• Руханият
  • 09 Желтоқсан, 2021

Кенжалинді ұлықтаған шара

Кеше Қазақстан ­Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналис­тика факультетінің ЮНЕСКО, халық­аралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы мен «Қазақ газеттері» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен ІІ Жұмабек Кенжалин оқулары аясында «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: тәуелсіздік тынысы» атты Республикалық ғы­лыми-тәжірибелік конференция болып өтті. 
Шараны ­журналистика факуль­тетінің деканы Мадиев ­Сансыз­бай Шарапиұлы ашып, ҚР Прези­дентінің БАҚ саласындағы сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналис­тер академиясының академигі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Жұмабек Кенжалиннің ел мұраты жолындағы қызметіне тоқталды. 
Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахет өз естелігінде Жұмабек Омарұлының еліміздің тәуелсіздікті алғаш алған жылдарында Алматы қаласының ономастика комиссиясының мүшесі болып, ұлтымыздың танымал тұлғаларының есімдерін жаңғыртуға белсене араласқанын атап өтті.
«Ақиқат» журналының бас ­редакторы Дәуіржан Төлебай Жұмабек Кенжалиннің ­қазақ тілінде тұңғыш рет «Экономика» атты салалық газетті шығарғанын ерекше бағалау керек екенін айтты.
Конференция қонағы техника ғылымдарының докторы, ­профессор Бақдәулет Құмар адал достың үндемей жүріп ордалы шешімдердің түйінін шешетін әрі нағыз тың­ғылықты істің үлгісі болғанын үлкен толғаныспен жеткізді.
Одан кейін техника ғылым­дарының кандидаты ­Есенбек Айдарбеков, жазушы Сәбит Дүйсенбиев пен Ж.Кенжалиннің жары Әлима Кенжалина сөз алып, қайраткер қаламгердің журналистика мен ғылымға сіңірген еңбектерін айтып, шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Жұмабек Кенжалиннің ұлы Дастан Кенжалин де сөз алып, әкесінің қазақ журналистикасында елдік мұрат жолында жасаған еңбегінің жоғары бағаланып, жас ұрпақтың жадында қалар шараның ұйымдастырылып жатқанын ерекше атап өтті.

Орынтай Ошанова

1216 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы