді өкінгеннен не пайда... Ал 18 жаста үйленіп алғанының өзі керемет бір хикая еді. «Әдемі екеуі­не көзіміз тоймайды», – деуші еді қыз­дар. Жиырма жасқа толған туған күнін атап өтпекші ниетпен бірде ол мені қаладан 25 шақырым жердегі саяжа­йына алып барды. Екеуміз армансыз шахмат ойнап, бірімізді-біріміз жеңе алмай, әбігерге түстік. Ойын ортасында оқыс тұрып кетіп, шылымды бұрқыратты келіп. ...Далада таза ауа жұтып тұрғанмын, менен 1-2 метр жерде біреу сыртымнан қарап тұрғандай болды... Тау қойнауына орналасқан тылсым табиғат құшағындағы бөлмеде менің бойыма әлдеқандай үрей келгені де рас. Өйткені «сұлу қызды алып қа­ша­мын» деп әрекеттенген тұста құлақ шекеден тиген соққының зардабы ту­ралы өзінің айтқандары есіме түсті. Әпер­бақан, ожар, сезімсіз пенделер менің досымның тәніне ғана емес, жанына да жазылмас жара салып үлгергеніне сол кезде мән бермегенім өкінішті-ақ. Студенттік жылдарда Қуа­ныш­тың маңайына кілең пәлсапа соққыш жас­тардың жиналғанын білетінмін. Арамыз алыстап бара жатқан шақта өзі хабарласты. Абайсызда құлап, башпайларын зақымдап алып, тө­секте таңылып жатқанын мәлімдеп, келіп кетуімді өтінгені бар. Алайда Қуаныштың қимылсыз жатқанына емес, оның айтқан қорқынышты әңгімелерінен талайға дейін жаным күйзеліп жүрді. «Бақытсыздық туралы көп ойлаған адам – бақытсыз, сырқат туралы көп ойлаған адам ауру болады» деген сөздің жаны бар екенін сол мезетте дәл ұғынған едім. «Бір жылда үш рет жазық жерде сүріндім. Екі рет тобығымды тайдырдым, ендігісі мынау...». Ол гипстелген аяғының басын ұзын таяқпен соққылап-соққылап жіберді. «Хинд» тәуіпшілік ілімі бойынша «адам жеті каналдан құралған» делінеді. Тап осы каналдар арқылы жауыз рухтар адам ағзасына жығылғанда немесе бір нәр­седен қатты қорыққанда бірден еніп кететін көрінеді. Олар бірнеше уақыт өткеннен кейін ғана әрекет ете бас­тайды. Ағзада жын-шайтандар әбден жайғасып алғаннан соң адамның рухани дүниесі біртіндеп жауыз рухтардан жеңіле бастайды». Ол осы бір сөздерді осыдан бес жыл бұрын айтса да, әлі күнге дейін құлағымда күмбірлеп тұр. Жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасып, әрқайсысымыз өз жағдайымызды күйттеп кеттік пе, әйтеуір, арамызда байланыс үзілген уақыттар да болды. – Қуаныш Астанадан әйелі екеуі Алматыға келе жатып, жол апатына ұшы­рапты. Әдемі бірден көз жұмыпты, Қуаныш аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр екен. – Қуаныш сайентология ілімін насихаттап жүрген көрінеді. – Көшеден Қуанышты көріп қашып кеттік. Көзіне бір нәрсе көріне ме, ол жын ұрғандай жұлқынып, теңселіп-сенделіп кетіп барады екен. Он жыл ішінде осылай басталатын талай жағымсыз әңгімені сырттан естігенде қатты қапаланып қалатынмын. Өкінішке қарай, мен оның қасына бара алмадым. Оған себептер де көп еді. Әке-шешесі ажырасып, үйлері бөліске түскенін, қызмет бабымен Астанаға кеткен Қуаныштың өзінің жеке басында да біршама қиындықтар болғанын біліп жүрдік. Әрі ешкімді көргісі келмейтінін ашық мәлімдеген болатын-ды. Әттең, әттең, қас-қағым дүние-ай! Қолымыз аузымызға жетіп, жағдайымыз түзеліп, бірімізді-біріміз іздейтін, жоқтайтын кез келгенде мынау жарық дүниеден қапылыста кетіп қалғаның қалай, Қуаныш? Өлімге қимаймын сені, асыл дос! Нұрлан ҚҰМАР

3168 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7211

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6203

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3943

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3334

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3292

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3261

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2989

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2978

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы