• Тіл
  • 29 Шілде, 2010

Тіл мәселесі қаржыға қарап қалған жоқ

…Қазақ тілінің қажеттілігі ресми түрде елу пайыз ғана. Себебі әрбір орысша жарнаманың қасына оның қосымша «қазақша аудармаcы» егіз қозыдай жапсырылады. Халық ол қосымша­ның қоғамның қай бөлігіне арналғанына түсінбей әлек: орыс тілділердің назары орысшасында, қазақ тілділерге қазақша жарнама түсініксіз.

Tіл жанашырларының қазіргі жағдайы “…алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық, қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қор­шылық екенін білдік” деген хакім Абайдың халін елестеткендей. Қалай дегенмен, кемшілікті ауыз­дықтаудың ұтымды тәсілдері шаш етектен. Қиындығы сол шипаны табуда жатқан жоқ, қиыны оны өмірге сіңіруде. Адам баласы негізінен өзі етене таныс, оң жамбасына салуға оңай, қолынан келетін затын істеп, қайталағысы келеді және әлсіз тұстарын түзеуден аяқ тартады. Сондықтан біздің мәңгілікке орта деңгейде қалып қоюмыз ғажап емес. Кейбіреулердің қарғысына, бірілерінің қолдап-қолпаштауына ұшыраған жаһандану үрдісі сергек қарауды қажет етеді. Оның ақ-қарасын, ара-жігін ашуға деген талпыныс-екінші кезектегі мәселе. Күн тәртібіндегі мәселе – отандық тауардың бәсекелестігін арттыру арқылы үлкен бір ауылға айналған әлемнен пайда табу. Пайда табу дегенді тірі қалу деп түсінуге болады. Қазақ тілі де бір тауар. Тоқсаныншы жылдары барлығымыз екі литр суға қосып, сүйіп ішкен YUPI-дің заманы өтті. СОСA-COLA-ға еті үйренген бүгінгі жастарға оны тықпалау ақылға сыйымсыз. Сол секілді сұранысы жоқ тауардың халі мүшкіл, келешегі жоқ. Кітаптар, БАҚ құралдары тек руханияттың көзі емес. Олар бұқараның күйбең тіршілікте үлкен мөлшерде тұтынатын ақпараттың қай­нары. Сондықтан да адамдардың қажеттілігін дер кезінде қамтамасыз етуге қауқарсыз БАҚ уақыт өте келе жұмысын тоқтатады. Бүгінде қазақша қалам түртетін газет-журналдардың тақырыптары және жас­тар құрайтын қала зиялысын мазалайтын тақырыптардың үш қайнаса сорпасы қо­сылмайды. Яки, жастардың амалсыздан орыс тілді баспасөз құралдарынан медет іздеуі-заңды құбылыс. Ұлттық құндылықтарды халықаралық брэндке айналдыру арқылы ел қуатын еселеу – тікелей мемлекеттік тілдің позициясына байланысты. Сондықтан, БАҚ өкілдері, тіл жанашырлары қазақ тілінің қолданылу аясын арттыру үшін келесі қарекеттер жүйесін жүзеге асыруы керек: Сұранысты мемлекет анықтайтын ке­ңестік жүйенің сарқыншақтарынан арылу керек. Әлем бүгінде мүлдем басқа заңдармен өмір сүруде. Сұраныстың бар-жоғын анық­тамай тауар шығару құрдымға апаратын тікелей жол. Мемлекеттік тілдегі БАҚ зерттеу нысаны ретінде орыс тілінде шықпайтын баспасөз, радио, теледидар бағдарламаларын дайындауды және орыс тіліндегісі бар болса, одан сапалы түрін шығаруды қарастырулары керек. Мәселен, тек спортқа арналған арна ашу; қазірде тренд ретінде мойындалған кәсіпкерлік бағдарламаларын шығару; Қа­зақстанның жоғарғы футбол лигасының сайтын жасау т.б.; Қазақ тілі бай тіл. Оны нарықтың отбасы, ошаққасы бөлігінен жұмыс, қоғамдық қатынас бөлігіне шығаратын кез келді. Маркетинг, PR секілді ұтымды құралдарды қазақша БАҚ-тың өтімділігін арттыру үшін қолдану; Шет тілдердегі жаңа кітаптарды тікелей қазақшаға тәржімелеу арқылы орыс тіліндегі нұсқасының алдын орау. Ол үшін тілі қазақша қалыптасқан жастарды ағылшын, испан, араб, қытай тілдерін үйренуге жетелеу. Егер біз әдеттегідей “тіл мәселесін шешу қаржыға тіреледі” дегенді көлденең тартсақ, мәселені шешпеудің ең тиімді жолын көрсеткен боламыз. Жоғарыда айтылған бастамаларды іске асыру үшін мемлекетке қол қусырудың тіптен қажеті жоқ. Бел шешіп кіріскен адам отанына қызмет етумен қатар қомақты пайда таба алады. Сол себепті, сөзден іске көшу, бәсекеге қабілетті болуға күш-қайратты жұмсау, “...бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздеу”, талаптылық көрсету бүгінгі жаһанданған дүниеде аман қалудың бұлтартпас жолы. Теміртай Тоқтасынов

2823 рет

көрсетілді

41

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6793

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6008

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3746

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3135

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3093

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3069

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2797

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2782

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы