• Білім және ғылым
  • 08 Шілде, 2021

ОНЛАЙН ОҚУ – ТАЛАП ПА?

«Daryn Online» республикалық білім беру платформасының ұйымдасты­руымен «Карантиндегі білім беру: Қазақстан және Әлем» атты баспасөз конференциясы өтті. «Daryn Online» білім беру платформасының негізін қалаушы, идея авторы Айбек Қуатбай, жоба кеңесшісі Садық Шерімбек, «Daryn Online» платформасының директоры Асқар Мақсат пандемия кезінде білімнің сапасын жақсарту үшін тың жоспарларды алға тартып, бірқатар мәселелердің түйінін көрсетті.   

 «Елдің ертеңі – саналы ұрпақ тәрбиелеуде білім беру ісі маңызды екені белгілі. Ал қазір күллі әлем бетпе-бет келген қашықтан оқыту жүйесі – сіз бен бізді алаңдататын бүгінгі күннің өзекті, өткір мәселесі болып отыр. Өткен жылдан бастап залалын тигізген пандемия бірқатар мамандықтарды шеттетіп, жаңа үдеріс пен үрдістер қалыптастырды. Осы орайда «Daryn online» білім беру платформасы білім көкжиегіне жаңа белесті бағындыруда біраз ықпал жасады. Миллиондаған оқушы мен мыңдаған ұстаз онлайн білім беру жүйесіне оңай машықтанды» дейді «Daryn online» платформасының негізін қалаушы Айбек Қуатбай. 
 «Әлемге төнген індеттің нәти­жесінде біз көптен бері қолға алу керек болған жаңа үрдіске көштік. Бұл – «онлайн» үрдіс. Әлемдік білім беру әдістеріне қарасақ, онлайн формат жеткілікті түрде дамып кеткен. Сондықтан пандемия кезінде де, одан кейін де қашықтан оқудың пайдасы көбірек. Осы орайда «Daryn online» платформасы Daryn Tutor, Daryn Teacher, Horda, Daryn Tandau секілді жобаларды қолға алып, көпшіліктің игілігі үшін қызмет атқаруда» дейді  «Daryn online» платформасының ­директоры Асқар Мақсат.
Баспасөз конференция қорытын­дысы бойынша, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар және жасалынатын жобалардың ұстаздар мен оқушылар үшін тиімділігі сарапталды. Қазақстанның білім беру жүйесін, озаттық көрсеткішін әлемнің ­алпауыт мемлекеттерімен теңестіру үшін бірқатар жолдар қарастырылды. 

А.Ұлтанбекова
 

2855 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы