• Ақпарат
  • 16 Маусым, 2021

«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен қазақ тілінде сөйлеуді насихаттауға бағытталған «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық  акциясының І кезеңі бойынша  оқыту тілі қазақ тілі емес еліміздің орта мектептерінің 5-8 сынып (тек этнос өкілдері) арасында қазақ ­поэзиясынан үзінділер оқып, насихаттау шарасының бірінші кезеңі  өз мәресіне жетті.  

Еліміздің Президенті  Қ.Тоқаев кезекті бір сұхбатында: «Біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды Парламентке, өкілетті органдарға сайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз дұрыс. Мұндай азаматтар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектеседі» деген болатын. 
Міне, қасиетті қазақ жерінде ынтымағы жарасқан 130-тан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Бәрі де өз тағдырын тек Қазақстанмен байланыстырады. Ең қуаныштысы, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс жылдан жылға артып келеді. Жаңылмастан жыл сайын өтіп келе жатқан бұл акция осыны тағы бір дәлелдеп берді.
Байқауға кең байтақ Қазақстаны­мыздың 16 өңірінен, құрамы 22 этнос өкілдерінен тұратын, 326 адам қатысты. 
Мұқағалидың «Туған жерге» өлеңін мәнерлеп жатқа оқыған Алматы ­облысы Қарасай ауданындағы А.С.Пушкин атындағы орта  мектептің 7-ші сынып оқушысы Шарипова Луиза ең көп 2045 «Лүпіл» жинап, акцияның көш басынан көрінді. Алматы облысы Қарасай ауданы А.С.Пушкин атындағы орта  мектептің 7-сынып оқушысы Инара Ибрагимова бірінші,  Жамбыл облысы, Қордай ауданы №19 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Раяна Джинва екінші,  Алматы қаласы Жетісу ауданы №101 мектеп-гимназияның ­5-сынып оқушысы Дамир Таиржан,  Тараз қаласы №7 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Августина Люфт үшінші орындарды иеленді. Оқу­шылармен қатар олардың қазақ тілі мұғалімдерінің еңбектері де ескеріліп, Тіл саясаты комитеті төрағасының алғысхатымен марапатталады.

Н.Смайыл

8046 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы