• Әдебиет
  • 14 Наурыз, 2013

Ана атану – әйел бақыты

Менің мамандығым – бухгалтер. Жеті баланың анасымын. Мен үшін биылғы жылдың ерекше оқиғасы – Елбасымен кездесуіміз.  7-наурыз күні Ақорданың «Алтын залындағы» Елбасымен кездесуіміз бір сағаттан артық уақытқа созылды. Кездесу алдында қатты қобалжығаным да рас. Елбасының өзі кіріп келгеннен кейін бұл сезімнің барлығы тез басыла қалды. Дәстүрге айналған бұл кездесу «Көктем шуағы» деп аталады. Кездесуге қатысқандар арасында басшылық қызметтерде, әскери міндеттерде, өнерде, білімде, бизнесте, денсаулық сақтауда, спортта және өмірдің т.б. салаларында биік жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жандар болды. Кездесу барысында ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөліп, көп балалы ана атанған әйелдерге деген құрмет Елбасы тарапынан айрықша көрініп тұрды. Мемлекет басшысы еліміздегі сегіз миллионнан астам әйелдерді, қыздар мен келіншектерді осы 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, отбасылық бақыт, береке және табыстар тілейтінін жеткізді. Кездесу еркін әңгіме түрінде өтті. Елбасының қабылдауында болудың өзі мен үшін үлкен бақыт, үлкен қуаныш. Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолынан «Алтын алқа» белгісін алдым. Елбасының сөйлеген сөзінен үлкен әсер алдық. Оның әйел туралы айтқан сөздерінің бірі: «Ең әдемі әйел – өмірге көп бала әкелген әйел». Ұлтқа, ұрпаққа тәрбие беретін әйел болғандықтан олар мықты болуы керек деп ойлаймын. Қыз-келіншектерге айтатыным, ештеңеден қорықпау керек. Қызмет қуу, ол жерде қандай да бір дәрежеге көтерілу деген қай кезде де бола береді. Дәл қазіргі шақта қазағымыздың ұрпағын көбейту басты міндет болып отыр. Қазіргі кезде тұрмыс құрып, кейін тірліктің қиюын келтіре алмай, қайтадан ажырасып кетіп жатқан отбасылар көптеп кездеседі. Адамдар алуан түрлі болады ғой. Бұл жерде де әйел адамның рөлі басым болатын шығар. Ең бастысы жұбайлар арасындағы түсінісу, махаббат, сыйластық деген сезімдер болуы шарт. Егер осының бәрі болатын болса, ажырасу, ұрыс-керіс деген сияқты келеңсіз жағдайлар мүлде орын алмайды деп ойлаймын. Айналып келгенде, мұндай қасиеттердің түп-тамыры отбасында алған жақсы тәрбиеде жатыр. Бүкіл Қазақстан халқын келе жатқан Нау­рыз мерекесімен құттықтаймын. Барлық қыз-келіншектерге айтарым: Көп балалы болудан қашпаңыздар. Алла тағала беріп тұрса, жағдайларыңыз келіп тұрса, дүниеге нәресте әкеле беріңіздер. Қиындықтан қашпаңыздар. Қазақтың саны көбейе берсін. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын. Қазақ әйелдерінің денсаулығы мықты болсын. Астана

8548 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8784

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7074

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4817

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4203

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4165

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4126

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3857

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3856

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы