• Тіл
  • 21 Қазан, 2010

Ататегіміз анық жазылсын

Cолтүстік өңірлердің ерекшеліктерін ескерген Елбасы мен Үкіметіміз бұл аймақтарға ат басын тіреген оралман отбасыларына берілетін көмектің көлемін басқа өңірлерге қарағанда 2010 жылы екі есеге өсірді. Әрине, оралмандар үшін мемлекеттік деңгейде жасалынып жатқан осы жеңілдіктер оларға мүлдем жетпей жатқан жоқ. Дегенмен бір елден бір елге қоныс аударған қандастарымыз құжаттарын рәсімдеуде көптеген қиыншылықтарға кездесіп жатады. Талқыланып жатқан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осы мәселелер дұрыс шешімін тапса деген үмітіміз бар. Мысалы, аты-жөніміздің әртүрлі жазылуына байланысты біздің отбасының кездесіп жатқан қиыншылығы шаш-етектен.

Мен Өзбекстаннан келген оралманмын. Өзбекстанда менің «Мекебай Райымбекұлы Оңай» деп жазылуы тиіс аты-жөнім «Унгаев Мекебай Раймбекович» деп жартылай өзбекше, жартылай орысша жазылып кеткен. Ал әйелім Алтынгүл Сардарқызының аты-жөні (фамилиясы Жалғасбай) бір жерде «Джалгасбаева Алтынгуль Сардаровна», бір жерде «Жалгасбаева Алтингул Сардаровна», тағы бір жерде «Жалгаспаева» болып жазылған. Сол себепті атажұртқа оралған соң құжат рәсімдеуде көптеген қиындықтарға тап болып отырмыз. Әйелім биыл 53 жасқа толды. Бес баласы бар аналар осы жаста зейнетке шығады деп қуанышымызда шек болған жоқ. Бірақ зейнетақы тағайындайтын мекемеге барып, осы қуанышымыз су сепкендей басылды. Өйткені құжаттарды қабылдайтын маман әйелімнің жеке куәлігі мен туу туралы куәлігіндегі және еңбек кітапшасындағы әріптердің әртүр­лілігін көріп, әділет басқармасына сілтеді. Даудың үлкені аудандық әділет бас­қармасында басталды. Өйткені қы­зым Сұлуқалдың Өзбекстанда алынған туу туралы куәлігіндегі қазақшаға жақындау «Слу-қал» деп жазылған аты қазақстандық жеке куәлігінде «Слукал» болып, ал ұлымның өзбекстандық туу туралы куәлігіндегі таза қазақша «Қасым» деген аты қазақстандық жеке куәлігінде орысша «Касым» болып шыға келіпті. «Бұл қалай? Өзбек болудан қашып, қазақ болуды армандап келген біз атымызды неге орысша жазуымыз керек» деген сұрағымызға мұнда жауап берген ешкім болмады. Қысқасы, бес баламыздың өзіміздікі екенін дәлелдей алмай, дал болып жүрміз. Біздің түйгеніміз, мұндағылар Елба­сы­ның «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәсе­лелерді шешу туралы» Жарлығынан не бейхабар, не орындауға құлықсыз. Әй­теуір, Елбасының Жарлы­ғын арқа тұтып, алты ай дегенде «Джалгасбаева», «Слукал», «Касым» дегенді әзер түзеттік. Бірақ қызым Азизаның «Меке­биевна» (дұрысы «Мекебаевна») болып жазылған тегі алынбас қамал болып тұр. Мына қызық жағдайға назар ауда­рыңыздар. Өзбекстаннан ауданы­мыз­дың Возвышенка селолық округіне көшіп келген Бекетов Амангелді Беркін­байұлының (жеке куәлігінде – Бекетов Амангелди Беркинбаевич) 1994 жылы 23 наурызда туылған Ерхан атты ұлы бар. Беркінбаев Ерхан Амангелдіұлының Өзбекстаннан алған туу туралы куәлігінде «Беркинбаев Ерхан Амангелдиулы» деп жазылғандығы үшін әділет басқармасындағылар Ерханға жеке куәлік беруді әр саққа жүгіртіп, сөзбұйдаға салып жүр. Олардың айтуынша, Ерхан жеке куәлік алу үшін Өзбекстанға барып алғашқы тіркеу кітапшасынан көшірме алып келу керек екен. Ал көпшілік оралманның Өзбекстанға бармақ түгілі, облыс орталығы Петропавлға барып келуге жағдайлары жоқ. Олар тіпті орыс тілін білмегендіктен жұмысқа орналасуға да қабілетсіз болып отыр. Ауданның бұрынғы әкімі Айдарбек Сейпілұлы Сапаров өзі әкім болып қызмет еткен екі жылға толар-толмас уақыт аралығында аудандағы барлық салада айтарлықтай игілікті жұмыстар жасаған еді. Әсіресе, орыс тіліне шорқақ біз оралмандарға көптеген қолайлылықтар туғызып, мүддемізге сай біраз шаруалар тындырған болатын. «Мағжан жұлдызы» атты қазақ тіліндегі аудандық газеттің жарық көруі де – сол кісінің арқасы. Тіпті оралмандардың тыңғылықты сіңісіп кетулеріне жа­қыннан көмек көрсету мақсатында аудан әкімшілігі жанынан «оралмандар кеңесін» құрып, олардың міндеттерін белгілеп берген еді. Ал қазір сол кеңестің қадамы ілгері баспай отыр. Жалпы, талқылауға ұсынылған Тіл бағдарламасында тек Қазақстан азамат­тарының ғана емес, атажұртқа оралып, азаматтық алуға құжаттарын рәсімдеп жүрген оралман бауырларымыздың ата­тегін жазу мәселесі де назарға алынып, тиісті шаралар қолға алынса деген үмітіміз бар. Мекебай ОҢАЙ Солтүстік Қазақстан облысы

2738 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6608

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5916

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3659

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3044

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3004

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2980

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2709

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2694

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы