• Тіл
  • 21 Қазан, 2010

Есеп беру міндеті ескерілсе...

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жобасы туралы менің пікірлерім мен ұсыныстарым мынадай:Мемлекеттік тілдің басымды­лығын көрсету мақсатында Бағдар­ламаның атауы «Қазақстан Респуб­ликасындағы мемлекеттік тілді және өзге тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» деп жазылуы керек. Бағдарламаның орындалуын қадағалаушы орган Президентке тікелей бағынатын немесе Парламент жанынан құрылған, жоғары өкілеттігі бар қоғамдық орган болуы қажет. Бағдарламаны іске асырушылар қатарында тек министрліктер емес, меншік нысанына қарамастан, еліміздегі барлық кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар, кәсіпкерлік нысандар да болуы керек. Жобада: «Бағдарламаның басты мақсаты – «Қазақстанда тұратын барлық этностар тілдерінің сақталуы жағдайында…» деген сөздер бар. Бағдарлама бүкіл еліміз үшін міндетті, ал кейбір әкімшілік аумақтарда, мысалы, аудандарда, бұл талапты орындау мүмкін емес. Мысалы, біздің ауданда оннан астам ұлттардың өкілдері 1-ден 11-ге дейін адамды құрайды. Олардың тілдерін сақтау үшін аудан не істей алады? Сондықтан, Жобадағы жоғарыда келтірілген сөздерді не алып тастау керек немесе «…жергілікті этностар өкілдерінің өз тілдерін сақтауына бағытталған өтініштері мен бастамаларына Үкімет қолдау көрсетеді» деген мазмұнда жазылуы керек. Конституциямыздың 7-бабында да: «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды», – деп жазылған. Президентіміздің «…барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің…» – деген сөзі бар. Ал Жобаның «Бағдарламаның бас­ты мақсаты» деген бөлігінде: «…ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы» деп жазылған. «Басты» мен «маңызды» деген сөздердің маз­мұнындағы айырмашылық үлкен. Сондықтан жоғарыдағы сөйлемде «басты фактор» деген анықтауыш сөз тіркесін қолданған дұрыс. Президентіміздің жоғарыда келтірілген сөздеріне сүйенсек, барша қазақстандықтарды біріктіретін қазақ тілі – ұлтаралық қатынас тілі болуға сұранып тұр емес пе?! Ал бізде қазіргі тілдік ахуалды олай деп айтуға мүлде келмейді. Тіпті мемлекеттік қызметшілердің 45 пайызы ғана қа­зақ тілінде жаза алады деген ақпарат бар. Олай болса, Бағдарламаға «мемлекеттік тіл ұлтаралық қатынас тілі қызметін атқаратын дәрежеге жетуі тиіс» деген қағида енгізілуі керек. 1997 жылы қабылданған «Тіл туралы» Заңда Үкіметке: «…Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде…білуі қа­жет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесін жасақ­тау» туралы тапсырма болған еді, бел­гісіз себептермен ол тапсырма орын­далмай келеді. Ал Жобада бұл туралы сөз жоқ. Үкіметтің іс-шаралар жобасын Бағдарлама жобасымен бірге дайындап, талқылауға ұсыну керек еді. Кейінірек іс-шаралар жобасы да халықтың талқылауына ұсынылады деп ойлаймын. Себебі Бағдарламаның іске асырылуы осы құжатқа толықтай тәуелді болмақ. Жобада айтылғандай, тіл мә­селесіне байланысты «…еліміз­дегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақ­ты­лығына елеулі кауіп-қатер әкелуі мүмкін бірқатар проблемалық ас­пектілердің болуы…» Бағдарламаға және оның басты орындаушысы Үкіметке жүктелетін жауапкершіліктің қан­шалықты үлкен және маңызды екенін айқындай түседі. Сол себепті Бағдарламада әрбір жылда атқарыла­тын жұмыстар нақ­ты көрсетілуі тиіс әрі Үкімет Бағдарламаның орындалу ба­рысы туралы әр жылдың басында Президент пен Парламентке толыққан­ды есеп беріп отырсын. Жалпы, Мемлекеттік тіл мәсе­лесін түбегейлі шешу үшін Консти­ту­циямыздың 7-бабына «Қазақ­стан Республикасының азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті» деген талап жазылуы керек. Самиғолла Ғалымұлы Атырау облысы

2637 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5930

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5558

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3296

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2680

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2642

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2618

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2352

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2334

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы