• Әдебиет
  • 03 Мамыр, 2012

Өмірдің мәні, тіршіліктің сәні

Ана – адамзаттың ардақтысы. Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әйел – өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Отан – Ана, Жер – Ана, Табиғат – Ана секілді ең асыл атаулармен қосарлана айтылуының өзі бұл есімді барынша ұлықтай түседі.  Анаң сені қаршадай кезіңнен түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғыңнан тік тұрғызады. Баланың қиындығынан жалықпайды, керісінше, перзентінің аман-сау өсіп-жетілуін бар жан-тәнімен қалайды. Баланың мойнында, өмірде тартқан тауқыметіне қарай, әкеге қарағанда шешенің ақысы көбірек болады екен. Өйткені, ол баласын «тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп», тоғыз ай көтеріп, қаншама қиындық көреді. Сәбиді дүниеге әкелу барысында жанын пида еткен аналар қаншама?! Аналардың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай-бақуатты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздерінің әл-қуаты кетіп қартайғанда сол баланың қайырын көріп, «мерейіміз өссе екен» деп армандайды. Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада» демекші, бүгінде кейбір жастар анаға қаржылай көмек көрсетуді ғана өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес. Шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын қариялар үйіне тапсыруға дәті барған қатыгездердің өмірде жолы болмайтыны белгілі. Үлкендердің айтқандарынан мысал келтірер болсам, Жаратушымыз өзіне құлдық жасауды және әке-шешелерімізге жақсы қарау­ды бұйырыпты. Сондай-ақ, қартайған шағында оларға зекімей, сыпайы сөйлеу қажеттігі айтылады. Бұл жердегі әрбір сөзге терең мән берсек, ата-ана алдында асқан иманды болуға ғибрат алар едік. Сырт көзге ауыр сияқты көрінетін осы бір міндет – ана шапағатына бөленуге септігін тигізеді. Себебі, «Жаннат ананың аяғының астында» деген ғибрат сөз де көңілге ой тастайды. «Ана – өмір тірегі, бала – оның жүрегі». Күллі әлемде ананың – балаға, баланың – анаға деген махаббаты таусылмаса, айнала құлпырған үстіне құлпыра түсер еді. Мысалы, өте нәзік құрт піскен, ең шырынды жемістермен, ал жас сәбилер ана сүтімен қоректенеді. Сондықтан, бала үшін ана сүтінен, ана құшағынан артық не бар екен?! Қазақ халқының «Ананың құшағы – жылы, күннің шуағы – жылы» деген даналық сөзі жүрегіме жылы тиеді. Біз ертеңгі күні өзіміз де ақ жаулықты ана, арқа сүйер әке болатынымызды ойлауымыз керек. Егер қартайған кезде құрмет көргіміз келсе, әке-шешемізге де солай құрақ ұшып, қызмет етуіміз қажет. Әрі мына жалған дүниеде оларға қамқорлық танытсақ, өміріміз де берекелі болмақ деп ойлаймын. Әлбетте, ана алдындағы қарызды өтеу – аз уақыттың ісі емес. Бибінұр ХАЛМАНОВА, №56 мектеп – лицейінің 11-сынып оқушысы Астана

8838 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6160

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5686

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3427

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2808

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2772

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2749

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2480

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2465

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы