• Әдебиет
  • 22 Желтоқсан, 2012

Мемлекеттік тілді оқыту курстарына жаңаша көзқарас керек

«Тіл туралы» Заңның бекітілгеніне бірнеше жылдың жүзі болса да, біз әлі мемлекеттік тіліміздің мәртебесін тиісті деңгейге көтере алмай, қауқарсыздық танытып келеміз. Оған кім кінәлі?  Елбасы мемлекеттік тілді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 2020 жылға дейін елімізде көп ұлтты халықтың 95 пайызы мемлекеттік тілді білуі керек деген маңызды міндет қойды. Осыған байланыс­ты ресми ісқағаздар ғана «ресми түрде» мемлекеттік тілге көшірілмей, алдымен мемлекеттік қызметшілер қазақ тілінде сауатты сөйлеп, жаза білулері тиіс. Бұл ретте барлық мекемелерде ашылып жатқан қазақ тілін үйрету курстарының атқаратын қызметі орасан зор. Бірақ осы курстардың бұл күнде жай-күйлері қандай? Осы туралы ойланып көрейікші. Мемлекеттік тілді оқып-үйретудегі бірінші мәселе – тізімде көрсетілген мемле­кеттік қызметкерлердің сабаққа қатысуы. Кейбір мемлекеттік қызмет­керлер тілді үйренуге ынта танытып жатса, ал кейбіреулер үйренгісі келмейді, сабаққа қатыспайды. Мұндай адамдар әдетте өзінің негізгі жұмысын сылтау қылады. «Жұмысым көп болды, сол себептен келе алмадым» деп ақталады. Жұмыстағы адамға жұмысыңды тастап, қайтсеңде сабаққа кел деп айтуға қазақ тілі мұғалімінің құқығы бар ма, жоқ па? Міне, осы мәселені анықтап алу қажет. Ал негізінде қазақ тілі курсы мұғалімінің бірінші басшыдан осындай мемлекеттік тілді менсінбейтін, үйренгісі келмейтін адамдарға шара қолдануды талап етуге құзыреті болу керек, мысалы, сыйақысын алып тастау, сөгіс жариялау, т.б. Тағы бір айта кетерлік жайт, қазақ тіліне деген қажеттіліктің болуы. Мысалы, халыққа қызмет көрсету саласында, медицинада, саудада, т.б. жерлерде тек қана мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасалса, өзге ұлт өкілдері тіл үйренуге ұмтылар еді. Екінші мәселе, мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай бағдарламасы жоқ. Меніңше әр мамандық бойынша бірыңғай бағдарлама жасау керек. Мысалы, мемлекеттік тілді үйрету, қолдану аясын кеңейту бойынша медицина, байланыс, заң, экономика, қаржы қызметкерлері және т.б. мамандыққа арналған ортақ бір бағдарлама қажет. Сонда ол сол мамандық иесінің жұмыс барысында қазақ тілін қолдану аясын кеңейтер еді. Ал қазіргі жағдайда, әркім өз білгенімен бағдарлама жасап, сол бойынша оқытады. Үшіншіден, оқыту бастауыш топ, жалғастырушы топ, қорытынды топ деп 3 топқа бөліп оқытылғанымен, осы үш топқа арналған оқулықтар өте аз және белгілі бір жүйелілік жоқ. Мысалы, етістікті оқытқанда, етістік туралы, оның өткен шағы, осы шағы, келер шағын бірінен соң бірін кезегімен оқытса түсініктірек болар еді. Ал кейбір оқулықтарда кітаптың бас жағында етістіктің өткен шағы, бірнеше сабақ өтіп кеткеннен соң, ортасына келгенде осы шағы, ал соңында келер шағы берілген. Дәл осындай жағдай септік жалғауларында да кездеседі. Жеті септік кезегімен оқытылмайды, араларына басқа тақырып қосылып кетеді. Бұл оқыту жүйесіне көп қиындықтар әкеледі. Мәселен, бір оқулықта әр сабаққа оқытып-үйрету үшін 2-3 тақырып берілген. Ал қазақ тілін үйренуді жаңадан бастаған адамға бір күнде 2-3 тақырыпты меңгеру өте қиынға соғады. Оларға бір тақырыптың өзін 2 сабақ оқыту керек. 1-ші сабақта түсіндіру, сол тақырып бойынша көптеген мысалдар келтіріп, сөздіктерді пайдаланып жаттығулар орындату, үйге тапсырма беру, 2-ші сабақта үй тапсырмасын сұрау, түсінбеген жерлерін қайта түсіндіру, өздеріне мысал келтіріп, сол тақырып бойынша сөйлету. Сол кезде ғана олар тақырыпты жете меңгереді. Өз тілі емес, басқа тіл болған соң, мемлекеттік қызметкерлердің бәрі тек жастардан ғана құралмайтынын, сондықтан да бүгінгі өткен тақырыпты келесі сабақта ұмытып қалатынын ескерсек, міндетті түрде екінші сабақты бірінші сабақтың жалғасы, сол сабақты бекіту түрінде өту керек. Сол кезде ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Әр мамандыққа байланысты ортақ бағдарлама жасағанда осы мәселені ескерген жөн. Қорыта айтқанда, Елбасымыздың «Әр мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді білу қажет», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген қанатты сөзін әр азамат, әр мекеме, әр ұйым басты мақсатқа айналдырғанда ғана біз мемлекеттік тілімізді барша халықты біріктіретін тілге айналдыра аламыз. Бұл ретте мемлекеттік тілді үйрететін курстардың атқаратын рөлі орасан зор. Сондықтан оларға қолдау көрсетіліп, әдістемелік оқулықтарды көптеп шығарып, баспасөз беттерінде осындай курстардың озық тәжірибелері жарияланып тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Марита Жансерікова АЛМАТЫ

3231 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8974

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7175

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4916

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4301

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4266

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4225

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3956

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3955

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы