• Ақпарат
  • 28 Наурыз, 2015

Құмырсқалар құдыреті (2-бөлім)

… Олар егіс алқабын ары-бері кезіп, жалқауланбай жіті бақылап, жүгіріп жүреді. Жылт еткен паразит тұқымын байқай қалса сол арада шапшаң шара қолданып, «оңбағанның» тұқымын тұздай құртады. Американдық ғалымдар ерен еңбекпен осы құмырсқалардың зиянды паразиттерге қарсы қолданатын дәрісін зерттеп тапты. Жер асты «агрономдары» асқан ұқыптылықпен жасалған өте күшті антибиотиктерді пайдаланады. Блог - SanjarKerimbay: Құмырсқалар құдыреті (2-бөлім) Ең қызығы бұл дәрілер зианды паразиттерді ғана өлтіреді, ал саңырауқұлақ көшеттеріне ешқандай залалы жоқ. Аналық құмырсқа плантация ауыстырып көшкен кезде дәрінің бактериаларын ауызға салып, тастамай алып жүретін болды. Әлбетте, көптеген паразиттер улы дәріге үйреніп алған соң, оған екінші мәрте уланып өлмейтін өнер ойлап табады. Бірақ құмырсқалар да дәрісін жаңалап, жетілдіріп, құрамын ауыстырып, ата жауларына сайланып дайын отырады. Әр бір қауым пайдалы бактериалардың бірнеше түрін дайындап, резервте ұстайды. Зианды паразиттер бірінші дәріге өлмей қалып, ары қарай егінді қиратып бара жатса екінші түрін дереу қарсы қолдана қояды. Қыстан шыққанда ешкімнің де жағдайы мәз болмайды. Бұл енді жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Күн әлі салқын, жаңбыр тоқтамаған, тамақ азайған, қуат кеміген, қарттары қалжыраған, орта буын әлсіреген деген секілді. Үйлері жер астында болған соң сіресіп жатқан суық тоң бұларды тоңдырмай қоймайды. Тоң жібігенше жылыну керек-ақ. Күн тас төбеге шығып, әбден қызғанда құмырсқалар жаппай далаға шығып, күн ваннасын қабылдайды. Әп-сәтте құмырсқа денесі 10 — 15 градусқа жылынып шыға келеді. Мыңдаған жәндік бір уақытта есік алдында қыздырынып, ішке қайта кіргенде жер асты мекені кәдімгідей жылынып, рақат боп қалады. Енді ең жойқын, ең жыртқыш, ең қауіпті құмырсқалар қауымына кезек берсек. Блог - SanjarKerimbay: Құмырсқалар құдыреті (2-бөлім) Африканың ит тұмсығы батпайтын ну ормандарында қаптаған құмырсқалар өмір сүреді. Құжынаған бұл көшпелі қауым араға 23 күн салып, бір орыннан екінші мекенге ұдайы көшіп-қонып өмір сүреді. Әр бір қауымда анау-мынау емес 20 миллион құмырсқа тұрақты түрде еңбек етіп, тіршілік кешеді. Олардың саны Қазақстан ел-жұртынан үш миллионға көп деген сөз. Бұл жәндіктерді «эволюциялық жолмен өсіп-өніп, балшықтағы былжыраған балдырдан өніп шығып, дами келе осындай құдіретті жағдайға жетті» деп, есі дұрыс адам айта алмас сірә. Асып туған атеист ғалымдардың өзі бұлардың жыныстары мен дене құрылымдарын көргенде еріксіз ойланар еді. Себебі мұншама көп құмырсқаны туып, өмірге әкеп отыратын аналық құмырсқа бүкіл қауымда жалғыз болады. Яғни 20 млн ға бір ғана шеше. Оның үлкендігі 5 см. Ол қауымдағы қала берді жер планетасындағы ең үлкен құмырсқа. Ол — империяның анасы, патшасы, ханшасы, егесі, құдіретті қожайыны. Бұл империяда әлеуметтік статусы жағынан екінші сатыда солдат құмырсқалар тұрады. Құжынаған қауым ары-бері көшкенде жол қауіпсіздігіне жауап беретіндер дәл осы сайыпқыран сарбаздар. Олардың ірілігі шамамен бір сантиметр, басқа апа-сіңлілерімен салыстырғанда ірі хәм мығым жаратылған. Апа-сіңлі дейтіні бұлар түгелге жуық ұрғашы жынысты. Бірақ бәрі бірдей бала таппайтын бедеу. Аса зор денелі анасынан басқасына құрсақ көтеріп, ұрпақ жалғастыруға Ұлық Алла тарапынан рұқсат жоқ. Қатал тәртіппен өмір сүретін бұл қауымда әлеуметтік мәртебесі жағынан екінші орында тұрғандар жұмысшылар. Олар тамақ іздеп, ас-ауқат тасумен ғана қарбалас боп жүгіріп жүреді. Блог - SanjarKerimbay: Құмырсқалар құдыреті (2-бөлім) Жұмысшы құмырсқалар дене жаратылысы жағынан алғанда солдаттардың белінен ғана келеді. Бұлар шағын денелі болғандықтан қара жұмысқа өте бейім, сондықтан жер қазып, жол салғанда, жолда кездескен жәндіктерді жұлмалағанда өте жойқын әрі батыл қимылдайды. Олардың жолында кездейсоқ кездесіп қалған жәндікке аман-есен құтылып шығу деген — қиял ғана. Себебі бір ғана құмырсқа етегіне жармасса ең ірі деген жәндіктің өзі сол арада арпалысып, амалсыз жан тапсыруға мәжбір. Қатты қанаты бар қара қоңыздың өзі сәл кешіксе аспанға ұшып үлгермейді. Көзді ашып жұмғанша тамақ табылған жерге жүз мыңдағын құмырсқа қаптап кетеді. Жүздеген құмырсқа жармасқан жерінен тістеп алып, жан-жаққа тартқылағанда шегіртке, қоңыз, ұлу, дәуіт, көбелек, бұзаубас, шайан секілді жәндіктерің тірідей парша-паршасы шығып, түтіліп, сол заматта шашылып кетеді. Үлкен талдың қуыстарына ұя салып, жұмыртқа туып, балапан басып отырған құстардың өзі ошарыла көшіп келе жатқан бұл қауымды көргенде Құдайларына сыйнып, зәрелері қалмай қалтырап, әрең отырады. Алда-жалда барлаушы құмырсқалар құстың ұясын тауып алып, ішіне баса көктеп кірер болса бұл құстар үшін бос кеткен қаралы жыл болып саналады. Себебі санаулы сағаттардан соң ауыр азаппен толғатып жүріп туып алған жұмыртқадан да, балапаннан да ешқандай белгі қалмайды. Көшпелі армияның ең алдында «барлаушылар» болады. Олар жол кезіп, алдағы күндері көшіп баратын жерлердің жер, су жағдайын зерттеп қайтады. Ең қызығы бұл құмырсқалардың бәрі түгелдей соқыр. Оларда көз деген атымен болмайды. Есесіне қазандай бастары бар. Бірақ бұл бастың ішінде 1 милли грам да ми жоқ. Басының іші айқыш-ұйқыш тартылған қатты сымдай, ары-бері керілген бұлшық еттер. Сым арқандай тартылып тұрған бұлшық еттердің себебінен олардың жақ сүйектері тістеген жерін айырып, жұлып түсетін күшті болады. Ін қазып, топырақ тасығанда бір қауым құмырсқа бір тәулікте 36 кг кесекті қидалап, сыртқа шығарып тастайды. Блог - SanjarKerimbay: Құмырсқалар құдыреті (2-бөлім) Бұлар соқыр болса, баста ми болмаса, құлақ туралы айтпай-ақ қойсақ та болады. Сонда бұл 20 млн тайпаластар бірін-бірі қалай тауып, қалай келісіп жұмыс жасайды? Бір қарағанда мұншама көп санды құмырсқалар қопарылып көшкенде жолдан адасып, шатасып, өзара бытысып, бірін-бірі таптап, майдаларын мыжып жіберуі тиіс еді. Алайда Ұлық Алла оларға ерекше ғылым берген. 20 млн құмырсқа өзен құсап, жөңкілгенде әр кім өзіне тиісті жұмысты қатесіз істеп тұрады. Әсіресе көш қозғалып, жылдам жүріп жатқанда солдаттар канал секілді қазылған шұңқыр жолдың екі шетінде кірпік қақпай күзетіп тұрады. Қара ниет құстар төбеден ұшып келіп ешкімді іліп кетпеуі тиіс. Ал ортада бала бағушылар мен жұмысшылар құндақталған бөпелерін және жол бойы қаужап отыратын ас-ауқаттарын төкпей-шашпай тасып өтуі тиіс. Егер олжалаған жем, құрт, шаян, қоңыздары көлемді, ірі, ауыр болса бірнешеуі жабылып көтереді. Шаршағанын сол заматта тың біреуі ауыстыра қояды. Бұлар 23 күннің ішінде жаңа жерге көшіп барып, жайғасып алуы тиіс. Өйтпесе жаңадан туылып, «империяның» қуатын арттырғалы тұрған «бесіктегі» 4 млн ұрпақ аштан қырылады. Жуық арада жайғаса қоятын үлкен үңгір, не болмаса қурап құлаған ағаштың құрғақ қуысы кездеспесе де ешқайсысы абдырып саспайды. Ешкім басқарып, айқалап, бұйырып тұрмаса да құжынаған қисапсыз құмырсқалар ғажайып бір ғылымның күшімен ауыздарындағы тістеуік қысқаштары арқылы бір-біріне ілініп, жалғанып, тоқыла бастайды. Екі сағаттың шамасында аспанда люстра секілді салбыраған таңғажайып үй пайда болады. Бұл аспалы үйдің ішінде әр бір бала бағатын құмырсқаға арналған камера бар. Ең үлкен рақат бөлме патшайымдікі. Ол ең жылы, ең қауіпсіз, ең кең, ең жайлы камерады түнеп шығады. Барлық камера, бөлмелер, жалғыз ғана коридормен байланысып жатыр. Еш жерде аспалы үй соғудың оқуын оқымаған, су қараңғы соқыр, ұрғашы жыныстан ғана жаратылған, түгелдей мылқау, саңырау бір қарағанда ішіп-жеп, қарын тойдырудан басқаны білмеуге тиіс жабайы жәндіктер қандай құдіреттің күшімен осыншама ақылға симас, күрделі жұмыстарды атқарып кете алады? Блог - SanjarKerimbay: Құмырсқалар құдыреті (2-бөлім) Бұл да әлі онша емес. Бұл жылжымалы империя мекендерін ауыстырып көшкен кезде кішігірім өзен көлшіктер оларға кәдімгідей кедергі болады. Әрине, ол сулар адам үшін түк те емес. Тік жүретін екі аяқтылар ондай судан оп-оңай аттап өте салады. Ал құмырсқалар үшін ол сулар — өткел бермес нағыз дария, түбі жоқ терең теңіз. Алайда, ақылды жәндіктер оны да Ұлық Алланың құдірет күшімен өте шебер шешеді. Жөңкіліп келе жатқан қалың қауым суға келіп тірелгенде алдыңғы қатарға соқталдай солдаттар суырылып шыға бастайды. Әне-міне дегенше олар ауыздарына бір-бір жапырақтан тістеп алып, судың бетіне тастай береді. Тағы да бір-бірінің қолынан, аяғынан, мұртынан, қысқаштарымен тістей байланысып, су бетінде қалқып тұратын көпір жасайды. Дем арасында екі құрлықты жалғап тұрған ғажайып көпір де дайын болады. Жапырақтарға табан тіреген солдаттар ортасы ойық, керемет сәнді көпірді тоқып шығады. Империяның барлық мүшесі түгел өтіп болғанша бұл «тірі көпір» мызғымастан тұра береді. Қауымның ең соңғы мүшесі аман-есен өтіп болысымен «тірі көпір» тез-тез ағытылып, бір-бірінен ажырап, қайтадан сап түзеп, кете береді. Құмырсқалар империясында ең статусы төмендері бала бағушылар. Олар таңның атысы, күннің батысы аналық патшаның жатырынан тоқтаусыз туылып жатқан шақалақ тұқымдарды мәпелеп, аялап, жылы орындарға жайғастырумен әуре. Ұлық патшайым ұзынынан созыла жатып, бала туумен ғана айналысады. Күтушілер оның аузына тамақ тосып, тапқан таянғандарын Ұлы ананың таңдайына тамызудан жалықпайды. Осы арада заңды бір сұрақ туады. Қауымда құжынаған құмырсқаның бәрі түгелдей ұрғашы болса аналық патшамыз еркек жынысты құмырсқасыз қалайша ұрықтанып, ұрпақ шашады? Бұл да Құдай құдіретімен ғана іске асатын ғажайып құбылыс. Аналық патшамыз нәпсісі оянып, зауқы артып, ұрықтанып, ұрпақ шашқысы келсе тұла бойынан еркек құмырсқаны еліттіріп қоятын жұпар иіс шығарады. Орманға тарап бастаған бұл иістің молекулалары өте аз. Бір куб метр ауада ары кеткенде бес-ақ молекула ұшып жүреді. Бірақ осының өзі джунглидің екінші бір алқабында аналықты «аңсап» жатқан еркек құмырсқаның нәпсісін оятуға жетіп жатыр. Жалғасы бар...

Санжар Керімбай

15846 рет

көрсетілді

820

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы