• Әдебиет
  • 05 Қыркүйек, 2012

«24 KZ» телеарнасы тәулік бойы хабар таратады

Енді еліміз тәулік бойы отандық және әлем жаңалықтарынан үздіксіз құлақтанып отырады. Бұлай деуімізге себеп, тамыздың 31-інен қыркүйектің 1-іне қараған түні Астанадағы «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің негізінде тәулік бойы жаңалықтар тарататын «24 KZ» телеарнасы ресми түрде іске қосылды.  Телеарнаның ашылуы Астана қаласын­дағы «Қазмедиа орталығы» телерадио кешенінде өтті. Жиналғандар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед құттықтау сөз сөйледі: – Бүгін Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын жаңа жоба – тәулік бойын­ша ақпарат тарататын «24 KZ» телеарнасы өз жұмысын бастайды. Бұл әлемдік медиа қауымдастығындағы ең танымал телеарналарда бар үрдіс. Жаңа ақпарат арнасы еліміз бен дүниежүзінің әр тарапында дәл бүгін, дәл осы сағатта, тіпті дәл қазір болған оқиғалар туралы ең жедел, ең анық, ең сенімді ақпараттар тарататын болады. Оны әрбір телекөрермен өз ыңғайына қарап, тәуліктің кез келген уақытында көре алады. Мемлекеттік хатшы жаңа телеарнаның ғаламтор жүйесінде өз веб-сайты болатынын айтты. Жылдың соңына дейін оның басына медиа-контент пен конвергентті журналистикаға қойылатын осы заманғы талаптар түгел ескертілген жаңа интернет-портал енгізіледі. Онда орнатылған online-трансляция кез келген қалта телефоны қондырғысымен немесе әуесқой камерамен түсірілген сюжетті жазып алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, осы түсірілімдер телеарнаның айнасы ғана болып қоймайды, сонымен бірге, маңызды ақпараттарды көрермен назарына шұғыл ұсынып тұрудың қайнар көзіне айналады. Біле білсек, мұның өзі де бізде бұрын болмаған жаңалық. Осындай артықшылықтарына байланысты телеарнаның еліміздегі ең танымал, ең халықтық телевидение болуға толық мүмкіндігі бар. – Мен енді бірнеше минуттан кейін өз жұмысын бастайтын жаңа арнаға мынау қайырлы түнде жақсы жаңалықтар мен игіліктер тілеймін, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед сөзінің соңында. Жаңа телеарна ашылар алдында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай медиаорталықтың аппараттық-студиялық кешендерін аралап, телеарнаның белсенді жұмысқа дайындығына баға берді. – Бұл бүкіл қазақ халқына деген, біздің қазақ телевидениесіне, қазақ бұқаралық ақпарат құралдарына деген қамқорлық. Сол қамқорлықты біз іс жүзінде дәлелдеуіміз керек. Сол қамқорлықты біз бүкіл қазақ көрермендеріне көрсете білуіміз керек, – деді министр телеарна ұжымымен жүздесу барысында. Және Дархан бұл шын мәнінде Орта Азиядағы теңдесі жоқ телеарна екенін сөзіне арқау етті. Оның дәлелі ретінде медиаорталықтың ашылуын атады. – Бұл медиаорталық сол идеяларды, жалпы жаңғырту мәселелерін жүзеге асыруға үлкен жәрдемін тигізеді ғой деп ойлаймын. Бізден ол үшін еңбек керек, кәсіби шеберлік керек. Сонда ғана біз Елбасының айтқан тапсырмаларын өз деңгейінде орындай аламыз. Сіздердің барлықтарыңызға табыс тілейміз, – деп телеарнаға сәттілік тіледі. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін телеарнаның сапасы да жаңа технологияға сәйкес болады. Ол тек қана НD форматта жұмыс істейді. Осы орайда Қазақстанның ақпараттық нарығы 24 сағаттық телеарнаға қаншалықты мұқтаж дегенге келсек, Мәдениет және ақпарат министрі ол жайында былай деді: – Біз өзге елдерден артта қалмауымыз керек. Бұл телеарна халықты тек еліміздің ақпараттарымен хабардар етіп қана қоймай, әлемдік жаңалықтарды да көрермен назарына ұсынады. Өйткені қазір сондай кезең. Сондықтан бұл арнадан біз шынайылықты, жылдамдық пен эксклюзивті болуды талап етеміз. Осында жұмыс істейтін жас, болашағы зор, бойында күш-қайраты қайнап тұрған мамандардың арқасында бұл мақсатқа жетеміз. Сонымен «24 KZ» телеарнасының мақсат-міндеті қандай? Тарқатып айтсақ, бұл елімізде тәулік бойы хабар тарататын тұңғыш жаңалықтар арнасы. Ол әлемде болып жатқан оқиғалар туралы көрерменге ауқымды ақпарат береді. «24 KZ» НD-сапасындағы бейнесі бар кең форматты хабар тарататын (16х9) алғашқы отандық телеарна. Бұл еліміздің телевизия дамуының жаңа кезеңінің басталғандығын білдіреді. «Теларнаның техникалық жарақтандырылуы әлемдік медиа-холдингтерден қалыспайды» дейді телевизия саласының сарапшылары. Айта кетейік, «24 KZ» «Хабар» агенттігі АҚ-ның құрамына кіреді. Ақпараттық арнаның эфирлік саясаты «Әрбір жарты сағат сайын жаңалықтар» қағидасы негізінде қалыптасқан. Ал сол аралықтағы эфирлік уақыт тақырыптық бағдарламаларға бөлінген. «24 KZ» арнасының басшысы Александр Аксютицтің сөзіне қарағанда арнаның басты ерекшелігі – бұл жеделдік пен бейтараптық. – Бұл телевизиялық ақпараттық агенттіктің форматы. Оны жарты сағат бойы көрген адам Қазақстанда және шетелде бүгін болған барлық негізгі оқиғалар туралы ақпаратқа ие болады, – деді ол. Енді бұл арнаны «Otau TV» ұлттық спутниктік желісі мен кабельдік желілер арқылы көруге болатынын айта кетейік. Телеарнаның www.24.kz. сайтының бета-нұсқасы негізінде жылдың соңына дейін жаңа интернет-портал әзірленеді. Олай болса телевизиялық ақпарат айдынында өмірге келген «24 KZ» телеарнасының ұжымына сәттілік тілейміз. Бейбітгүл Исаева

3670 рет

көрсетілді

36

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9123

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7267

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5007

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4391

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4355

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4316

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4050

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4042

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы