• Мәдениет
  • 17 Сәуір, 2009

Студенттер “Домбырамен” сырласты

Өткен сенбі күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына орай өткізілетін шаралар аясында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлімен дайындық факультетінің ұстаздары, студенттері арасында кездесу болып өтті. Кеште ақынның “Домбыра” кітабының әр пернесін “басып көрген” студенттер ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Кездесу кешіне жан-жақтан жиналған студенттер мен оқытушылар және басқа да өлеңсүйер қауым сөз шебері Қадыр Мырза Әлінің ұлағатты лекциясын тыңдады. Білімнің қара шаңырағы ұлттық университетпен құрдас Қадыр Мырза Әлі өзі бір кездері білім алып, ұстаздық еткен университеті жайлы толғана, тебірене сөйледі. Танымдық, тәрбиелік мәні зор бұл кездесудің соңында жас талапкер ақын-студенттер өз өлеңдерін оқыды. А.ЖЫЛГЕЛДИЕВА

2545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы