• Қоғам
  • 26 Сәуір, 2012

Қазақ тілін ана тіліндей ардақтап...

Сексеннен астам ұлт өкілдері құт мекеніне айналдырған Әулиеата өңірінде қазақ тілін ешкімнің жетелеуінсіз өздері үшін үйреніп, бүгінде мемлекеттік тілде еркін сөйлеп қана қоймай, оның қолдану аясын кеңейтуге атсалысып жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі неміс ұлтының азаматы – Байдәулет Эбель мамандығы есепші болғанымен, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын қазақтан артық біледі десек, мақтағандық емес. Тіпті, азан шақырып қойған есімінің қазақша болғандығын мақтан тұтатын Байдәулет қазақ әндерін қазақтың қара домбырасында шырқағанда сүйсініп тыңдайсың. Осы орайда, Байдәулет қазақ тілін меңгеру үшін оған мәжбүрлеудің болмағандығын, тек туған Отанына деген сүйіспеншілік пен қазақи қаймағы бұзылмаған ортаның әсер еткендігін жасырмайды. Ал қазақ тілін жетік меңгеріп, бола­шақ ұрпаққа мемлекеттік тілде білім беруді мақсат тұтып, қазақ сыныптарында сабақ беретін өзге ұлттың өкіл­дері де бар. Солардың бірі орыс қызы Лариса Загрекова– қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қазақша таза сөйлегеніне қарап оған «Ларисаны орыс қызы екен деп ойласақ, Мойынқұмның құмында өскен «қазақ» қызы екен ғой» деп қалжыңдайтындар да бар. Сонымен қатар, Жуалы ауданында­ғы №21 Д.Пахомов атындағы орта мекте­бі директорының тәрбие ісі жөнін­дегі орынбасары, украин ұлтының азаматы Тарас Леоненко – қазақ сынып­тарына математика пәнінен сабақ бе­ріп қана қоймай, аудандық және облыс­тық тіл байқауларына қатысып, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге өз үлесін қосып жүрген ұстаз. Бұлардан бөлек, әлеметтік және өндірістік сала қызметкерлерінің ара­сын­да да мемлекеттік тілді жетік мең­ге­ріп, тілді дамыту шараларына бел­се­не қатысатын облыстық тері-вене­рологиялық диспансерінің бас дәрігері Сабыр Мамедахунов мен гидро­метеороло­гия орталығының инже­нер-синоптигі, поляк қызы Гелена Папова және Жамбыл фосфор зауыты­ның аппаратшысы Александр Пягай сияқты азаматтар да «Қазақстан – туған елім, осы елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілін меңгеру – менің азаматтық борышым» деп есептейді. Облыстық «Қазақстан-Тараз» теле­арнасының редакторы, мемлекеттік тілді насихаттау бағытындағы бағдар­ла­малардың жүргізушісі Ирина Ким мен халықтық «Мерей» тобының әншісі, өз қа­лауымен ислам дінін қабылдап, Сергей деген есімін Әли-Сұлтан деп ауыстырған орыс жігіті Сергей Семыкиндерді облыс жұртшылығы жылы қабылдайды. Оған өздерінің әңгімелері де куә болады. Бірде мақалдап сөйлегенде шаңына ілестірмейтін Иринаға «республикалық орыс басылымдарына мақала жазу керек еді, сен жазасың ба?» деп ұсыныс жасағанымда «Менің қазір, тіпті, орыс тілінде мақала жазбақ түгілі, сөйлегенде ті­­лім бұралатын болыпты» деп күлгені бар еді. Ал Сергейді түрлі мәдени шаралар­ға халық әнін орындауға шақырған­да ол шараның сценарийіне міндетті түрде өзін Әли-Сұлтан деп шақыруын сұрап жазғызады. Міне, тілі басқа болса да – тілегі бір, жүзі басқа болса да – жүрегі бір, тарихи Отаны өзге болса да, туған Отаным – Қазақстан дейтін, қазақ тілін – ана тілім деп білетін осындай азаматтарымызды өз тіліне өгейсіп, жатырқап қарайтын бауырларымызға үлгі болса дейміз. Осыдан кейін, «мемлекеттік тілді мең­геруге құлқы жоқ немесе тіпті уақыты жоқ азаматтарды қазақы ауылға жолдамамен жіберу керек пе?» деген ой туады. Расында, тілді өздігінен үйренгендердің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігі ерекше ғой. Ал ауылдағы баладан тілді, ата-әжеден салт-дәстүрді, қазақи ортадан қарапайымдылық пен мейірімділікті үйрететін жолдамамен жіберу арқылы ауылдың әлеуетін көтерсе тиімді болатын сияқты. Расында да, өзгенің өзегін жарып, қы­зы­ғушылығын оятқан қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Қазақ халқында «ынтымақ қайда барасың» десе, бақыт пен берекеге барамын» деген дана сөз бар. Ынтымағы мен бірлігі, татулығы мен достығы жарасқан осындай бақытты күнде туған тіліміздің тұғырын көтеріп, намысын биіктетіп жүрген қандастарымыз бен өзге ұлт өкілдерін келе жатқан достық һәм бірлік күнімен құттықтаймыз. Мөлдір АХМЕТОВА, Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы

3283 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9275

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7356

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5099

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4481

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4445

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4404

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4141

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4134

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы