• Мәдениет
  • 04 Ақпан, 2010

«Қажетіне жарар болсам халқымның...»

«Қажетіне жарар болсам халқымның...»Апта басында Абай атындағы Мемлекеттік Опера және балет театрында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты, Ресей педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресей әдебиеті академиясының академигі, Ресей Федерациясы Кемерово облысының «Сенім және жақсылық» төсбелгісінің иегері, профессор, көркемсөздің көрнекті шебері, «Сегіз қырлы, бір сырлы азамат» жазушы, дарынды драматург, арынды ақын Сәбит Аймұханұлы Досановтың 70 жасқа толу мерейтой кеші өтті.Мерейтойды халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов жүргізді. Кеш Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы студенттерінің орындауында С.Досановтың өлеңдері негізінде дайындалған сахналық көрініспен басталды. Салтанатты мерейтойды Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі әрлеп, мерейтойға ерекше бір нақыш берді. Театр ғимаратында мәдениет және қоғам қайраткерлерінің, ел ағаларының, жазушы әріптестерінің һәм оқырмандарының көпшілігі соншалық, ине шаншар орын болмады десек те болады. Әуелгі құттықтау сөзді Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин Қазақстан Республикасының Президентінің құттықтау хатын оқумен ашты. Мерейтой салтанатында сенатор Өмірбек Байгелді, жазушы Әзілхан Нұршайықов, ақындар Марфуға Айтқожина, Сәкен Иманасов, Мырзан Кенжебай, сатирик Көпен Әмірбек сөз алып, құттықтады. Жазушының мерейтойына шетелден белгілі қаламгерлер де келді. Франциядан Қазақстан Республикасы Президентінің «Руханият және бейбітшілік» сыйлығының лауреаты, профессор Альберт Фишлер, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, «Литературная газетаның» Бас редакторының орынбасары А.Н.Воронцов, жазушы-ғалым С.А.Небольсин, Тәжікстаннан Қанағат Муминов, Өзбекстаннан Кадыр Фазылов, Қырғызстан елінен де ағамыздың қаламдас достары, әдебиетші ғалымдар келді. Астана қаласы әкімі И.Тасмағамбетов, Алматы қаласы әкімі А.Есімов, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы М.Әлімбеков, Денсаулық министрі Ж.Досқалиев жолдаған құттықтау хаттары тапсырылды. Құдайы көрші - Ресей Жазушылар Одағының мүшесі А.Н.Воронцов Сәбит ағамыздың төсіне әдебиет саласындағы В.Пикуль атындағы халықаралық төсбелгісін тағып: «Бұл тек С.Досановқа ғана берілген сый емес, бүкіл қазақ әдебиетіне берілген баға» деді. Жиналған қауымға ризашылығын білдіре отырып,Сәбит ағамыз мерейтойлық кешті «Өмір берген, талант берген Аллаға рахмет, тәрбиелеген ата-анама рахмет, ұстаздарыма , еліме, Елбасына рахмет!»деп аяқтады.

Жанұзақ Әлімгерей

2712 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы