• Білім және ғылым
  • 07 Желтоқсан, 2021

«Криминалистикалық тактиканың білгірі» атты Республикалық байқауының марапаттау салтанының өтуінің есебі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында жыл сайын өтетін "Рухани жаңғыру" жобасының аясында жыл сайын өтетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсанында 5В030100 - «Құқықтану», 5В030300 - «Құқық қорғау қызметі»,  5В030400 – «Кеден ісі» мамандықтарының 4 курс және 6B04205 - «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттеріні мен курсанттарының қатысуымен «Криминалистикалық тактиканың білгірі» атты Респубикалық деңгейінде  байқаудың марапаттау салтанаты өткен болатын.

 «Криминалистикалық тактиканың білгірі» атты Республикалық байқауының марапаттау салтаны өтті. 15.11.2021 ж. – 21.11.2021 ж. аралынында болған  «Криминалистикалық тактиканың білгірі» атты байқауы  Қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелерін зерттеу институтымен бірігіп өткізілді. Байқаудың жабылу салтанаты онлайн форматта ZOOM платформасында, сонымен қатар instagram, facebook, youtube әлеуметтік желілерінің тікелей эфирінде өткізілді.  Байқауға  Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысып белсенділік танытқан 8 жоғарғы оқу орнынан қатысты: Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы  (Алматы қ.); М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; Мардан Сапарбаев институты  (Шымкент қ.); Қазақ Ұлттық аграрлық университеті; Орталық Азия Инновациялық университеті; М.Есбулатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы. (Алматы қ.); Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы (Алматы қ.) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.) І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған); Байқауға «Құқықтану», «Кеден ісі», «Құқық қорғау қызметі», «Халықаралық құқық» мамандықтарының студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамаларын дамытуға өз үлестерін қосуы үшін жас ғалым-студенттедің білімін шыңдау.

Қысқаша мазмұны  «Криминалистикалық тактиканың білгірі»  байқауының онлайн-марапаттау рәсімі барысында өткен іс-шараны модераторлар қазақ және орыс тілінде жүргізді. Байқауды екі тілде жүргізу аудиторияның бағдарламаның мәнін толық және дұрыс түсінуі мақсатын көздеді.

Байқаудың құрметті қонақтары: Садыков Серик Айтбаевич  – Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департамент бастығы. Байдельдинов  Даулет  Лаикович – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор. Джансараева Рима Еренатқызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор.  Алимкулов Ербол Темирханович – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

Бұл жарыстың әділ бағалануын жүзеге асыру мақсатында кафедраның кезекті мәжілісінде профессор-оқытушылық  құрамынан арнайы комиссия бекітілген болатын:

Қазылар алқасының төрағасы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті з.ғ.к., доцент Тапалова Р.Б., Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы Кабдрашев Т.Б., Тағайбек К.Т.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушы студенттер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Криминалистикалық тактиканың білгірі» байқауының I ДӘРЕЖЕЛІ диплом иегерлері: Агибаева Карина, Ержанқызы Шырын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;

Арай Жапарбек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті;

«Криминалистикалық тактиканың білгірі» байқауының II ДӘРЕЖЕЛІ диплом иегерлері: Смагулова Томирис, Адайбаева А., Акылова К., Сатыбалдина А., Сейданова Ә., Тлеубердиева Н. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;

Лесбек Таншолпан, Ибраим Айдана, Абсиметов Нурлан, Әлібаев Алихан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті студенттері;

Абильдаева Жанель әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті;

Құрмаш Бекбатыр, Рыскали Темирлан, Жигули Диас әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;

«Криминалистикалық тактиканың білгірі» байқауының III  ДӘРЕЖЕЛІ диплом иегерлері:

Сальникова А., Болат М., Нариматов Д., Иминова А., Колбай А. М. Есбулатов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академия курсанттары;

Холухаева А., Жанахметова Д., Рузыбакиева Ж., Канзадаева П. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы студенттері;

Жуматай Багустар, Сатанова Амина, Насибова Саялы, Кыдырбаев Исламбек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;

Жансұлтан Ақнұр, Кенжетаева Арайлым, Джайлаубаева Анеля әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері;

Жапар Д.Е., Тавджанова А.К., Жакупов Н.А., Зубарь С.С., Дфарова С.Н. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті студенттері;

Базартаева Еркеназ, Абдулла Жансая, Рахимбердиева Дана әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, заң факультеті,  қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Джансараева Рима Еренатовна, осы іс-шараның өтуіне үлес қосқан және Қазақстанның 8 университетінен белсене қатысқан студенттеріне алығысын білдіре отырып, келешекте 1 наурыз 2022 жылда өтілетін «Крим-Экс-2022» атты криминалистика мен сот сараптамасының үздік білгірлері Республикалық конкурсында жүздесеміз.

        Заң факультеті Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы «Сарапшы-криминалист» студенттік үйірмесінің жетекшісі  Даубасова С.Ш.

 

1589 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы