• Әдебиет
  • 31 Мамыр, 2012

БАУЫРЛАСТЫҚ БЕЛГІСІ

Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Халықаралық «Диалог Еуразия» платформасының ұйымдастыруымен ақын Нұрлан Оразалиннің түрік тіліндегі «Yanık Yürek» («Қоздағы шоқ») атты жыр жинағының Түркияда жарық көруіне және танымал түрік жазушысы Харун Токактың «Олар таңның атуын күте алмады» атты әңгімелер жинағының Қазақстанда жарық көруіне байланысты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті. Жиынға қазақ әдебиеті мен түрік әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар қатысты. Қазақ оқырмандарына жақсы таныс ақын Н.Оразалиннің «Қоздағы шоқ» кітабын түрік тіліне тәржімалаған «Серпер» сыйлығының иегері, жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев. Ол еліміздің оқырмандарына түрік жазушысы Х.Токактың да кітабын аударып, тарту етті. Екі ел әдебиетінің өзара байланысын жа­қын­дастыра түсу мақсатында жасалып отырған игі шара рухани саламыздағы айшықты жа­ңалықтардың бірі болғаны сөзсіз. Жазушы Қалихан Ысқақ, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұр­жекеұлы, Түркия Жазушылар одағының төр­ағасы, жазушы Ибрахим Ұлви Явуз, ақын Явуз Булент Бакилер, Халықаралық «Диалог Еуразия» Платформасының бас хатшысы Ысмайыл Тас өз ойларын ортаға салып, жарық көріп отырған еңбектердің маңыздылығына тоқталды. Жазушы Нұрғали Ораз түрік жазушысы Х.Токактың кітабы жөнінде баяндама жасады. Кеш барысында авторлар шығармаларынан үзінділер оқылды. Жиын соңында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин бауырлас ел азаматтарының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Дәуіржан Төлебаев

3333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5909

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5543

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3281

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2665

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2626

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2603

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2337

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2320

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы