• Қоғам
  • 31 Мамыр, 2012

ОНОМАСТИКА ЖҰМЫСТАРЫНДА АШЫҚТЫҚ КЕРЕК

Қазақстан Республикасының Пре­зи­­денті Н.Назарбаевтың 2008 жылғы тапсырмасына сәйкес рес­публика ау­мағында нысандарға ат қою мен оны өзгерту бойынша ономастикалық жұмыстарды жүр­гізуге уақытша мораторий жарияланған еді. Осы уақыт аралығында аталған салада біраз мәселелер қордаланып қалды.Қазақстан Республикасының Пре­зи­­денті Н.Назарбаевтың 2008 жылғы тапсырмасына сәйкес рес­публика ау­мағында нысандарға ат қою мен оны өзгерту бойынша ономастикалық жұмыстарды жүр­гізуге уақытша мораторий жарияланған еді. Осы уақыт аралығында аталған салада біраз мәселелер қордаланып қалды. Соның ішінде облыстық ономастика ко­мис­сиясының жұмысында атау беру және қайта атау кезінде ашықтық жоқтың салдарынан кейбір объектілерге белгілі және танымал азаматтардың есімдері берілмей қал­ды. Осы секілді жайттар қоғамда пікірталас туғызып отыр. Таяуда ҚР Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнамалық ак­тілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Оны ұйымдастырған – Палатаның Әлеу­меттік-мәдени даму комитеті. Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай баяндама жасады. Алқалы жиында жоғарыда атап өткен мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық базаны же­тіл­діру қажет екендігі айтылды. Осыған орай заң жобасында «Қазақ­стан Республикасының әкім­шілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарға түзетулер енгі­зілу көзделген. Алдымен бірқатар анық­тамаларды біріздендіру керек. Елдегі ономастика мәселелері жөніндегі бас­ты консультациялық-кеңесу органы – Қазақстан Республикасы Үкіметі жа­нын­дағы Рес­пуб­ликалық ономастика комиссия­сы түрлі нормативтік құқықтық акті­лер­де әртүрлі аталған. Екіншіден, ономастикалық жұмыстарды жүргізуде шешім қабылдау барысындағы жауапкершілік сатысын енгізу керек. Заң жобасы арқылы облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қала, астананың объектілеріне (көшелерге, алаңдарға, скверлерге, көпірлерге және қаланың басқа да құрамдас бөліктеріне) атау беру және оның атын өзгертуде Республикалық ономастика комиссиясымен міндетті түрде келісу қажет. Бұдан бө­лек егер аудандар мен облыстық маңы­зы бар қалалар деңгейіндегі ономастикалық жұмыстарды жүргізу барысында мін­детті түрде облыстық ономастика комиссиясымен келісу керек. Бұл түзе­тулер блогы ономастика саласында шешім қабылдау барысындағы ортақ жауапкершілік қағидатын енгізуге бағытталған. Ал үшіншіден, ономастикалық жұ­мыс объектілеріне ат қою және оны өзгерту туралы шешім қабылдау барысында тұрғындардың пікірін ес­керудің тәртібін айқындау ашықтық қағидатына сай болуы керек. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындардың пікі­рімен санасу міндетті болғанымен, егер оны есепке алу тәртібі заң жүзінде жазылмаса, бұл сыбайлас жем­қор­лыққа жол ашпақ. Осы енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар құқықтық олқылық­тар­ды жоюға, ономастикалық жұмыс­тарды жүргізудегі ашықтық пен ортақ жауапкершілікке әкелмек. Армангүл  Баймағанбетова

3170 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8775

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7067

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4811

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4197

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4159

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4120

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3850

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3850

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы