• Руханият
  • 29 Қараша, 2012

«Жұлдыз» – әдебиет айнасы

Астанада 22-23 қараша күндері ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Еуразия Жазушылар одағы және «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының 5-ші конгреcі өтті. Елорда төрінде өткізілген шара «Жұлдыз» журналының 90 жылдығына арналды.  

«Жұлдыз» атты журнал үш халықта бар екен. Оның өзі бір байланысты көрсетіп береді деп ойлаймыз. Жалпы біздің әдеби журналдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Барлық жаңа ашылып жатқан және тарихы бар журналдардың барлығына мемлекет тапсырыс арқылы жыл сайын арнайы қаражат бөліп келеді. Басқа елдерде де осындай үлкен қолдаулар көрсетіліп жатыр деп есептеймін» деді өз сөзінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Қуат Бораш. Қазақстан Республикасының Мәде­ниет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай «Жұлдыз» журналының мерейтойымен арнайы құттықтады: «Жұлдыз» журналының тарихы қазақ руханиятының тарихы іспеттес. Әр халықтың өзінің рухын көтеретін және әдеби мұрасын насихаттайтын әдеби басылымы болатын болса, бүгінгі 90 жылдық мерейтойы аталып өтіп отырған «Жұлдыздың» біздің әдебиетіміздің тарихында алатын орны ерекше. Жұлдыз ұғымы түркі жұртының бәріне ортақ. Ол аспан көгінде басқаларға нұрын шашып тұрады. Журнал осы қасиетті парыздың төрінен көріне біліп, әдебиетсүйер қауымға нұрын шашып келеді» деді. Қазір елімізде бірнеше рухани, әдеби журналдар көбейіп келеді. Дегенмен, «Жұлдыздың» орны бөлек екенін тілге тиек етті. Басылымның атқарып жатқан істері туралы айтты. «Елбасымыз баспасөз құралдарына, соның ішінде әдеби, мәдени журналдарға басымдық беріп, оларға барлық жағынан көмектесу керектігі жөнінде тапсырмалар берген. Министрлік «Жаңа заман әдебиеті» атты тақырыптық бағдарламаны қолға алып, биыл 380 аталыммен 400-ден аса кітап шығарды. Осының негізгілерін «Жұлдыз» журналында қанаттанған, бата алған авторлардың еңбегі құрап отыр» деп атап көрсетті. Әр жылдарда «Жұлдызды» басқарған Шерхана Мұртаза, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Темірхан Медетбек сынды жазушыларымыз әлі күнге дейін журналдан қол үзбегенін атады. Қырғыз жазушысы Омар Сұлтанов «Жұлдыз» журналын мерейтойымен құттықтап, «Нарықтық заманда оқырманына әдеби шығарма ұсынып отырған «Жұлдыз» журналының бағы бар екен. Осындай әдеби-мәдени бірлестіктерге қамқорлық жасап отырған Қазақстан Президентіне ризашылығымыз шексіз» дей келіп, «Астана» атты өлеңін оқып берді. Басқосуда бауырлас ел өкілдері мен Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин, Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан және тағы басқалар «Жұлдыз» журналын мерейтойымен құттық­тады. Қазақ әдебиетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген белгілі қаламгерлер Шерхан Мұртаза, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Мұхтар Мағауин, Герольд Бельгер ТҮРКСОЙ ха­лық­ара­лық ұйымының «Түрік дүниесіне еңбегі сіңгені үшін» алтын медаліне ие болды. Белгілі ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің басшылығымен жарық көріп отырған «Жұлдыз» журналы болашақта да әдебиет сүйер қауымның сүйікті басылымына айнала берері хақ. Бейбітгүл Исаева

6729 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы