• Әдебиет
  • 18 Мамыр, 2017

Сейілмеді кеудемнің бұлты көптен

Абай ОРАЗ. 1994 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы.

ҰЗАҚБАЙ (баллада)

Иен дала шегі жоқ ыспа құм-ды, Сықпыты сыпсыған жел, үт жамылғы. Қырымқұл қонған ауыл паң көсілген, Ару аттап шыққандай тысқа нұрлы.

Қаңсып қалған астаудың әлпетіндей; жалтақтатпай, жарлы етіп, жалқы өсірмей, қайран шеше баланы оннан тапқан, Қой асықтың алшы, омпа, тәйкесіндей.

Баталы елге – сөз қайғы, мұрат қайғы. Қазжан шалдан бір тұяқ – Ұзақбай-ды. Қияға кең кеткен ой шідерленбей, Жиі ағекем мінгенін ұзатпайды.

Бүккен қалпы іс тіккен бір ерінбей, біздің шөл ақмоншақ қыз білегіндей. Домбырасын қолға алып сазарады өң, Шайыры аққан еспе құм үлегіндей.

Сексен саз бар сағада тұрған сыңсып, бір қандырған шөлімді, бір қаңсытып. Кейде осы шал еріген қорғасындай, Құяды әкеп кеудеме жыр балқытып.

Содан кейін дүние көшеді кеп, торығамын, құлазып, неше жүдеп. Көз алдыма келеді еріксізден, Буралығы ұстаған кешегі үлек.

Бүлкіліндей баяулап Бозінгеннің, ілкі іңірде шалдардың көзін көрдім. Бозбаладай бүлкекке қайта бастым, Жайы осы екен дегем жоқ езілгеннің.

Күйші кеткен, бұл маңнан жыршы кеткен, Көлбеңдейді көз жасым ыршып еппен. Мен бір әнге басайын жүйрігің ем, Сейілмеді кеудемнің бұлты көптен.

Ұйлықпалы желдей боп үзік сарын, құлағыма келеді – түк ұқпадым. Ұзақбай шал үйінен ұзағалы, Ауыл жатыр ішіне бүгіп бәрін.

Көзіңе ғашықпын (А.Д.- ға)

І. Күзгі бояу. Эллегия. Көз алдымда Шықтай боп таңда басылған, Бір ару жылап тұрады. ...Жәудірдің әр қарасынан Жауапсыз сұрақ туады.

Жанардың да Күздей боп солары бар, бірдей дөп біздікіндей. Анау қыздың жанары дәл – мен ғашық қыздыкіндей.

Ар алдында Кінәлінің самғамайтынын, білетін әлем көп еді. Көзіңнің алдамайтынын, Еш Ақын дәлелдемеді.

Топ алдында Күз-сұрғылт соқпаққа түстім, жол табам ба екен? Өртену үшін аптап та құштым. Кім көрер қалқадан бөтен?!

Адасса көзіңнен көзім, сөздерді күстаналайсың. Жиіркенем өзімнен-өзім Сондықтан тік қарағайсың.

Бұл сүрлеу сұрапыл екен: тамшылар тайғанамасын. Ұлықбек Ұлы ақын екен – Абайды қайда қоясың?!

ІІ. Сурет туралы сөз Дәл сол қыздың суреті тұрған анау, Мүмкін емес күніне бір қарамау. Маған қарап тұрады қос қарашық, Алаңдап-ақ жүрегім күнде жамау.

Жанға рақат жартыкеш – осы маған, сөйлесімен, күлемін, жекіп алам. Қырсықпаса бола ма қыз атаулы, Ынтықпасам боламын несіне адам.

Балауыз шамдай болып сығырайған, Баяғыдан махаббат жыры – майдан. Көздеріңе көміліп қаламын-ау, Болып жүріп осыған түбі қайран!

ҚАРАҒАНДЫ

1468 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5739

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5437

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3175

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2563

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2523

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2501

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2234

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2218

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы