• Қоғам
  • 24 Мамыр, 2012

Әлемдік мәселелерді талқылау алаңы

d0bdd183d180 Астанада апта басы айтулы шарамен бастау алды. Бұлай деуімізге себеп, жаһандық өзгерістер жағдайында Әлемдік экономиканы дамыту әлеуеті мен болашағына арналған V Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастағандығы. 22-24 мамыр күндері аралығында өтіп жатқан айтулы шара барысында 40-тан астам шара ұйымдастырылып, әлемнің 80-ге жуық елдерінен 7 мыңға тарта делегат қатысуда.  Форумдағы ашық пікірталастарда Нобель сыйлығының лауреаттары, мемлекет басқарған тұлғалар, қазіргі және бұрынғы министрлер, сонымен қатар, трансұлттық компаниялар мен бизнес құрылымдардың басшылары өз ойларын ортаға салуда. Үш күнге созылған форумның екінші күнгі салтанатты ашылуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Форумға қатысып жатқан әлемдік деңгейдегі танымал тұлғалар мен мәртебелі меймандарға шақыруымызды қабыл алып, арнайы келгендері үшін алғыс айтқан Елбасы жаһанды жайлап келе жатқан дағдарыстың тұрақты дамуға елеулі қатер төнбей тұрғанда әлемдік экономиканың мәселелерін бірлесіп талқылауымыздың мәні аса маңызды екенін атады. «Қазір дүниежүзінің экономикасы ала­сапыран өзгерістерге толы алмағайып кезеңді бастан өткізіп отыр. Жаһанды жайлап келе жатқан дағдарыс тұрақты дамуға елеулі қатер төндірмей қоймайды. Осындай сәтте біздің әлемдік экономиканың мәселелерін бірлесіп тал­қылауымыздың мәні өте маңызды» деді Нұр­сұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Президент Астана экономикалық форумы қазірдің өзінде саясаткерлер мен ғалым-сарапшылардың жаһандық диалог бөлшегіне айналғанын атады. Сондай-ақ осы форумға қатысып, елімізге ресми сапармен Түркия Премьер-министрі Р.Ер­доғанға ерекше алғыс білдірді. Н.Назарбаев Халықаралық еңбек ұйымының зерттеуінше, әлемде жұмыссыздық деңгейі соңғы ғасырдағы көрсеткіш деңгейінен де асып кеткенін әңгіме арқауына айналдырды. Президент сөзіне қа­рағанда жұмыссыздық Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары көрсеткішке ие. (Басы 1-бетте) «Мысалы, Италияда 8,5 пайыз, Ұлыбритания 8,3 пайыз, Германияда 7 пайыз, Францияда 4 пайыз. Осы аса мәртебелі елдерде 11 миллион жұмыссыз бар екен, оның жартысынан көбі – жастар. Ал басқа Еуропа елдерінде жұ­мыссыздар саны одан да көп көрінеді. «G-Global» идеясы небәрі жарты жылдың ішінде өзінің қажеттігін көрсетті. Осы орайда барлық халықаралық қатынастар жүйесін тоқыраудан алып шығу мәселесінің өзектілігіне тоқталған Мемлекет басшысы, бұл жерде траспорентті әлемдік саясатты қалыптастыру маңызды мін­дет екенін атады. «Оның іргесін бүкіләлемнің және әрбір өңірдің бүгіні мен болашағындағы мемлекетаралық өзара жауапкершіліктің жо­ғары деңгейдегі сенімі қалыптастыруы қажет. Толықтай алғанда «G-Global» идеясы небәрі жарты жылдың ішінде өзінің таңғаларлықтай талап етілетіндігін көрсетті» дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысының пайымынша, қазіргі таңда әлем жұртшылығы одан жаһандық экономиканы шарпыған жүйелі дағдарысты еңсерудің, халықаралық қатынастардың өзекті мәселелеріне қатысты жауапты табу мүмкіндігін байқауда. Мемлекет басшысы, сонымен қоса, экономикалық форум қатысушыларын жаһан­дық дағдарысқа қарсы жоспарды әзірлеу үшін дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияны өткізуге БҰҰ-ға үндеуді қабылдауды шақырды және Еуразиялық экономикалық клубтың ба­засында болжамдардың халықаралық инс­титутын құруды ұсынды. «G-Global» идея­сының басты құрамдауыштарымен саралау мақсатты екендігін атап өткен Елбасы: «Бұл – әлемдік экономика мен валюталық жүйенің реформасы, сонымен қатар ядролық қарусыз әлемді құруға және жаһандық энергиялық-экологиялық да­мудың тұжырымдамасын іске асыруға бай­ланысты, оның ішінде қазақстандық «Жасыл көпір» бастамасы да бар» деді. Өз кезегінде форумда сөз алған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Астана экономикалық форумы заманның ең өзекті мәселелерін қамтитын сындарлы диалог үшін таптырмас алаңға айналғанын атады. «Соңғы бес жылда Астана экономикалық форумы басты экономикалық мәселелерді талқылауда, халықаралық ынтымақтастықты нығайту қадамы бойынша аса маңызды жиынға айналды. Жаһандық қатысушылардың мемлекеттік сектор өкілдері, ғалымдар, бизнес, экономика, мәдениет өкілдерінің басын қоса­тын форум заманымыздың ең өзекті мәселеле­рін қам­титын сындарлы диалог үшін таптырмас алаң болып табылады. Бүгінгі заман – қайта құрылымдаулар мен қатерлер заманы. Бүгінгі әлем айтарлықтай мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Мәселен, климаттың өзгеруі, экономика­лық теңсіздік, жұмыссыздықтың күрт өсуі белең алу­да. Көптеген елдер қолданыстағы тәртіпке үміті мен сенімін жоғалтуда. Халықаралық және ұлттық институттарға сенімсіздіктер де баршылық. Ал қазіргі уақыттағы «ойын тәртібі» барлық қатысушылар үшін теңқұқылықты қамтымауы да мүмкін» дейді БҰҰ Бас хатшысы. Ал Түркия Премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған болса жаһанға ортақ мәселелерді ше­шу­де Астана форумының маңызы зор екенді­гін тіл­ге тиек етті. G-20-мен ынтымақтастық мәселесіне тоқталған ол 2008 жылы Ұйымға мүше елдердің басқосуында шешімдер қа­былданғанын, алайда мұндай шешімнің эко­номикалық дағдарысты еңсеруге септігі сон­шалықты болмағанын сөз етті. Айта кетейік, V Экономикалық форумның алғашқы күні форум шеңберіндегі «Connect Kazakhstan» Еуразиялық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар форумы­мен басталып түрлі пленарлық отырыс­тардың жұмысына ұласты. Мәселен, бірінші күні «Макроэкономикалық саясат, макро­экономи­калық болжам және реттеу құралдары» атты пленарлық сессия барысында Нобель сыйлығының иегері Финн Кидланд ел эко­номикасын дамытудың негізгі екі кілтін атады. «Елдің экономикалық өсуі үшін екі фактор қа­жет – капитал жинау және инновациялық технологияны енгізу» дейді ол. Ол Қазақстан мен Әзірбайжан елдеріндегі мәселелерді біліммен байланыстырады. Ал Қытай экономикасы жай­лы тоқталғанда бұл елдің экономикалық саясатының дәйекті болғанын, бірақ оларда ұзақ мерзімді өсімге үнемі мүмкіндік берілмейтінін атады. Осыдан бірнеше жыл бұрын Кидланд мырзаның шәкірттері жүргізген зерттеулер Қытайдың экономикалық банктік жүйесі көбіне мемлекеттік компаниялармен жұмыс істеуді ұнататын мемлекеттік банктердің мысы басым екенін көрсеткен. Экономикалық форум шеңберінде өтіп жатқан сүбелі шаралардың басында Президент жанындағы шетел инвесторлары кеңесінің отырысын айтуға болады. Қазақстан Президенті жанындағы шетел инвесторлары кеңесі Қазақстанда өз қызметтерін жүзеге асыратын шетел инвесторларымен тікелей сұхбат алаңын қамтамасыз ету үшін, инвестициялық әрекеттерге байланысты туындаған мәселелерді шұғыл шешу жолдарын қарастыру мақсатында Елбасы бастамасымен 1998 жылы құрылған. Жалпы алғанда соңғы жылдары Еуразия кіндігіндегі Елорданың төрінде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Астаналық экономикалық форум жайында әртүрлі жағымды пікірлер қалыптасқаны айқын. Жалпы сарапшылар жылдан-жылға қанатын кеңге жайып келе жатқан Астаналық экономикалық форумының биылғы ауқымын, маңызын да жоғары бағалап отыр. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы Астана

3392 рет

көрсетілді

127

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8784

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7074

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4817

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4203

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4165

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4126

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3857

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3856

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы