• Қоғам
  • 31 Мамыр, 2012

ӨНБЕЙТІН ДАУДЫ ӨСПЕЙТІН ЕР ҚУАДЫ

Республикалық «Айқын» газетінің 30 мамыр күнгі номерінде қалың елді елең етткізетін мақала шықты. Әңгіме ел тәуелсіздігінің алтын бесігі Алматы қаласының атауы жөнінде. Газет тілшісінің пікірінше Алматы қаласы әкімінің орынбасары - Алматы қаласының аты Алма-Ата болып қайта өзгеруі мүмкін деген мәлімдеме жасаған. «Әкімнің және менің ойымша, «Алма-Ата» сөзін жазу оңай, жеңіл тасымалданады және құлаққа да жағымды естіледі. Конституцияны дайындағандар ешкімнен сұрамастан қазақша және орысша нұсқасында да «Алматы» деп жазған» деген ойын әкімнің орынбасары ойланбастан айта салды. Жергілікті жұрт «Басқа-басқа, Алма­тының атауында нелері бар?» деп жағасын ұстап отыр. Бұған дейін талай атақты тарихшылардың жазба естеліктерінде, Жетісу жерінен қазып алынған заттай деректерде, сирек қолжазбаларда Алматының тарихы кемінде 2,5 мың жылды қамтитыны дәлелденген-ді. Қала берді, археолог Карл Байпақов Алла Алматының маңдайына мыңжылдықтарды жазғанын дәлелдейтін бетінде «Алматы» деген жазуы бар құнды жәдігер – күміс теңгені тауып алып, Елбасына көрсеткенінде ол да балаша қуанбап па еді. Біз де аяулы қаланың атауына енді тыныштық берер дегенбіз. Бірақ Алматының атын өзгертуге құлшынатындар Елбасының ойымен мүлде санаспайтындай, тіпті бәріміз ардақтайтын Конституцияға бас игісі жоқ. Осылардың азат елдің алғашқы астанасы болған, Алаштың ару қаласы Алматының атын өзгертуге ауық-ауық орала беретіні несі? Бұдан біраз бұрын бірқатар шенеуніктер де «Алматы «Алма-Ата» болып сызықшамен жазылуы тиіс. Өйткені әлемнің әйгілі қалаларының аты сызықшамен жазылады. Мәселен, Нью-Йорк, Сан-Франциско, т.б. ...» деп бүйректен сирақ шығарған-ды. Онда да қазақтілді баспасөз (отандық орыстілді БАҚ-тың көбі сол кезде де, қазір де «Алма-Атаны» қолдайды) тарихшыларды тарта отырып, тағы да Алматының тарихын көз алдарына әкеліп, қыл аяғы сызықшасыз да жазылатын Париж, Лондон, Мәскеу сияқты қалалардың барын айтып, айылдарын жиғызып еді. Ол аздай осыдан 3-4 жыл бұрын «Алматының 150 жылдығын тойлаймыз» деп тулағандарды да көрдік. «Верныйларына» бекініп алғандар талай мыңжылдықтарды басынан өткерген Алматының ғұмырын осылай шорт кеспек те болды. Оларға да «тәйт» деп жүріп тосқауыл қойып едік. Енді, міне, Алматының атауы тағы да дауға айналмақшы! Мұндайды көрген атам қазақ «Өнбейтін дауды өспейтін ер қуады» демеуші ме еді. Тіпті «NUR.kz» секілді сайттар сауалнама жүргізіп, Алматының атауын ашық саудаға салып жібергендей. Мұндайда әдетте мемлекеттік тіл туралы жақ ашпайтын орыстілді БАҚ-тың да жаны кіреді. Бізді қынжылтатыны, басқа емес бұл жолы дауды қала басшыларының бастағаны болып отыр. Шаһардың басқа шаруасы түгесіліп пе еді? Лас ауа, жөндеу күткен жол, көлік кептелісі, сақалды құрылыстар... Тізе берсек, көп. Олай болса аяулы қаламыздың атауы жайында ақылға қонбайтын уәж айтуға кімнің дәті барады? Елбасының өзі Алаштың аяулы қаласына «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» деп зор баға бермеп пе еді. Ендеше көргенді ел жерінің атауын көкпарға салмас болар. Алаштың аяулы қаласының атауын аман сақтайықшы, ағайын! Динара ІЗТІЛЕУ

3444 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8781

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7071

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4815

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4201

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4163

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4124

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3854

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3854

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы