• Әдебиет
  • 24 Қаңтар, 2013

Жақсы адам кешірімшіл

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Профилактикалық медицина академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Алдашұлы әрі ғалым әрі ұстаз, көпшілікке танымал азамат. Оның «Парасат», «Ұлағат», «Сыр тартсам жүрегімнің түкпірінен», «Ғибрат» секілді басқа да әдеби саладағы еңбектері жарық көрді. Төменде А. Алдашұлының бірқатар ой-толғамдарын оқырман назарына ұсынып отырмыз. Сөз – ойдың айнасы. *** Ақылды сөз айттық дегеніміз – бұрынғыдан қалған даналық ойларды қазіргі ұғымға сәйкестеп қайталағанымыз. *** Уайымды еңбек жеңілдетеді. *** Өсекшінің өсегін өршітсең, өзің де өсекшіге айналасың. *** Жығылғанға жұдырық жығылғанынан да ауыр. *** Ел мүддесіне арналған биік мақсатқа жету үшін қолданған қарекеттің бәрі де адал. *** Басқаны жеңуден өзіңді жеңу қиын. *** Басқаға кешірімді болсаң да өзіңе кешірімсіз бол. *** Жақсыны елемесе – өшеді, Жаманды елемесе – өршиді. *** Имандық азайғанда, заң көбейеді, Парасаттық азайғанда, пара көбейеді. *** Жүректің талғамы ақылға көнбейді. *** Не үшін ұрысқанын білмегендер ұзақ ұрысады. *** Өзіңе өзің кедергі болсаң, тағдырыңа ренжіме. *** Көреалмаушылықтың әсерінен ақыл да ештеңені көре алмай адасады. *** Өш ала алмаған өсекке үйір. *** Жеккөрген адамыңа жалынышты болудан асқан қорлық жоқ. *** Сені биікке жақсы да, жаман да көтеруі мүмкін. Жақсы міндетсінбейді, жаман мойныңнан түспейді. *** Өсекке көңіл бөлмесең өшеді, көңіл бөлсең өседі. *** Ел сыйлаған даналарды сыйла, Дана болар-ау деп балаларды сыйла. *** Адамның парасаттылық деңгейі басына іс түскенде және ашу үстінде анық байқалады. *** Жақыннан таудың бөлігін көресің, алыстан биігін көресің. *** Тау биіктігі алыстаған сайын, ұлы адамның ұлылығы жыл өткен сайын айқындала түседі. *** Жақсы адам кек сақтамайды, бірақ жамандықты ақтамайды. *** Ақыл мен имандылық қосылса ғана парасаттылық пайда болады. *** Жақсы адам кешірімшіл, Жаман адам кекшіл. *** Адамгершілік қасиеттердің ең биік шыңында қайырымдылық тұрады. *** Тек халқы мүддесі үшін өмір сүрген ел басқарушыны көсем дейді. Әрі мәнді әрі нәрлі сөйлейтінді шешен дейді. *** Ақылдылар аз емес, ақылын іске асыра алатындар аз. *** Мол ақылын пайдаға асыра алмаған адам оқылмаған кітаптай. Ал оқылмаған кітап – құр қағаз, оқылып, пайдаға асқаны – асыл тас. *** Көңілді болсаң, маңайыңды жақсартасың. Көңілсіз болсаң, өзіңді өзің қартайтасың. *** Аңдамай қылған жамандық, шалалықтың белгісі. Біле тұра қылған жамандық, зұлымдықтың белгісі. *** Жаман жамандыққа бармаса, айыбынан қорқып бармайды, Жақсы жамандыққа бармай, жақсылықты қорғайды. *** Пәтуәсіз көп сөйлеген мылжың, Тұрақсыз тез сөйлеген – шыбжың. *** Сенің сырыңа қанығып, өз сырын жасырғаннан сақтан! *** Зұлымдықты кешіруге болғанмен, ұмытуға болмайды. *** Ешкімді сүймегеннен түңіл. *** Ешкімге жанашырлық жасамағаннан түңіл. *** Ұнамсыз қасиеттердің ішіндегі ең бір жиіркеніштілері – көреалмаушылық пен іштарлық. *** Ешбір кемшіліксіз адам болмайды. Кемшілігіне мән бере берсең, досыңнан айырыласың. *** Достық та, махаббат та өсіп тұрған гүл сияқты – күтімі жақсы болса, гүлдене түседі. *** Өмір ұзақтығы жылмен емес, есте қалар іспен өлшенеді. *** Жастықта жақсы өмір тіле, Қартайғанда жақсы өлім тіле. *** Өмірде із қалдырған, пайдалы іс тындырған өлімнен қорықпайды. *** Әдемі сөз асыл ойды жарқырата түседі. *** Ұлы адам кіші адаммен теңдесіндей сөйлейді. *** Өтсе егер өмірің мерекесіз, Жиған-терген дүниең берекесіз. *** Ақылы қысқаның көбінесе тілі ұзын болады. *** Қанағатсыз бай – бай емес, Қанағатты кедей – кедей емес. *** Айтқаның елге тарасын десең біреудің құлағына құпия түрде сыбырлай қойсаң-ақ жетеді. *** Елін шын жақсы көріп, қамқоршы болған басшыны ғана елі шын жақсы көреді.

3944 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9488

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7512

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5257

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4637

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4600

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4558

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4295

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4289

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы