• Тіл
  • 27 Қазан, 2010

Тілге құр аңыс емес, сұраныс керек

Ұлтымыздың ардақтыларының бірі Халел Досмұхамедұлы өзінің «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген еңбегінде: «Қазақ-қырғыз жұрты оянғаннан бері мәдениет бәйгесінде ілгері кеткен жұртқа жетудің қамын қылып жатыр. Мәдениеттің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттың тілі бай болады», – деп айтқанындай, ол – мемлекеттік тіл ғана емес, қоғамының білім алатын құралы, ұлтымыздың сан ғасырлар бойы жинаған мәдени мұраларының, ділі мен дінінің, әдебиеті мен өнерінің, ұлттық дүниетанымының жиынтығы. Демек, барлық рухани құндылықтарымыздың негізі әрі тірегі. Олай болса, оның қоғамдық қызметін жан-жақты дамыта отыра, қолданылу аясын кеңейту өзекті мәселелердің қатарына жатады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ІІ Азаматтық форумдағы сөзінде: «Қазақ тілі мен мәдениеті – біздің мемлекеттілігіміз тұрғызылып жатқан іргетас. Сондықтан қазақ тілі мен мәдениетін одан әрі дамыту жұмыстары біздің ынтымақтастықтың ең маңызды бағыты болмақ! Мен сіздерді осыған шақырам!» – деп, еліміздің тұтастығы мен ауызбірлігі мемлекеттік тілдің кең өріс алуында екенін атап көрсетті. Қоғамда, халықтың күнделікті тіршілігінде тілге деген сұраныс болмаса, әлеумет оны өз өмірінің өзегі ретінде пайдаланып қолданбаса, тілдің өркен жаймасы анық. Қалай дегенмен, тіліміздің жай-күйі түрлі заңдар мен заңнамалардың мән-мазмұнына да байланыс­ты. Себебі тіл қоғамдық өмірден өз орнын алуы үшін, алдымен ол нормативтік-құқықтық жақ­тан толық қамтамасыз етілуі қажет. Қазір біз еліміздің әлеуметтік-эконо­микалық жағын біршама жақсы деңгейге көтере алдық. Сөйтіп, дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Дегенмен ұлттық рухани құндылықтарымызды да қадірлеп, бағалауды да естен шығармағанымыз абзал. Әсіресе, қазақ тілінің мәртебесін көтеру – бүгінгі күнде өте маңызды мәселе. Рас, тәуелсіздік алған кезеңнен бері тіліміздің мәртебесін көтеру жолында қан­шама маңызды қадамдар жасалды. Алайда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қоғамдық қызмет аясын кеңейту мақсатында қолға алынған қайсыбір іс-шараларымыздың ойға алғандай болып орын­далмауынан тілі­міз қоғамдық өміріміздің барлық салаларына дендеп терең ене алмай жатыр. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары мықтап қолға алудың арқасында, әйтеуір, қазақша оқу орындары біршама көбейіп, қазақ жастарының көбісі өз ана тілінде білім алуға қол жеткізді. Бұл енді біздің ауыз толтырып айтарлықтай жетістігіміз екені рас. Дегенмен талай мәселенің өз шешімін ойдағыдай таппай жатқанын мойындауымыз керек. Сондықтан мемлекеттік тіліміздің әлем­дік жаһандану кезеңіндегі бәсекеге төтеп беру әлеуетін нығайту – кезек күттірмейтін іс. Өйткені Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуропа Қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымының талаптарына сәйкес халықаралық стандарт бо­йынша мемлекет дамуының негізгі белгілерінің бірі – елдегі мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік тілді қоғамдық өмірімізге терең енгізудің бір бағыты – пәрменді үгіт-насихат шаралары мен бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді іс-әрекеті екенінде дау жоқ. Сондықтан да мемлекет тарапынан тіл саясатын одан әрі жетілдіре отырып, алдымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қоғамдық салаларда қолда­нылуына жан-жақты жағдай жасауға үгіт-насихаттық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп отыруы тиіс. Егемен еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпақ тәрбиесіне тілдік ортаның, әсіресе, теледидар, радио, электронды бейне құрал-жабдықтардың ықпалы өте күшті. Бірақ солардың басым көпшілігі орысша немесе ағылшынша екені барша жұртқа мәлім. Осы өнімдерді мемлекеттік тілде дайындауға баса назар аудару қажет екенін тіліміздің қазіргі жағдайы аңғартып отыр. Мұны мемлекеттік дәрежеде мәселе етіп көтеріп, сырттан келетін түрлі өнімдерді жаппай қазақшалауға тиістіміз. Ал оған қол жеткізуіміз үшін барлық ақпараттық-танымдық материал­дарды қазақша дайындайтын, шетел тілдерінен қазақшалап әзірлейтін мемлекеттік орталықтар құрып, олардың мамандарын дайындайтын оқу орындарын ашып, жұмыс істеуіміз қажет. Бейбіт Жалелұлы, филология ғылымдарының кандидаты

3054 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6122

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5667

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3408

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2789

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2753

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2730

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2460

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2446

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы