• Тұлға
  • 21 Шілде, 2010

«Бизнес-Кеңесші» болашағы зор сала

Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін бизнестің осы түрі құрайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл саланың жаһандық дағдарыс зардаптарына қарсы тұруда  шешуші маңызы бар екенін үнемі айтып келеді. Сондықтан да нарықтық экономиканың арқауы болып табылатын шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлуге тиіспіз. Осы қағиданы ескере отырып кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасын дайындаған болатын. Бүгінгі таңда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық бағдарламалармен қатар қаржылай емес қолдау көрсету шараларын да жүзеге асырып келеді. Өткен жылы оң нәтижеге ие болған бағдарламаның, биыл екінші кезеңі басталды. Еліміздегі шағын және орта бизнес салаларын дамыту мақсатында қабылданған «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасымен жақынырақ танысу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Бексұлтан Құрманқұловпен сұхбаттасқан едік.

− «Бизнес-Кеңесші» бағдарлама­сының бұрынғы бағдарламалардан қандай ерекшеліктері бар? − Бұл еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай емес құралдармен қолдау шеңберіндегі ең ауқымды бағдарлама. Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанның барлық аймақтарындағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікті жаңадан бастағысы келетін адамдарға бизнес құру және оны тиімді жүргізу бойынша білім беру кешенін ұсыну. Кәсіпкерлердің бизнес жүргізу дағдысы дұрыс қалыптаспағандықтан, банкротқа ұшырап немесе қызметтерін өнімді жүргізе алмайды. Сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысуға ақпараттық жеткіліксіздігінен, көп адамдар өз ісін ашуға жүрексінеді немесе батылы бармайды. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлікке консалтингтік және ақпараттық-талдамалық қыз­мет көрсету деңгейі де төмен. Кон­салтингтік оқыту және ақпараттық қызмет көрсету нарығы ірі қалалардың өзінде де толығымен дұрыс жолға қойылмаған. Көбінесе ақылы негізде жұмыс істейді, ал орталықтан шалғай аймақтарда, аудандық деңгейлерде, тіптен жоқ десе де болады. Осыларды сараптай келе «Даму» қоры «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қорымен» бірле­сіп «Бизнес-Кеңесші» бағдарлама­сын дайындап, іске асыруға кірісті. Бағдарлама мақсаты Қазақстанның барлық аудандарындағы кәсіпкерлер мен кәсіп ашуға ынталанып, талпынып жүрген тұрғындарға бизнес ашу және оны тиімді жүргізу бойынша кешенді және қолжетімді білім беру арқылы сауаттандыру жұмыстарын жүргізу. Бұл өз кезегінде шағын және орта кәсіпкерліктің сапалы дамуының сенімді кепілі болмақ. − Бағдарлама аясында жеке кәсібін ашам дегендерге не үйретіледі? − Оқыту тренингтері «өз кәсібін ашу», «істі тиімді жүргізу» және «бизнесті дамытудың қыр-сырын үйрету» тақырыбында өткізіледі. Жеке кәсібін ашуға, атап айтқанда, істі бастау нұсқалары, саланы таңдау, бизнес-жоспар әзірлеуден бастап, қажетті рұқсатпен рецензиялар алудың жолдары, шағын және орта бизнесті жүргізудегі келісім-шарттар жасасу негіздері, жарнамалау мен маркетинг жүргізу, фирманы қайта құру және тарату, тіпті банктік шот ашуға дейін үйретеді. Сонымен қатар қалай табысқа жету керектігі де көзделеді. Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі жүзеге асырылып жатқан шараларды түсіндірулер де жүргізіледі. Курс кезінде тыңдаушылар білікті мамандардан кеңес алып, бизнесті жүргізу жөніндегі тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі. − Бағдарлама негізінде қанша адам кәсіптік сауат ашу курсында білім алды? − «Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты осы оқыту курстары рес­публикамыздың 209 аудан-қалаларында өткізілді. 2009 жылдың қыр­күйегінде басталған ауқымды шара барысында 14 облыстың жос­парланған барлық аудандарында және Астана мен Алматы қалаларында өткізілген бірінші толыққанды оқыту курсы өтті. Оның қортындысы бойынша бағдарлама шеңберінде 11 603 адам оқытылды. Оның 40 пайызы кәсіпкерлер, 60 пайызы кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетін жеке тұлғалар. − «Бизнес-Кеңесші» бағдарлама­сы­ның екінші кезеңі қалай жүзеге асуда? − 2010 жылдың сәуір айынан бас­тап Қазақстанда «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасын іске асырудың екінші кезеңі басталды. Биылғы жылы тұрғындар мен кәсіп иелерін кәсіпкерлікті оқыту курстарымен мейлінше көбірек қамту қажеттілігіне байланысты бағдарламаны респуб­лика көлемінде екі рет көктем және күз айларында өткізу жоспарланып отыр. Осы бағдарламаны іске асыру аясында «Даму» қорының барлық облыстардағы аймақтық филиалдары әр облыс аудан көлемінде өткізілетін курстардың кестесін бекітті. Ол туралы деректер «Даму» қорының ресми сайтында көрсетілген. Кез келген Қазақстан азаматы өз ауданында бұл курстардың қашан қалай өткізілетінін сайт арқылы біле алады. Сол кестеге сай биылғы жылдың көктемгі курс­тары аяқталды. Оған тоғыз мыңға жуық тыңдаушы қатысты. Яғни, өткен жылғы нәтижемен қоса алғанда жиырма мыңнан астам адам кәсіпкерлік негіздері бойынша білімін жетілдірді. Алдағы күз айларында өткізілетін үшінші кезеңде курстың мазмұны тақырыптық жағынан байытылып, яғни белгілі бір тақырыптар бойынша тереңдетілген, жан-жақты мағлұматтармен қамтылған курстар өткізу жоспарымызда бар. − Жеке кәсіпкерлікті бастаймын дегендердің саны көбейді ме? − Қазақстандағы кәсіпкерлік бүгінде жақсы деңгейге көтеріліп отыр. Мысалы, 2001-2009 жылдар аралы­ғында шағын және орта бизнестің ұйым­дық-құқықтық құрылымында заңды тұлғалар үлесі 1,8 есеге дейін қыс­қарып, ал жеке кәсіпкерлер үлесі 1,4 есеге өсті. Шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнім кө­лемі де 4 есеге жуық артқан. Сонымен қатар, кәсіпкердің беделі мен бет-бейнесі де бұқара халық арасында түбегейлі өзгерді. Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 75 пайызынан астамы қоғамның бизнеске деген қатынасының едәуір жақсарғанын айтып отыр. Яғни «кәсіпкер дегеніміз – алып-сатар» деген ұғым айтарлықтай өзгерді. Шағын бизнестің кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы үлесі бойынша Қазақстан дамыған елдермен теңесті, алайда шағын кәсіпкерліктің тиімділік көрсеткіштері бойынша әлі де болса кемшін тұстар бар. Бұл өз кезегінде тарихи, геосаяси, макроэкономикалық сипаттағы объективті себептерге, сонымен қатар заңнама, мемлекет саясаты, құқық қолдану практикасы, жергілікті басқару факторларына да негізделген. − Аталған бағдарламаны көпшілік қалай бағалады? − Кәсіпкерлер «Даму» Қорының кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру-ұйымдастыру жөніндегі жоспарын жоғары бағалап отыр. Жалпы, кездесетін қиындықтар бола тұрса да қазақстандық шағын және орта бизнесте оң көзқарас басым. Пікір сұралғандардың 47 пайыздан астамы өз бизнесінің болашағы жарқын екендігін айтуда. Сауалнамаға жауап берушілердің жартысынан көбі кәсіпкерлік көлемін ұлғайтуға ниет білдіріп отыр. Ал оған біздің «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасының қосар үлесі зор деп айта аламын. − Әңгімеңізге рахмет! Алмас НАЙМАНБАЙ

2533 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5840

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5500

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3236

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2621

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2583

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2561

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2294

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2277

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы