• Руханият
  • 23 Қараша, 2012

Үкімет ел үмітін үкіледі. Үкімет басшысы Серік Ахметов Үкімет отырыстарын мемлекеттік тілде өткізу жөнінде шешім қабылдады

Үкімет басшысы оң қадам жасады. Серік Ахметов Үкіметтің отырыстары мен алқалы жиын­дарын бұдан былай мемлекеттік тілде өткізу жөнінде шешім қабылдады. Жақсы жаңалықтың айғағындай, сейсенбідегі Үкімет отырысы басынан аяғына дейін қазақ тілінде өтті. Қазақша сөйлеуге қиналады дейтін Қаржы министрі Болат Жәмішевтің өзі Парламенттің «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің» жаңа нұсқасын қабылдауына орай Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысына өзгертулер мен толықтыру­лар енгізетін жаңа қаулының жобасына байланысты баяндамасын толықтай мемлекеттік тілде жасап шықты. Жиын барысында ілеспе аударма пайдаланылды. Орыстілді журналистер баяндамалардың орысша нұсқасымен қамтамасыз етілді. Иә, сәт! Ел үшін маңызды жарқын жаңалықтың баянды болғанын тілейік.

3439 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы