• Әдебиет
  • 14 Ақпан, 2013

Кете Жүсіп. Адамдық пен надандық

Дүниеге кімдер келіп, кім кетпеген, Табиғат – түбі терең қол жетпеген. Өтерін өмірінің біле тұрып, Маңдайын пенде бар ма терлетпеген? Базбіреу көп ақылға ие болып, Жұмысын ешбір жанға жөндетпеген. Базбіреу мал базарын мақсат етіп, Ауруын ауамдықтың1 емдетпеген. Ақылдың ауырлығы қорғасындай, Көңілді бұзық іске өрлетпеген. Тынық бол тыпыршымай, есің болса, Қаңтардың шуағындай желдетпеген. Лұқпандай мың жыл өмір сүрсе-дағы, Ақыры өлім кімді еңіретпеген.   Өмір сырлары Көңілім – гүл, өмірім – бақша, тілім – бұлбұл, Адамзат осы үшеумен жайнайды гүл. Өмірі адамзаттың жаз бен қыстай, Гүлденіп тұрады ол жасап жыл-жыл. Жапанның жайсыз жатқан даласындай, Көрінеді өткен өмір бұлдыр-бұлдыр. Бұлтартпай сол бұлдырмен жүргеніңде, Ордаңдап ор қояндай өмір зырғыр. Өң бермей өтінішке өте шығар, Жалынып десең-дағы «өмір құрғыр». Қызылдың2 жол асатын қиясындай, Артында талай заман қалар қыр-қыр. Сүргінде соныменен жүргеніңде, Аяққа айрылмастай түсер шылбыр. Тотыдай торға түскен отырарсың, Рас сөз, ақылыңмен аңда, шын біл. Қызықты қызық көрер шағың осы, Ертерек, есің болса, мұны бір біл. «Темірді қызған кезде соқ» деген бар, Жастарым, ойна да күл, ойлай да біл! Мен-дағы осы өмірді ерте ойлап, Көркейтіп көңілімді жырлайын жыр. Кезінде қызғылықты сүру үшін, Қош көрдім көңіл қоспақ жақсымен бір. Білгенше әртүрлі сөз теріп айтсам, Секілді тарқайтындай іштегі сыр. 1. Ауамдық – надандық. 2. Қызыл – Қызылқұм.

5814 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8752

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7056

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4800

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4186

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4148

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4109

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3839

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3839

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы