• Әдебиет
  • 08 Ақпан, 2012

Ақ қыстың демі сұп-суық...

d0b0d0b1d18bd0b7d0bed0b2Бақытжан Абызов

Ақын, тәржімашы, мәдениеттанушы Бақытжан Абызов – Сыр бойының түлегі. 1982 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналис­тика факультетін бітірді. Студенттік – «Темірқанат» («Жалын» баспасы,1981 ж.), «Қарлығаш» («Жазушы» баспасы,1984 ж.) ұжымдық жыр жинақтарына өлеңдері енген. 1985 жылы «Жалын» баспасынан О.Сүлейменовтің алғысөзімен шыққан Дағыстан ақыны Магомед Әлиевтің «Қанат» атты кітабын ана тілімізге шеберлікпен аударуға атсалысты. Таңғы шықтай мөлдір сезімді, ойнақы сазды өлеңдері көбіне-көп өткен ғасырдағы орыс поэзиясының ірі өкілдері С.Есенин мен Н.Рубцовтың, көрнекті лириктеріміз Т.Айбергенов пен С.Жиенбаевтың сырлы да сұлу туындыларымен мінездес келетін Бақытжан ақынның «ҚазАқпарат» баспа корпорациясынан 2003 жылы «Жанарымдағы жаңбырлар» атты жеке жинағы жарық көріп, қалың оқырман қауымның көзайымына айналған-ды. Аталған баспа осы шығармашылық игі үрдісті жарасымды жалғастыра отырып, оның тағы да бір көлемді жыр кітабын таяу уақытта әдебиет­сүйер жұртшылыққа ұсынбақ. БАЛАПАН ТОҒАЙ Бүріскен балапан тоғай, Ызғырық. Өліара маусым. Жүгірген жапа-тармағай, Шашылып жағада дауысым. Шақырғам қайықшы шалды, Мазалап түн жарымында. Ішімнен: «Айып шығар», – деп, Беріліп, бір жағы – мұңға. Өтетін дарияны кешіп, Дауысымды қала ма ап түн? Ескекші қарияға ілесіп, Ауыл жақ жағаға өттім. Жаңбырың себелеп берсе, Үй шалғай, бар қауіп түрлі. Аппақ көбелектерше, Жолда қар жауып тұрды. АУЫЛ ЖАҚҚА... Ауыл жаққа алаңдап, кетсем деп ем, Итіне дейін қарайлап, қош деуменен. Қара суық оралып шалғайыма, Күртік қары «сөйлесіп» өкшемменен. Жетсем деп ем бір құшақ сағыныш ап, Сол ауылдың бір дегдар жаны құсап. Бейтаныс та алдымнан құшақ жайып, Шығар еді-ау, жан болып танығыш-ақ. Бала болып қалар ем мен осында, Сіміріп бір жұтар ем ауасын да. Патша-көңіл қалада кібіртіктеп, Адасып жүр тұманның арасында. Шымқай көгі – тозған бөз солғын рай, Тұман буған тыныстың қорлығын-ай. Тұнжыраған қабағы ашылмайтын, Алматым – ағылшынның Лондонындай. Жүрегің – ойыны кем жас баладай, Көңілің – құлазыған бос даладай. Қаланың күйбеңінен жалыққанда, Көше кезіп кетесің кешке қарай. Ошағынан маздаған от сөнбеген, Ауыл жаққа тартып бір кетсем деп ем. Жібермей тұр әдемі паркет-қала, Желімделіп қалғандай өкшемменен. ТҰМАНДЫ ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ Қала тұман, Ұшпай қалған ұшақтың қанатынан Аппақ қырау үзіліп, тамады еріп, Тамшыларды санаумен таң атырам. Жалықпастан, Тыңдаймын диктор үнін тағы ұқпастан. Қалғимын. Таңғы алтылар шамасында, Бозарып қалыпты аспан. Құстар әні, Әуежайдың сыртында тыс қалады. Ақ сырғалы ағаштар дүр сілкінді, Қинады ұшағымның ұшпағаны. Деп ойладым: «Жақсы-ау» – деп – сол бір жанға қарайлауым...». Алматыны бетке алды көк сұңқары, Қол бұлғап ақ махаббат – арайлы әнім! АҒЫСТАР Ызың-шулы, оқиғалы көшенің Кешіп өтсем ағысын. Басын изеп бара жатыр кешегі Асығыстау танысым. Алатау да бөленіп тұр арайға, Шуақ төмен сырғанады. Күн бесін. «Хабарласып тұрғайсың, – деп, – жарай ма?!» Өкпе-назын айтып жатыр бір досым. Қиялымды көкірегіме сыймаған Өксітумен талай күн. Барсам ба деп бойжеткенмен киноға, Сағатыма қараймын. Опасыздау, өткінші бұл уақыт, Елес бәрі: ағыстар мен таныстар. Жүрегімді бір жылатып, жұбатып, Шаршап келем алыстан. Шымыр аяз танытады құрғақ күй, Сықырлайды қаңтар түннің ақ қары. «Ала кетсем» дегендей-ақ бір такси, Қасыма кеп тоқтады. «Рақмет!» – дедім оған дауыстап, Қайтпасын деп меселі. Түн ортасы. Жасыл жарық – ағыстар, Тербетеді көшені. Жазбақ болып өн бойымды құрысқан, Қар уыстап алдым да Қараңғыға, тілсіз-үнсіз бұрышқа, Атып қалдым үрей дейтін малғұнға. Қала ұйқыда. Шымырлайды ағыстар, Шырт-шырт етіп шыны түн. Біреу маған құшақ жайды алыстан, Тайғанақтап жүгіреді үмітім... ТАНЫС - БЕЙТАНЫС Аялдама. Аппақ қыс. Тоңып тұрмын, Тоңып тұр ем. Өзіңді жолықтырдым. Ұқсамайсың күндегі көп танысқа, Ұяң қыз боп мінесің автобусқа. Тілдесуге, әйтеуір, себеп іздеп, Әзілдеп ем: «Тайғанап келеміз», – деп. Сен жымидың. Дедім мен: Кешіріңіз! Сізді білем... Ұмыттым... Есіміңіз?.. – Ойланыңыз. Содан соң түседі еске. – Бірде – тұман. Бірде – қар. Қыс емес пе? Мойындадым мен сені данышпан деп, Тұрдым үнсіз. Бір кезде танысқан боп. Төмен сырғып автобус, жағып шамды ой, Сен үн қаттың: «Атыңыз – Бақытжан ғой?». Менде тіл жоқ. Сен сонда жарқын едің. Ал мен болсам... Танитындығыңнан қорқып едім! ЫМЫРТТА Аспаннан себеледі аппақ түбіт, Жер жылбысқы. Кеткендей дала жылып. Дарияның бетінен бу көтерілді, Сылдырап су, мың бұлақ сақ-сақ күліп. Қаңтардың кеші мұнар, бұйығылау, Тәңірдің берген қары – сыйы мынау. Ағаштар жапырақсыз – сидам-сидам, Бұтақтан ақ ұлпа кеп құйылады-ау. Ойы бардай аспанның түнергісі, Қыс-мырза келмейді әсте жібергісі. Апыл-ғұпыл, аяғын тез-тез басып, Асыққан жып-жылы үйге үлкен-кіші. Ақ күміс майда өрнекті себелеп тұр, Құйылған көңіліме керемет нұр. Көз ұшында ымыртта қарауытты, Көрпесі қалыңдаған ебелек қыр. ҚЫЗЫЛОРДА

4083 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6927

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6069

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3809

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3200

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3156

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3130

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2858

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2846

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы