• Тұлға
  • 02 Тамыз, 2012

Ұлт басылымдарының жанашыры

Ақтөбе облысында 1997 жылы Мұғалжар және Октябрь аудандары біріктіріліп, Мұғалжар деген атаумен қайта құрылды. Орталығы – тоғыз жолдың торабында орналасқан Қандыағаш қаласы. Аудан аумағы 27 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Халқының саны жетпіс мыңға жуық. Үш қаланы (Қандыағаш, Ембі, Жем), 12 селолық округті қамтитын өңірде теміржол көлігі, мұнай-газ өндіру және өңдеу, қиыршық тас шығару кәсіпорындары, ауыл­шаруашылығы құрылымдары шоғырланған. Аудан әкімінің орынбасары Жангелді Құрмашев әлеуметтік сала қызметіне тікелей жауап береді және облыста Ақтөбе қаласы мен аудандарда өз әріптестері арасында еңбек өтілі жағынан ең байырғысы. Бүгінгі әңгіме осы азамат жайында.

1986 жылғы жаз айларының бірі. Шал­қар ауданының Шахты орта мектебінде директордың орынбасары болып жүрген Жангелді кешкі шай дастарқанында шұғыл шешімін айтты: – Әкемізді ақ жауып арулап, атамекенде­гі қорымға қойдық, жылдық садақасын бер­дік. Аруақ риза шығар. Енді мына жұмысым­ды тапсырып, Ембі қаласына көшеміз. Ауыл-үйге сүйкімді анасы Қоңыр ба­ла­сының дидарына таңырқай қарады. Әңгімесін орнықты жеткізіп отыр. «Жарықтық әкесі өз ойынан қайт­пайтын. Шіркін, аусайшы...» деді іштей. Сол кезеңде Мұғалжар деп аталатын аудан орталығындағы ағайын жаңадан көшіп келгендерді жатырқаған жоқ. Аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі Алтын Ысқақов жас маман жігерін аңғара білді ме, ойланбастан бөлім аппаратына әдіскер қызметіне қабылдады. Көп ұзамай әдіскерлік кабинетінің меңгерушісі, сәлден кейін мектеп директоры болды. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Бердіғали Әйтпенбетов Құрмашовты сырттай қадағалап жүреді екен. Еліміздің егемендігі жарияланған соң әкімдік басқару институты қалыптастырылғанда аудан әкімдігіне тағайындалған Әйтпенбетов Жангелдіні өзіне орынбасарлыққа шақырды. Осылайша азамат ғұмырында өрлеу сатысы бас­талды. Жиырма жыл бойына бір орында отырып, қазіргі басшы Серік Шаңғұтовты қоса есептегенде жеті әкімнің қол астында жұмыс істеген екен: жоғарыда сөз болған Бердіғали Әйтпенбетов, Павел Хохлов, Арынғазы Беркінбаев, Оңдасын Оразалин, Нұрлан Сейіткамалов, Елкей Әубәкіров. Әрқайсысы өзінің қабілет-қарымымен аудан экономикасын нығайтып, мәдениетін жақсартуға айтарлықтай еңбек сіңірді. Біздің кейіпкеріміз болса өзіне тікелей басшылық жасаған осы азаматтардан көп жайды үйренгенін айтудан жалыққан емес, теріс пікір білдіруді жаны сүймейді. Бұрынғы екі ауданның біріктірілуі нәтижесінде аумағы кеңейген өңірде өнер­кәсіп саласында биылғы алты айда 270,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, ауыл шаруа­шылығында жаңадан 8 шаруа қожа­лығы ашылды. Тұрғын үй бағдарламасы бойынша жалға берілетін және коммуналдық тұрғын үйлерді салуға республикалық бюджеттен 49 миллион теңге, ал облыстық бюджеттен 1 миллиард 225 миллион теңге бөлінді. Аудандағы жалпы білім беретін қырық жеті мектепте 10182 оқушы оқиды. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысынан облыс бойынша үшінші орын алу – ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегіне айғақ. Денсаулық сақтау саласында жоғары білімді 52 дәрігер мен орта буынды 120 медициналық маман қызмет атқаруда. Өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоятын, сөзге шешен, ісіне бекем, шежіреге жүйрік Құрмашевті журналистер қауымы әр кез құрметтеп жүргені. Аудан ұлттық баспасөздің таралымы жөнінен облыс бойынша алдыңғы қатарда. Жыл басында 1017 дана «Егемен Қазақстан», 3274 дана облыстық «Ақтөбе», 1187 дана «Ана тілі», 365 дана «Айқын», 313 дана «Дала мен қала» газеттерінің таратылуы – Жангелді мен оның қызметтес серіктері еңбегінің жемісі. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуде тұрғылықты қазақ ұлтымен бірге орыстар, украиндар, татарлар, немістер, молдавандар және басқа ұлт өкілдері қоныстанып, тату тірлік кешіп келе жатқан Мұғалжардың мәртебесі биік болып келеді. Аудан әкімдігі бұл ретте облыстық тілдерді дамыту басқармасымен байланысын үзген емес. Бірнеше медальдармен, Алғыс хаттармен марапатталған кейіпкеріміз өзінің 60 жасына зайыбы Базаргүлмен бірге қыз ұзатып, келін түсірген, бал күлкілі немерелер сүйген ата-әже ретінде жетіп отыр. Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ, журналист

3514 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6899

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6056

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3796

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3183

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3143

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3117

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2845

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2832

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы