• Мәдениет
  • 28 Қазан, 2021

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ РУХАНИ КЕШ

Алматы облысының Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Хош келдің, мүбәрак мәуліт айы» атты рухани кеш өтті.

 

Жамбыл ауданының орталық «Шынасыл» мешіті мен аудандық Мәдениет үйі бірлесіп өткізген іс-шараның шымылдығы Құрани Кәрім оқумен ашылды. Бұдан кейін Құран жарыстарында әуезді үнімен көзге түсіп  жүрген өнерлі жастар Жеңісхан Сәденов, Оралхан Шоманов және Жаңақұрылыс ауылындағы Қарсақбаев мектебінің бір топ оқушылары мәуліт оқыды.

Сахна төріне шыққан ҚМБД-ның Алматы өңірі ­бойынша өкілі, облыстық «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Қуаныш Наржанов шығып, жиналған қауымды мәуліт мерекесімен құттықтады. Іс-шараға қатысушыларға және оны ұйымдастырушы Жамбыл аудандық ­«Шынасыл» мешітінің бас имамы Қалжан Исламхановқа алғысын білдіріп, оқу озаттары, Мыңбаев орта мектебінің 6-сынып оқушысы Нұртай Қаракөз бен Тұрар Рысқұлов мектебінің  7-сынып оқушысы Ермек Ясинге Құран жаттауда жеткен жоғары нәтижелері үшін бағалы сыйлық табыс етті. Тағылымы мол рухани кештің соңы діни әндерге ұласты.

Мәлік КІШІБАЙ

 

2033 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы