• Қоғам
  • 31 Мамыр, 2012

"ТҮРКІСТАН УӘЛАЯТЫ" ШЫҚҚАН КҮН. Баспасөз мерекесіне айналуы тиіс

Қазақстан Журналистикасы Академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы Сағымбай Қозыбаевтың төмендегі мақаласы республикалық «Казахстанская правда» газетінде (11.05.2012 ж.) және басқа да басылымдарда жарық көрді. Автор мақалада БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі бұдан былай қазақ тілінде алғаш жарық көрген «Түркістан уалаяты» газетінің тұңғыш нөмірі шыққан күнге орай, яғни 10 мамырда аталып өтілу керектігі туралы айтады. Мұны нақты дәлелдермен келтіреді. Біздіңше, бұл ұсыныс өте орынды. Қолдауға тұрарлық. Міне, сондықтан да мақаланы қазақшаға аударып, оқырман қауымға ұсынғанды жөн көрдік. Біз, журналистер, әсіресе, аға буын, белгілі бір консерватизмнен арыла қой­ған жоқпыз. Бірақ ақиқат қымбатыр-ақ. Әңгіме республика БАҚ өкілдері қыз­мет­керлерінің кәсіби мерекесі жайын­да болып отыр. Еске салайын. 1992 жылға дейін Бас­пасөз күні 5 мамырда аталып келді. 1912 жылы К.Маркстің туғанына 94 жыл толуына орай ұзақ уақыт бойы КСРО-ның (СОКП органы) бас газеті болған «Правданың» бірінші нөмірі жарыққа шықты. Радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 7 мамыр болды. Бұл күн КСРО Кеңес халықтары комитетінің 1945 жылдың 2 мамыр күнгі Жарлығымен бекітілді. Мейрам көрнекті орыс физигі және өнертапқышы А.Поповтың кәсіби қызметімен байланыстырылды. Ол 1895 жылдың 25 сәуірінде Орыс физика және химия қоғамдастығы физика бөлімінің Санкт-Петербург университетінде бол­ған тарихи отырысында ақпараттық жүйемен сенімді алмасудың өзі құрастырып шығарған сымсыз ұшқын қабылдағыш радиожүйесін паш етті. Сол радиотаралымның насихат ретіндегі бастауын Ресей екі жылдан кейін КСРО аумағындағы тұрақты радиотаралымның 90 жылдығын мерекелейді. КСРО құлағаннан кейін Радио күні ресми түрде тек Ресейде ғана аталып келеді. Бұл мейрамды Ресей журналистері 13 қаңтарда тойлайды. Бастапқыда ол Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңесі Президиумы тарапынан 1991 жылы 28 желтоқсанда қабылданған болатын, онда­ғы мақсат – алынып тасталған кеңестік Баспасөз күнін (5 мамыр) алмастыру еді. 1992 жылы Ресей журналистикасының кү­ні РФ Президенті Б.Ельциннің Жарлығымен қайта бекітілді. Атаулы күн 1703 жылы 13 қаңтарда Мәскеуде тұңғыш рет жарық көрген «Ведомости о военных и иных делах, достойных знания и памяти» орыс баспасөзі газетінің құрметіне қойылған еді. «Ведомости» І Петрдің Жарлығымен шығарыла бастағаны белгілі. Енді өз елімізге оралайық. 1992 жыл­дың 5 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде КазТАГ белгісімен сол кездегі ҚазМУ-дың журналистика факультетінің деканы, осы жолдар авторының «Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы» – «Первая ласточка казахской печати» атты мақалалары жарияланған еді. Негізі 1997 жылға дейін республика БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 10 мамырда – қазақ тілінде алғаш жарық көрген «Түркістан уәлаяты» газетінің бірінші нөмірі құрметіне (1870 жылдың 28 сәуірі (10 мамыр) аталып өтетін. Мақалалар да осы жайтқа арналып, Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін 10 мамырда атап өту ұсынылған еді.

3543 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8757

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7059

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4803

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4189

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4151

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4112

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3842

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3842

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы