• Қоғам
  • 19 Сәуір, 2012

Этносаралық қарым-қатынастың өз ерекшеліктері бар

d0b0d181d181d0b0d0bcАстанада Қазақстан халықтары Ассамблеясының «Қазақстан жолы: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» тақырыбындағы кезекті XIX сессиясы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы екі жақты өзара байланысты одан әрі нығайту мақсатындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. Келісімнің негізгі мақсат-міндеттері туралы сөз қозғаған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, 2009 жылы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан халқы ассамблеясы арасында келісім-шарт жасалған. Сол келісімнің шеңберінде академия­да қайта даярлау курсына қатысатын азамат­тардың бәріне этносаралық салада, оның ішінде конфессияаралық қарым-қатынасқа байланысты нақты ғылыми тұжырымдарды жеткізу мәселелері қарастырылды. Ал бүгінгі жасалған келісім мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар мен этномәдени бірлестіктердің бас­шыларының курстан өтуіне бірден бір сеп болады дейді. «Біз этникалық қарым-қатынастың нәзіктігін, оның ерекшелігін, тереңдігін ескере отырып, этносаралық қарым-қатынастың арасындағы теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да ерекшеліктерін терең қарастыру арқылы мемлекеттің тұрақтылығына тікелей әсерін тигізеді деп ойлағанбыз», – деді одан әрі ол. Сонымен қоса, Қазақстан халқы ассамблеясының 16-сессиясында Елбасы жергілікті жерлермен жұмыс істеуді жүктеген болатын. «Сондықтан, ендігі кезекте аймақтағы кадрларды этносаралық қатынас мәселесі бойынша қайта даярлау жүйесі қолға алынуда» дейді Е.Тоғжанов. Тіпті, бүгінге дейін Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстары және Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызметкерлер даярлық курстарынан өтіп те қойған. Енді олар қолдарына сертификатпен қатар, бірлік пен елдік мұраттарды халық арасына жеткізуге міндеттеме алып отыр. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекет­тік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсіловтың айтуынша, еліміздің мемлекеттік қызмет істерін дамыту жөніндегі стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі – кәсіби мемлекет құру. Осы мақсатта Мемле­кеттік басқару академиясының міндеті – қо­ғам­ның барлық әлеуметтік топтарының сұра­­ныс­тарын ескере отырып, соған лайықты жауап беретін мемлекеттік қызметкерлерді даяр­­лау. Мемлекеттік қызметкерлер этносаралық және конфессияаралық қатынастар сала­сын­дағы үдерістер мен құбылыстарға дұрыс баға беріп, тиісті шешім қабылдай білулері керек. «Келісім аясында біз ғылыми-тәжіри­белік жұмыстарды енгізудің жоспарын бекі­теміз. Аталған салада, әрине, ғылыми тұрғыда дәлелдеп, зерттейтін мәселелер көп. Бұл бағыттағы жұмыстар бастапқы кезеңде тұр. Оған біз дайынбыз. Академияның әлеуеті, материалдық техникалық базасы мол, бізде өте күшті оқытушылар құрамы бар және арнайы бағдарлама шеңберінде шетелдік ғалымдарды шақыруға да мүмкіндігіміз жетеді», – дейді ол. Осы орайда, Елбасы тапсырмасына орай Акаде­мия ба­засында Этносаралық және конфес­сияаралық қатынастар саласын зерттеу орта­лығы құрылғанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда орталық оқу жобаларына этносая­сат пен конфессияаралық қатынастар сала­сындағы шетелдік ғалымдармен қоса, сарап­шыларды, жоғары кәсіби мамандарды тарту арқылы мемлекеттік қызметшілердің, этномәдени бірлестік басшылары мен қоғамдық сектор өкілдерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау жөніндегі шынайы оқу алаңына айналып отыр. Енді келісім шеңберінде академия бірнеше өңірлік семинарлар өтізуді көздейді. Алдағы уақытта Батыс Қазақстан облысында сондай семинар өткізілмекші. Келісімді іске асыру бойынша жоспарларда тараптар этносара­лық мәселелер бойынша оқудың инновациялық әдістері мен тәжірибелерін пайдалану арқылы мемлекеттік қызмет кадр­ларын, этномәдени бір­лестіктер, ғылыми-сараптамалық топтардың және жоғары оқу орындарының өкілдерін оқы­туды қарас­тыруда, ғылыми-қолданбалы жоба­ларды іске асыруға бірлесіп қатысуы ұйғарылуда. Б.ӘБДІҒАППАРҚЫЗЫ

8463 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9267

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7350

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5093

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4475

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4439

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4399

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4135

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4127

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы