• Әдебиет
  • 03 Наурыз, 2011

Ақылы асқан Айман қыз

«Айман-Шолпан» жанры жағынан эпикалық поэ­малар тобына жатса да, шындығында, тарихи сипаттағы шығарма екендігіне ешкімнің дауы болмас. Өйткені басқа лиро-эпостық жырлардағыдай махаббат мәселесі бірінші кезекте тұрмайды. Жастардың әлеуметтік істерге араласу талабы жырда шынайы түрде көрсетіледі.Оқиғаның басталуында екі рудың белді адамдары «алтын үйге» таласып қалады. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола олар бір-бірімен керілдеседі. Екеуінің де барлық тыныс-тіршілігі байлық­қа негізделгені ақиқат. Сөз таластырудың соңы кектенуге ұласа­ды. Ақыры, Көтібар руаралық дау-жанжалды тоқтатпай, Маман байдың ауылын шауып, оның апалы-сіңлілі қыздарын тұтқынға алады. Қазақтың ата дәстүрі бойынша қызды түйенің қомына отырғызу қорлық-кемсітушілікті білдіреді. Осы жағдайда да Айман сабыр сақтап, төзімділік танытады. Өзінің пайым-парасаты, тапқырлығы мен табандылығының нәтижесінде күрмеуі қиын жағдайдан шығудың жолын іздестіреді. – «Шырағым Шолпан, екеуміз қосылып ән айтайық. Мына дұшпан­дардың білгені «батырларға арыз айтып келеді», білмегені «неге мәз боп келеді» дер, не болса да жауға мойын ұсынғанымыз, сағымызды сындыр­ғаны­мыз болмас», – дейді. Айман Көтібардың тоқалдыққа аламын деп өрекпіген сөзіне де ашу шақырмай, керісінше, үміттендіреді. Батырды ақылмен, айламен өз дегеніне көндіруге тырысады. Жігіттер келді айдап алған малды, Басқадан, бір өзіңнен көңілім қалды. Алмасаң өз қасыңа, ер Көтеке-ау, Көн шалбар, қисық найзаң мазамды алды, – деп жеңген жауға өлеңмен мұңын шағады. Дұшпанына назданып қарап, «ер Көтеке-ау» дейді. Осылайша өзінің ақыл-айласымен өтініп тұрып, Көтібардан ат сұрайды. Не айтып, не қойғаным біле алмаймын, Қасқайып бұрынғыдай күле алмаймын. Тақымы тай күнінен үйренген ат, Басқаны Сұр жорғадай міне алмаймын, – деп жаңа әуенге басады. Сұр жорғаны сұрағандағы мақсаты ат алу ғана емес, Шолпанды елге қайтарғанда Маманның, яғни әкесінен жанына байланған атымен қайтару екен. Көтібардың інісі Арыстан екі қыздың бірінің қайтуына рұқсат берген кезде Айман сіңлісінің жас әрі тәжірибесіз екенін ескеріп, Шолпанды елге қайтаруға әрекеттенеді. Сондай-ақ қайтарда қасына қосып берген 15 шал, 15 жігіттің бірде-біріне сенбей, Арыстанның өзі апарып салғанын жөн көреді. Осыдан-ақ Айманның ақылдылығы айқын көрінеді. Өйткені Арыстанды Шолпанмен бірге жіберуде келешектегі бітімнің бір түйіні жатқанын іші сезеді. Барсаң сәлем айта бар жездең сорға, Қой айдап кетіп еді Орынборға, – дейтін жолдардан қазақ тіршілігінің базармен, қаламен байланысы аңғарылады. Айман сіңлісіне «Қызылқұмдағы» киіз үйінің қарсы алдындағы сандыққа қазына жасырып кеткендігін және арғы бетке 500 жылқы мен 800 түйе айдап тастағанын мәлімдейді. Ауыл соны жинап алсын деп сәлем айтады. Яғни Көтібар мен әкесінің араздасқанын естігесін-ақ ешкімге біл­дірмей өзінше әрекет жасаған. Серт байласқан соң Көтібардың шаппай тынбайтынын біліп, күні бұрын қамданған. Әке қазынасының бір бөлігін жау кел­мес­тен бұрын-ақ жасырып үлгерген екен. Шолпанды еліне қайтарып, Арыс­тан мен Шолпанның арасында дәнекер болып және Арыстанды өз жағына шығарып алған соң Айман Көтібарды тоқтата тұрудың амалын ойластырады. Сондай-ақ батырдың нақсүйері, ерке де долы тоқалы сұлу Теңгені өз мақсатына қызмет еткізудің қамына кіргізеді. «Әуселесін көрейін» деп бәйге Күреңмен желе жортып келген Теңге өзімен амандасқан Айманның шапанын жұлқып тартады. Базарда Теңге болсаң, пұл боларсың, Қолыңа құрық алсаң, құл боларсың. Батырдың айтқан сөзі рас болса, Қолыма су құятын күң боларсың, – деп Айман болса оның намысына тиеді. Теңгенің есімін әжуалаудан бастап, сөзін астарлап жеткізіп, қалжыңдаған болып оны сықаққа айналдырады. Осылайша ерке тоқалды да өз қажетіне жарата алады. Өйткені көркі кетіп, күші азайып, тілі ғана қалған шалды көк долы Теңгенің қалай бүретінін жақсы біледі. Ел қамын, жұрт пайдасын ойлайтын саналы қыз не нәрсенің де шешімін парасаттылығының арқасында табуға тырысады. Айман ел өміріндегі үлкен-үлкен әлеуметтік мәселелерді өз қолына алып, солардың бәрінде ақылдылықпен шешеді. Ауылын өзі жоқта жау шапқанын біліп, ашумен атқа қонған болашақ жары Әлібекті райдан қайтарады. Атты өзі мініп кетіп, Көтібарды жау келгенше хабарсыз қалдырып, оны бітімге келмеуге еш шарасы қалмастай етуі Айманның асқан тапқырлық иесі екендігін дәлелдейді. Кейіпкер Айман дұрыс шешім қабылдады. Ел оның ақыл-қабілетіне қайран қалысады. Ойлады бітісуге жақсы жолды, Екі жақтан малды Айман қайтарғызып, Маманға Арыстанды күйеу қылды. Айман қыз сөйтіп елден алды бата, Ісінде болмаған соң зәре қата. Өзіне Әлібекті күйеу қылып, Қылады Көтібарды өкіл ата. Шолпанды берді Маман Арыстанға, Әр жерде әлсіздерге болысқанға. Айман қыз ақылменен тату қылды, Бүйтіп кел болмас еді ұрысқанда. Демек, Айман өзінің ерік-жігері, ақыл-парасатының арқасында мақ­сатына жетеді. Ол – дана әрі көреген. Жауласқан елді бітістіріп, күрделі дауды шешіп береді. Жырда «Айманның көңілі кең, ақылы дана», «Шығады әртүрлі өнер Айман жастан», «Айманның әрбір түрлі айласы бар», «Түбінде Айман болар паналарың» дейтін жолдар кездеседі. Осылардың бәрі де Айманның жақсы қасиеттерін нақтылы оқиғалар үстінде жарқыратып көрсетудің дәлелі болары анық. Поэмада қолданылатын негізгі әдіс – баяндау, монолог, диалогтар да Айманды суреттеу, жанама мінездеулер кездеспейді. Демек, сұлу қыздың портретін жасауға не мінезін суреттеуге көңіл бөлінбейді. Сондай-ақ Әлібек пен Айман, Арыстан мен Шолпан арасындағы алуан сезім дүниесіне де жырда орын берілмейді. Айманның ақ мамықтай білегі бар, Майысқан жез қармақтай сүйегі бар, – деген портреттік элементтер ғана жыр арасында кездеседі. Ел тұтқасын ұстау тек ерлердің ғана үлесі емес, ол әйелдердің де қолынан келеді, әйелдер де ел ісінде ерлердей ерлік, азаматтық жасай алатынын Айман қыз дәлелдеп берді. Басты қаһарманның іс-әрекеті мен сөздерінен оның ақыл-айласы, әріден ойлай білетіндігі әр кезде тамаша аңғарылады. Қазақ әйелінің феодалдық қоғам бұғауынан босанып, өз басының азаттығы жолындағы күресін сомдайтын Айман образы ақылдылық пен өжет мінездің үлгісі ретінде бүгінгі ұрпаққа жетті. Нұрлан ҚҰМАР

8635 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8993

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7186

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4927

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4312

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4278

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4236

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3968

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3966

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы