• Тіл
  • 29 Шілде, 2010

«Жаңылған сөзді жаныңдағы біледі»

Алматы облысындағы Нарынқол ауылының тұрғыны Дүйсен ақсақал жасы сексенге келген көнекөз қария. От тілді, орақ ауызды осы жан сом алтынның сынығы, бұрынғы би-шешендердің тұяғындай. Көкірегі шежіреге, жүзі мейірімге толған, көзінен нұр төгілген, ақ сақалды қарттың дуалы аузынан шыққан әрбір сөз тағылымы мен тәлімі мол мақал-мәтелмен өріліп жатады. Осынау даналыққа толы сөздерді біреу білсе, біреу білмес. Төменде қарияның өз жанынан шығарған және ел аузынан жинаған қанатты сөздерді көпшілік қауымға ұсынып отырмыз.

Су атасы бұлақ, Сөз атасы құлақ. Айтса болар сөзіңді Құлақ салып ұққанға, Айтып айтпай немене, Құлағына мақта тыққанға. *** Кім білер кімнің жайын сұрамаса, Дүние жиналмайды құрамаса. *** Атты жолдас болмайды таналыға, Күнде бір ой түседі саналыға *** Жақсының жақсы деген аты қандай? Жаманның жаман деген даты қандай? Бір басым қайда жүрсе қор болмайды, Жауап бер жауабыма татығандай. *** Шаштараздың баласынан әңгіме сұрасаң, Ұстарасы мен қайрағын айтады. Қу баласынан әңгіме сұрасаң, Ойдағы жоқ қайдағыны айтады. *** Хан болсаң қараймағың оңай, Бай болсаң тараймағың оңай. *** Жабыспасын шоңай, Жабысса шоңай, Боласың омай-шомай. *** Дүние жиып не етесің, Бір күні тастап кетесің. *** Әке сыйлап көрмеген, Шал қадірін біле ме? Шаруа бағып көрмеген, Мал қадірін біле ме? Түзде өскен тоғалақ Көл қадірін біле ме? *** Атадан пұл қалғанша, ұл қалсын. *** Әсілі жолдас болма дуға балам, Ду апарып соғады қуға балам, Атқа жеккен шанаңды итке жекпе Ит апарып соғады суға балам. *** Сұңқар күні не болар ұшқаннан соң ордадан, Тайға жетпейді бағасы сән кеткен соң жорғадан. Шарапатты жақсылар көп халықты қорғаған Халықты ала ұстаған, оның түбі оңбаған. *** Аузынан сүрінген оңалмайды, Аяғынан сүрінген оңалады. *** Ұрының сөзі шатпақ-шатпақ болады, Ақымақтың сөзі айбатпақ болады. *** Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма? Ісіңді біреу істесе, қолың қышып бара ма? *** Адасқаныңды артыңдағы біледі, Жаңылған сөзді жаныңдағы біледі. *** Таудан асқан тас бұлақ, О да құяр теңізге. Атадан ұл туса, О да тартар негізге. *** Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. *** Таудың қары кетпейді, Саздың шөбі кетпейді. Қанша байыдым десе де, Кедейдің кедей дағдысы кетпейді. *** Изен-жусан, Жолығасың пәлеге сөзді қусаң Адам тұрмақ құдайға бой бермейді, Атадан ақымақ болып, арсыз тусаң. *** Ақпақұлаққа айтсаң, ағып кетеді Құйма құлаққа айтсаң, құйып алады. *** Ақылдасқан ел азбайды, Кең пішкен тон тозбайды. *** Жалғыз жүріп жол тапқанша, Көппен жүріп адас. Әсел КӨКЕНОВА

4094 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6864

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6039

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3778

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3166

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3124

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3100

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2828

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2814

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы