• Әдебиет
  • 08 Маусым, 2012

Өзге тіл үстемдік көрсетпесін

Алматыны «Алма-Ата» деп өзгерткісі келетіндер жайлы естігенімде өткен жылдың қараша айында «Ана тілі» газетінде жарық көрген журналист Қуанбек Боқаевтың «Тіл және демография» атты мақаласы есіме орала береді. Сонда автор әлгіндей келеңсіздіктің қайдан туындап, өрбіп жатқанын кеңінен түсіндірген еді. «Жалпы, халқымыздың өсіп-өркендеуіне аса зор ықпал ететін қазақ тілінің билікке келуіне, қазақтың салт-дәстүрі мен дінін ұстануға, қазақтың жаппай баспаналы болуына, шет жұрттағы қазақтардың жаппай атамекенге оралуына қарсылықтың түп-тамыры қайда жатыр? Әрине, еліміздің қазақ тілімен өмір сүруіне қарсы – орысшылдықта, батысшылдықта! Мұндай зиянды әрекеттерге қарсы күреспей, жаһанданудың ығында кетіп, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді мансұқ ететін болсақ, болашақта да қазына-байлығымыздың қызығын жатжұрттықтар көруінен арыла алмаймыз. Сөйтіп, ұлтымыз өспей, өркендемей, жатжұрттардың талауына түсе бермек» деген пікіріне көптеген дәлелдер келтіріпті автор. Жалпы билікте қазақша білмейтіндер мен соларға жағымсынып ұлтымыздың мүддесін түсінгісі келмей, халқымыздың талап-тілегін ескермейтіндер еркінсіп алды. Мұның басты себебі билік орындарында отырғандардың көпшілігі мемлекеттік тілді білмейтіндер, білгісі келмейтіндер, сондай-ақ қазақша білсе де қазақ тілін менсінгісі келмей, жұрт алдында үнемі орысша сайрауға бейім шенеуніктер аз болмай отырғандығынан деуге болады. Сондықтан мұндай келеңсіздікті жою үшін билік бірыңғай мемлекеттік тілде қызмет атқаруы тиіс емес пе? Тіпті, бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев арнайы Жарлық шығарып, 2010 жылға дейін барлық облыстар мен жоғары билік органдары мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшіп-бітуі тиіс екенін тайға таңба басқандай көрсетіп берген болатын. Алайда билік орындары әлі күнге дейін қазақшаға бүтіндей мойын бұрмай келе жатқаны таңдандырады. Әрине, толық қазақша қызмет етуге көшу үшін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін мемлекеттік тілді меңгергендерден жасақтау қажет екенін түсіну қиын болмаса керек. Мұнан 20 жыл бұрын қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алған кезде әлдебіреулердің: «Қазақшаға көшуді балабақшадан бастау керек» деген ұсынысын күні бүгінге дейін қайталап, мемлекеттік тілдің қолданысқа енуіне ықпалы тиетін билік басындағы азын-аулақ кісілердің өзін адастырып қана қоймай, сонымен қатар қарапайым халықтың да төзімін тауысып келе жатқанын өкінішпен еске аласың. Ал мемлекеттік тілден мақұрым кейбір қазақ шенеуніктерінің теледидар арқылы бір-бірімен орыс тілінде сұхбат жүргізіп отырғандарын көргенде әлі күнге дейін біздерде мемлекеттік тілді менсінбейтін қазақтардың желі оңынан туып, тойынып жүргеніне қынжыласың. Сондықтан да журналистің: «...қазіргі билік орындары қазақша білмейтіндерден толық тазартылмайынша тіл төңірегіндегі даудың бітпейтіні сөзсіз...» деген пікіріне мен «мемлекеттік тілді білсе де құрмет тұтпайтын, ұлтының ар-намысын аяқасты етіп жүрген шенеуніктерді мемлекеттік органдардан аластау шараларын батыл жүргізетін уақыт жетті» деген пікірлерімді қосар едім. Өзге тілдің үстемдігінен құтылмасақ мемлекеттің тұтастығына қатер төндіретін түріміз бар. Лейла МЕКЕБАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты

2520 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6755

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5990

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3729

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3118

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3073

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3051

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2780

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2765

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы