• Мәдениет
  • 05 Маусым, 2009

«Достар күлкісі»

«Нұр-Принт» баспасынан белгілі ақын Мылтықбай Ерімбетовтың «Достар күлкісі» атты аударма өлеңдер, әңгімелер, мақалалар жинағын топтастырған кітабы жарық көрді. Автордың бұл кітабына өткен ғасырдың тынысын тыңдаған ақындардан және дүниежүзі қаламгерлерінен аударған шығармалар еніп отыр. Шығармалардың дені көпшілікті адалдыққа үндеп, адамгершілікке, достыққа тәрбиелейтін, парасаттылыққа жетелейтін ойлы, ұғымды болып келеді. Автор бұл жайында «Маңайда қатігездік қаптап кеткен уақытта, жалғандық, ақша, байлық, жасандылық билік алған шақта – шын жүректен жазылған таза өлеңдер адамдардың темір болып бара жатқан жүректеріне жылылық құятын шығар деп ойладым» деп ағынан жарылады. Қазір түрлі мемлекеттерге бөлінгенімен әр ұлт қаламгерлерінің аталмыш кітапқа енген шығармаларында рухани тұтастық және уақыт үндестігі байқалады. Сондай-ақ, ақынның терме-толғаулары да жеке диск болып басылып, көпшілікке жол тартты.

2804 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы