• Тіл
  • 19 Тамыз, 2021

БӘРІМІЗ «ӘЛІППЕДЕН» НӘР АЛДЫҚ

Серікбол ХАСАН, 
балалар ақыны

«Әліппенің» оқу бағдарламасына қайта оралғанына мұқым қазақ қуанды. Оқушылар «Сауат ашу» деген атауының өзі бүртүрлі оқулықпен қоштасып, «Әліппемен» қайта достасатын болды. Алдыңғы министрлер «Әліппе» мен «Ана тілін» біріктіріп, «Сауат ашу» оқулығының ішіне кіргізіп жіберген еді. «Әліппенің» заңды жалғасы «Ана тілі» оқулығы да бұрынғыдай жеке оқулық болып оқушыға жол тартатын болды. Мұның өзі үлкен қуаныш! 

Өйткені «Әліппе» – қазақ үшін киелі ұғым. 1-сыныпқа барған бала үшін алғашқы ұстазы қандай аяулы болса, алғашқы оқулығы «Әліппе» де сондай ардақты. «Әліппемен қоштасу» деген шараның өзінің таудай тағылымы бар еді. Алдыңғы министрлер сол игі дәстүрге балта шапқан болатын, жаңа министр осы олқылықты түзеді.

«Әліппе» жайлы қаншама ақындарымыз өлең жазды. Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың «Бар кітапқа бас болған, Әліппе – ғылым анасы, Әліппеден басталған, Даналықтың данасы» деген шумағы «Әліппеге» берілген жоғары керемет баға емес пе?!

«Әліппе» оқу бағдарламасынан алынып, орнына «Сауат ашу» енген кезде «Әліппе неге жылады?» деген өлең жазған едім. Ол өлең «Балдырған» журналына жарияланды. «Әліппе» қайта оралғанда, қуанғаннан «Әліппе неге қуанды?» деген өлең жаздым. Шынында, «Әліппенің» оралғанына бүкіл ел қуанды. Себебі бұл оқиға қазақтың рухани әлемінің қайтадан түзелгенінің белгісіндей болды. Лайым солай болғай!

«Әліппенің» қайта орал­ғанын кем-кетігіміздің ­бү­тінделгені деп түсінеміз. Халықтың осы оқиғаға қуан­ғаны «Әліппенің» барша қазақ қадірлейтін үлкен мұраға айналғанын білдіріп отыр. Шынында, «Әліппе» біздің баға жетпес мұрамыз еді ғой. Сондықтан да оқулықтың оралуы ұлттық рухымызды көтерді.

Бәріміз «Әліппеден» нәр алдық. «Әліппе» бізге алғашқы ұстаз болды. Биыл қызым Кәусар 1-сыныпқа барады. Бұйырса, қолына су жаңа «Әліппесін» алады. Жаңа «Әліппенің» бұрынғы «Әліппеден» қандай артық­шылығы барын әзірге білмейміз. Министрлік өкілдері бұл «Әліппенің» Ахмет Байтұрсынұлының ұстанымдарына, педа­гогикалық принциптеріне негізделгенін айтып жатыр. Соған қарағанда әбден сұрыпталған, нағыз «Әліппе» жасалған шығар деп ойлаймыз. Бастысы, «Әліппе» мектеп бағдарламасына оралды. Осының өзі көңілге медеу. Қуаныш ұзағынан болғай!

Әліппе неге қуанды?

Риза болды Еркінбек,
Естіп алып ақпарды.
Селдір шашы желкілдеп,
Секіруге шақ қалды.

Көңілі әбден тасыпты,
Бақыт деген осы ма?
Жеткізуге асықты.
Жаңалығын досына.

– Оң болар деп жүр едім,
Орындалды тілегім.
О, ақылшым, Әліппе,
Сен қайтадан түледің.

Шырағысың әр үйдің,
Шуақ шашып жанасың.
Серігі боп сәбидің,
Құтты орныңа барасың.

Кімге ұнамас мақтаған,
Ол да ұшуға шақ қалды.
– Бар екен ғой жақсы адам, –
Деп Әліппе шаттанды.

– Алғыс айтам саған мың, 
Енді уайым болмайды.
Кітаппен дос адамның,
Басына бақ орнайды.

3039 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 7206

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 6200

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3940

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3331

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3289

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3258

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2986

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2974

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы