• Қоғам
  • 31 Мамыр, 2012

ДІННІҢ ШАПАҒАТЫ - ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУ

Кеше Астанада Бейбіт­шілік және келісім сарайын­да Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өз жұмысын бас­тады. Әлемдік маңызы зор алқалы жиынға төрткүл дүниенің 40 мемлекетінен 87 делегация келді. Форум қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев съезд қо­нақ­тары – Канаданың бұ­рын­ғы Премьер-министрі Жан Кретьенді және Орыс православие шіркеуінің басшысы, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллді Ақордада қабылдап, съездің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.(Соңы. Басы 1-бетте) Жалпы алқалы жиынға Бүкіләлемдік ислам лигасының президенті Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин ат-Турки, Сауд Арабиясы Королінің өкілі, осы елдің Консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла әл Аш-Шейх, Әл-Әзһар мешітінің бас имамы Шейх Ахмад Мухаммад ат-Тайиб, Бүкіләлемдік лютеран федерациясының бас хатшысы Мартин Юнге және басқа да танымал дін басшылары қатысуда. Әлемдік діни конфессиялардың, мемлекеттер мен үкіметтердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, мәдениетаралық диалогты ілгері жылжыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын ғалымдар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер де съезге қатысып жатыр. Съезд жұмысына Астанаға әлемнің 40 елінен 87 делегация келді. «Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың таңдауы» атты тақырыпта ашылған съездің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев съезд қонақтарына алғысын білдірді. – Бүгінгі күні қазақ даласы жоғары руханилық пен ақ тілекті батаның нұрына толыға түсуде. Біз жоғары мақтанышпен Астанада төртінші мәрте бүкіл әлемнің діндер лидерлерін қарсы алып отырмыз. Соған орай, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне әлемнің қырық елінен келіп отырған сексен жеті қатысушыға шын жүрегімнен алғыс білдіремін» деген Елбасы, осыдан тоғыз жыл бұрын съезд жұмысына он жеті мемлекеттен он жеті делегация қатысқанын еске алды. Ғаламдық дамудың өте күрделі жағдайында диалогқа деген күшті күш-жігер қазіргі заманауи бүкіләлемдік үдеріс­терде таптырмайтын тенденция болып табылады. Сол себепті, төртінші съезд тарих беттеріне адамзаттың XXI ғасырдағы бейбіт мақсаттарының негізі болатын ғаламдық диалогтың маңызды бөлігі ретінде енетініне Президент сенімі мол. Н.Назарбаев әлемдік діндер көшбасшыларының съезі халықаралық диалогтың бірегей құрамдасына айналғанын сөз етті. «Бүгінгі күні біздің форумның жаһандық мәні сандық һәм сапалық жағынан өсіп отырғаны айқын білінеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі халықаралық диалогтың бірегей құрамдасына айналды. Біз БҰҰ, ЮНЕСКО, ИСЕСКО және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар басшылары тарапынан, танымал саясаткерлер мен сарапшылар тарапынан съезге барынша назар аударғандары үшін ризашылық білдіреміз» деді Президент. Елбасы бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделі – бұл біздің еліміздің сәтті дамуының базалық факторы екенін атады. Сонымен қоса, сөз арасында жаһандық толеранттылық пен сенімді нығайту мәселелеріне арналған Интернет ресурсты құруды ұсынды. Мемлекет басшысының пікірінше, бүгінде жаһандық диалогқа тек халықаралық форумдар мен кездесулер арқылы ғана емес, интерактивті байланыстар арқылы әлем бойынша адамдар көптеп қатысатындықтан, Қазақстан ұсынған «G-Global» форматы бұл тұрғыда жаһандық өзара түсіністік пен толеранттылыққа жаңа мүмкіндіктерді ашып отыр. Сондықтан да жаһандық толеранттылық пен сенімді қалыптастыру мен нығайту мәселелеріне арналған Интернет ресурсты құрудың қажеттілігі мол. Ол «G-Global» жалпы электрондық порталының бір бөлігі болуы мүмкін. Соның аясында діни көш­басшылар кеңесінің және біздің съездің хатшылығының интерактивті отырыстарын өткізуді қарастыру маңызды. Аталған жоба арқылы Интернет пайдаланушылардың кең ортасы үшін тұрақты онлайн форумдарды өткізу керек. Қазақстанда кез келген адамның этносына және діни сеніміне қарамастан еліміздің тең құқылы азаматы болып табылатындығын, мемлекет те әрбір азаматтың өзінің дінін, тілін, мәдениетін, этносының салт-дәстүрін сақтауға қамқорлық көрсетіп отырғандығын да баян етті. Біздің қоғамда 20 жылдан астам уақыт бойы рухани ренесанс үдерісі дамып келе жатқаны жайында да әңгіме өрбітті. Өйткені елдегі әрбір діннің, атап айтқанда ислам, христиан, православ, протестант, католик, будизмнің еркіндігінің жоғары құн­дылықтары әрқашанда да қазақстан­дық мемлекет тарапынан қолдау тапты. Жаңа мешіттер мен шіркеулер салынып жатқаны соның бір айғағы. Сосын, Бейбітшілік пен келісім сарайы конусында әрқашан діндер мен мәдениеттер арасындағы өзара түсінікті нығайтуға арналған өзекті мәселелер талқыланып келе жатқанын, үшінші мыңжылдықтың басындағы қиын уақыттарда бұған дейінгі съездердің ізгілікті бастамалары барлық әлемдік қауымдастықпен қолдау тапқанын сөз етті. «Бұндай бастамалардың өзі өркениеттер қақтығысынан әлемнің тұңғиыққа тірелмеуіне айтарлықтай жәрдем жасады. Жаһандық дамудың барынша күрделілігі барысында диалогқа деген қуатты импульс заманауи жалпыәлемдік үдерістерде маңызды сұраныстарға ие болып қала бермек» дейді Мемлекет басшысы. Төр­тінші съездің адамзаттың ХХІ ғасырда­ғы әділдік пен бейбіт тәртіпті қалыптастыруға негізделген жаһандық диалогтағы маңыз­ды бөлігі ретінде тарихқа енетіндігіне сенім білдірді. Елбасы пікірінше, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жанындағы Діни лидерлер кеңесі конфессияаралық диалогты жаңа жоғары деңгейге көтереді. Кеңес құрамына жетекші конфессиялар; ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, зороастризм өкілдері кірген. Мән-маңызы жағынан алсақ, бұл діндер арасындағы өзара әрекеттестіктің көптарапты форматтағы бірінші жұмыс тетігі болып табылады. Кеңесті құру – барша конфессияаралық диалогты жаңа жоғары деңгейге шығарады. «Біріншіден, оның аясында басқа да халықаралық диалогтық құрылымдармен өзара әрекеттестік тетігі жүзеге асады. Екіншіден, осы арқылы уақыт өте келе жаһандық бітімгерлік үшін маңызды құралға айналатын, зор әлеуетке ие жаңа тұрақты орган құрылып отыр» деді ол. Содан кейін, елімізде халықтық бірлік пен ынтымақтастықтың бірегей формуласы әзірленгенін де сөз етті. Қазіргі уақытта мұсылман әлемінде біржақты емес процесс жүруде. Бұл жерде қарқынды экономика да және әлеуметтік саяси-проблемалары жеткілікті елдер де бар. Ислам адамзат баласының мәдени және материалды құндылықтар мұрасының айбарлы әрі өсіп келе жатқан қабаты. Сондықтан, заманауи болашақта жаһандық қоғамдастықты ислам әлемінсіз елестету мүмкін емес. Оның кедергілі кез келген түрлері алысқа апармайды, тіпті қауіпті. «Бұл ретте алып көпқырлы әлемде осы бөлікте орын алып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауымыз қажет, – деген Мемлекет басшысы, – Қазақстан мұсылман халқы басым тұратын ел. Ислам діні біздің халқымыздың рухани тіректерінің бірі. Біз жалпы халықтық бірлік пен ынтымақтастықтың бірегей формуласын әзірледік. Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі бұл Қазақстанның бүкіл әлемге деген қайырымдылық сыйы» деді. Сондай-ақ, қонақтарға қарата сөйлеген сөзінде діндар адамдардың құқы мен еркіндігінің сақталуына жаһандық мониторинг қалып­тастыру маңызды екенін де айтты. Діни лидерлер кеңесінің беделі мен әлеуеті орын алуы мүмкін қақтығыстар жағдайында үндеулер қабылдауға мүмкіндік береді. Дін көшбасшыларының съездері әр уақыттардағы күрделі жаһандық үдерістер ушыққан кезеңінде өткізіліп келгенін де қаперге салды. «Естеріңізде болса, тұңғыш съезд дінді халықаралық терроризм мен экстремизмнің қатерлі мақсаттарына пайдалануға қарсы қақтығыстарға жауап ретінде бас қостырған болатын. Бұның алдындағы үшінші съезд ең қуатты әлемдік жаһандық қаржы дағдарысы шарықтаған кезеңде өтті. Ал қазіргі форумды да біз әлем үшін алмағайыпқа толы өзгерістердің кезінде ұйымдастырып отырмыз. Әлемдік тәртіптің жаһандық трансформациясы басталды. Адамзат жүйелі дағдарыс кезеңін бастан өткеруде. Әлем табалдырығында тұрған жаһандық рецессия көптеген қоғамға ауқымды әлеуметтік жарылыс қаупімен қатер төндіруде» деп, бұл бағытта бірқатар мысалдарды алға тартты. Және келесі жылғы Дін көшбасшылары кеңесіне арнайы Үндеу қабылдауды ұсын­ды. Онда сұхбаттастықтың маңызы мен өзектілігіне, діни рухани көшбасшылардың бітімгершілік рөлін арттыру мәселесіне баса назар аудару қажеттігін еске салды. Елбасы пайымынша, Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу діндер арасындағы ымырасыз айырмашылық пен қарама-қарсы көзқарас туралы тезистің тек қана фантом екендігін дәлелдеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы кеңес алдында тұрған бірқатар практикалық міндеттерді белгілеп берді. Ол жаһандық толеранттылықты қалыптастыру саласында өзге халықаралық диалог құрылымдарымен өзара іс-қимылды орнату. – Діннің шапағаты адамдарды жақсылық пен болашаққа жігерлендіруден тұрады, деген халық даналығы бар. Мен біздің кеңесіміз құрметтеу мен толеранттылықтың лайықты үлгісі және діндер ынтымақтастығының тиімді тетігі болатынына сенемін, – деді сөзінің соңында Мемлекет басшысы және кеңес мүшелеріне жемісті еңбек тіледі. Өз кезегінде сөз алып, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Елбасы Н.Назарбаев пен съезд делегаттары атына жолдаған жолдауын оқып берген, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев, БҰҰ Елбасы Н.Назарбаевтың діндер көшбасшыларының съезін өткізу бастамасын толығымен қолдайтынын атады. «Қазақстан Елордасындағы дәстүрлі саммит маңызы бойынша діндер мен конфессиялар өркениеттері арасындағы ғаламдық диалогтың елеулі ықпалды факторына айналды» деді сөзінде. Ал Канаданың экс-Премьер-министрі Жан Луи Кретьен съезд қонақтарын саяси санаттағыларға көмек көрсетуге шақырды. «Демократиялық қоғамдағы өмірде қоғамды дамытуға өз үлестеріңізді қосыңыздар. Қайда жүрсеңіздер де саяси класқа көмек көрсетіңіздер. Бұл санаттағыларға көмек керек» деген ол, кез келген көзқарастарды қабылдайтындарын, алайда бұл көз­қарастар түсіністікке бағытталып, бауыр­ластыққа жөн сілтеуі қажеттігін атады. Мазхабтарды жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының бас хатшысы Аятолла Мухаммад Әли Тасхири әйелдер рөліне қатысты мәселе қозғады. Бүгінде соғыс және қақтығыс болып жатқан жерлерде әйелдердің басынан көптеген азаптар өтіп, олардың құқықтары тапталып жатқанын сөз етті. Осы тұрғыда әлемдік көшбасшылар мен діндер көшбасшылары міндетті түрде осы мәселені зерттеуі тиістігін қаперге құйды. «Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың таңдауы» айдарымен өтіп жатқан съездің күн тәртібінде бейбітшілік пен келісім мәселелерін талқылауын, бұрынғы өткен съездердің сабақтас жалғасы ретінде қарауға болады. Екі күн бойы әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары «Орнықты дамуға қол жеткізуде дін басшыларының рөлі», «Дін және мультимәдениеттілік», «Дін және әйел: рухани құндылықтар және заманауи қатерлер», «Дін және жастар» тақырыптарындағы секциялық отырыстарда бүгінгі күнгі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыға салып жатыр. Бүгін, 31 мамырда форум қаты­сушылары саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құр­бандарын еске алу күніне орай, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған монументтің ашылуы рәсіміне қатысады, сосын «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық ке­шенін аралайды және саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне ғибадат етеді. Сондай-ақ Астанада «Рухани жарасым» аллеясы ашылады. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы АСТАНА

3260 рет

көрсетілді

35

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8755

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7058

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4802

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4188

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4150

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4111

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3841

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3841

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы