• Әдебиет
  • 20 Наурыз, 2013

Халқымның көзайымы

Наурызкөже дәміңнен дәм татайын, Наурызкөкке қуанып тіл қатайын. Наурыз гүлді толтырып құшағыма, Ақ әжеден ақырын сыр тартайын. Наурыз күні көрісіп үлкендерге, Қамзол менен кәжекей ки сендер де. Ақ көйлектің белін буып бүрмелі, Әп-әсем боп шығыңдаршы көрмеге. Ақсақал қарт шаттансын қолымды алып, Ал келіндер жүгірсін сәлем салып. Ақ жаулықты Анаға иілейін, Лебізінен бойыма қасиет дарып. Тайқазанда сүр ет соғым қайнасын, Табақ тартар жігіттер де сайлансын. Қазы-қарта ақ дастарқан үстінде, Ақ бауырсақ күрең шаймен жайнасын. Келіншекке самаурыны жарассын, Бала-шаға шашу терсін, талассын. Бәйбішелер тұсау кесіп ырыммен, Балбөбекке бата жасап жол ашсын. Палуандарым күрессін күшіменен, Нар жігіттер көрінсін ісіменен. Ақ отауда Ақбаян, Ақжүніске, Сері жігіт сөз айтсын бәсіменен. Қос ішекті домбырам бебеулесін, Киіз үйде қыз-желең «беу-беу» десін. Кәрінің де жастың да көңіл-күйі, Көтеріңкі, биікке әуелесін. Шолпы тақсын жеңешем әсемдене, Әнге бассын сырбазың әсерлене. Бәйге алдын бермейтін жігіт қайда, Сүйіншісін әкелген есіңде ме... Қынай белдер бұралсын сұлуланып, Жүректерді бейкүнә нұрға малып. Салқам ағам қалыспас арулардан, «Айнамкөздей» әдемі әнге салып. Наурыз күні – халқымның көзайымы, Әдет-ғұрып, салтымның жоқ айыбы. Қазағымның болмысы, көрінісі, Ғасырлардан-ғасырға асар әлі. Гүлнәр НАУЫРША

3655 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8763

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7060

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4804

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4190

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4152

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4113

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3843

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3843

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы