• Тіл
  • 27 Қазан, 2010

«Алтын қазық» оқу-кешені өмірге келді

Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйытқы болуымен «Тіл үйрету орталықтары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысын ашып сөз сөйлеген аталмыш орталықтың басшысы Біржан Белғараның айтуынша, конференция барысында көтерілген – «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске қосылса, алдағы жылы орталықтың жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру, іс-шаралар жоспарын анықтау және тағы басқа өзекті мәселелер қаралады деп күтілуде.  Ал Мәдениет министрлігі Тіл ко­митетінің төрағасы Бауыржан Омаров «2011-2020 жылдарға арналған мемлекет­тік бағдарлама» жобасындағы мақсаттар­дың алғашқысы Қазақстан халқына қазақ тілін үйретуді міндеттейтінін атап, орталықтарды біліктілік сынақтарынан өткізу жүйесін құру мәселесіне және жиынның күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. – Осы уақытта тілді дамытуға қа­тысты мемлекеттік бағдарламаның жобасы жасалып, Үкіметке ұсынылды. Онда тілді оқыту мен оқу әдістемелерін және тіл оқытатын орталықтарды жетілдіруге арналған ұсыныстар мен жаңашылдық идеялар жеткілікті. Сонымен қатар тілді оқытудың үздіксіз жүйесін жасау, сынақ, біліктілік орталықтарын құру, тіл үйрету орталықтарын аккредитациядан өткізу сияқты бірқатар жаңалықтар да бар. Мұның барлығы жергілікті жерлерде өткен талқылауларда жиі айтылды және көбінесе қолдау тапты. Бұл жаңалықтардың барлығы біздің тіл үйрету бағытындағы жұмыстарды жаңаша жол­ға қояды деген үміттенемін, – дейді Тіл комитетінің төрағасы. Бұл күні конференция барысында шетелдердегі қазақ диас­порасына қазақ тілін оқытуға арналған «Алтын қазық» оқу-әдістемелік кешенінің тұсауы кесілді. «Алтын қазық» оқу-кешені ха­лық­аралық озық тіл үйрету тәжірибелері негізінде әзірленіпті. Ол бастауыш, жал­ғастырушы, жоғары деңгейге арналған 3 негізгі оқулық пен 3 жұмыс дәптері­нен және электронды оқу құралынан, дидактикалық-иллюстрациялық ма­те­риал­­дар жинағынан тұрады. Оқу құ­ра­лына сырттағы қандастарымыздың тілін сын­дырумен қатар салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік, ұлттық тәрбиеге қатысты материалдар енгізілген. Мемлекеттік тіл үйрету курстарының жұмысын жандандыру, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған жиынға облыстық тіл үйрету орталықтарының директорлары, Астана қаласындағы мекемелердің тіл мамандары мен ғалымдар қатысып, мемлекеттік тілдің маңызы, тілдерді үйрету орталығының негізгі қызметтері туралы түрлі ой-пікірлерімен алмасты. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

3051 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6086

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5647

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3388

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2769

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2732

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2708

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2440

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2426

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы