• Тарих
  • 07 Сәуір, 2022

ШЫҢҒЫС ХАН: ӨТІРІГІ, ШЫНЫ

Әлемде тарыйхы ең көп жазылған да, ең көп бұрмаланған да Шыңғыс хан. Соңғы он – он бес жылда оның өтірігіне де, шындығына да қазақ тарыйхшылары аз үлес қосқан жоқ. Өйткені Шыңғыс хан – «менікі», «сенікі» дейтін деңгейдің емес, мемлекет пен ұлттық деңгейдің нысаны. Қәзіргі қазақ мемлекетінің орны мен көлемін шегендеп кеткен ұлы перзент ол. Оның тарыйхы, Тілеуберді Әбенайұлы айтқандай, қазақ тарыйхы. Шыңғыс ханның шындығы оның өз заманында-ақ анық жазылған, тек соны өтіріктен ғылымый жолмен ғана аршып алыу керек. Айта салыу, жаза салыу ғылымға жатпайды, ол – тек текті немесе тексіз пікір. Ал ғылым дегеніміз – дәлел. 
Дәлелді, меніңше, Моңғол Халық Республикасынан ­бастау жөн. Өйткені: «Моңғол – бізбіз, Шыңғыс хан – біздің моңғол», – деп отырған сол мемлекет.

1954 жылы Мәскеуден «История Монгольской народной республики» деген кітәп шығыпты. Жазған – орыс ғалымдары, оларға бір топ моңғол ғалымдары қосылған. Бұл 1944 жылы Алтын Ордаға қатысты ­Ста­линнің қаулысын жүзеге асырыу мақсатында жазылған кітәп.

Онда алдымен «маңызды» дерек көздері аталады, бірақ бірде-бірі талданбайды. Мәселен, Шыңғыс хан әлі тірі кезде (1221 ж.) Чжао-дэ-Хұн деген қытай елшісінің Құбылайға барып жолыққаны айтылады да, оның не айтқаны, не көргені таратылмайды. Оған біз алда тоқталамыз. Сондай-ақ П.Карпини, Г.Рубрук, М.Поло, А.Жебеней (Джувейни) секілді Шыңғыс хан еліне келіп қайтқан адамдардың да, Рәшид әд-Діннің «Жамиғ ат-Тауарих» атты әйгілі шығармасын алғаш орыс тіліне аударған Березиннің пікірлері де талданбайды.

Алайда орыс ғалымы А.М.Позд­неевтің: «Моңғолдар ХVII ғасырдың өзінде әлі дамымаған, рұулық деңгейде тұрмыс сүріп жатты», – деген пікірі сынға алынады (сонда, 32-бет). Себебі: «ХVII ғасырда іргелі ел бола алмай отырған моңғолдар ХІ–ХІІ ғасырларда қалайша әлемді жаулап алады?» – деген ой еріксіз тұуындайды ғой.

Орыс тарыйхшыларының бұл кітәпте моңғол деп отырғаны – қәзіргі халхалар. Бірақ Шыңғыс хан заманында (ХІІ–ХІІІ ғ.) «халха» деген халық та, тайпа немесе рұу да тарыйхта жоқ. Бұл – талас тұудырмайтын ақыйқат.

«Сегіз мүрен (сегіз өзен) аймағында өзге моңғол тайпаларынан тілі аздап өзгешелеу ойраттар өмір сүрді», – делінген (сонда, 80, 81-беттер).

Халха тілінен ойраттардың тілі «аздап өзгешелеу» екені рас. Сонда басқа моңғол тайпалары кім? Тыба, ұрахай, найман, керей, жалайыр, қоңырат, меркіт, барин тәрізді Шыңғыс хан еліне біріккен тайпалардың бәрі – түріктер, олардың тілі халха тілінен мүлде бөлек.

Бұл өтірікке оқырманды ыйландырыу үшін, Рәшид әд-Діннің «Моңғолдар Моңғолия жерінде өмір сүрген ертедегі тайпаның аты» дегенін көлденең тартыпты (сонда, сол бетте).

Шындығында, Рәшид әд-Дінде «моңғол» деген тайпа айтылмайды, «моғол» ғана айтылады.

Кітәпте «халха моңғол», «ойрат моңғол» деп отырған халықтарды қазақ ежелден «қалмақ» деп атаған. Қазақ екі ғасырға жұуық мұғалдармен де, моңғолдармен де емес, қалмақтармен соғысқан. Отыз бес жылға созылған «Ақтабан шұбырынды» зобалаңын қазаққа жасаған мұғалдар немесе моңғолдар емес, ойраттар (хошауыт, шорос, торғауыт, дүрбіт) мен халха (құба қалмақ) болатын. Ал Шыңғыс хан қалмақ екен дегенді естісе, бұрынғы қазақтың бәрі атынан құлап түскен болар еді. 1643 жылы еліу мың қолмен қазақ пен қырғызға қарсы шығып, қәзіргі Орбұлақ жерінде жеті жүз қазақтан жеңіліп қайтқан ойрат көсемі Батұр қонтайшы өзін ешқашан моңғолмын демеген. Қысқасы, бұл кітәпте моңғол деп отырғанның бәрі – қалмақтар.

Сухэ – батур мен Чойабалсан Моңғол халық республикасын орнатқан кезде, йағный 1924 жылы, халхалар 546 мың ғана адам болған (сонда, 272-бет). Ал Шыңғыс ханның жұрты, Рәшид әд-Дін мен Әбілғазының жазыуынша, жетпіс күрен болған. Мына кітәпте әр күренде мыңға жұуық үй болғаны айтылады (82-бет). Жетпіс күренде жетпіс мың үй болса, әр үйде орташа бес адам бар десек, жетпіс күренде 350 мың адам болады. Бұл ХІІІ  ғасырда.

Наймандар мен керейлер де, қоңыраттар да сол шамада болса, меркіттер одан азырақ болыуы мүмкін. Соның өзінде сол кездегі қазақ тайпалары бір жарым міліион (1500 000) адам болады. Оларды ол кезде өзі жоқ халха қалай жаулап алады? Өтіріктің де бүр­кемеленетін бір қыйсыны болыу керек қой.

Ал, енді шын моғолымыз бен моңғо­лы­мыз кім, ол қәзір қайда дегенге келейік.

Халха деген ел бар екенін орыстар XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында ғана, Көшім ханның бійлігін құлатып, Оралдан өте бастаған кезде ғана білген. Орыстарға өздерінің күшті ел екенін сездіріу мақсатында халхалар өзін «мұнғал», «мұғал» деп таныстырған. Өйткені «Материалы по истории русско – монгольских отношений» аталатын төрт томдықта солай жазылған. Мәселен, 1682 жылғы 17-сі мен 23-наурыз аралығында жазылған «Об отправке в Иркутск послов халхацкого... хунтайджы» деген 208-нөмірлі құжатта: «... приеехал из Мунгальской земли послы...» делінген. Төрт томда да бастан-айақ халха мен ойраттардың орыс елімен қатынас жасай бастауына күуә болатын құжаттар жыйнақталған. Және халхалардан гөрі ойраттардың басымдау екені әр құжаттан байқалып отырады (3-том, Мәскеу, 1996 жыл).

Моңғолдардың ата-бабасы гун (хун) державасы дегенді орыстың тұңғыш қытайтаныушысы Н.Я.Бичурин (1717–1853) өзінің С.-Петербургте жарық көрген «История Тибета и Хухуюра» (1833 жыл) «Статис­тическое описание Китайской империи» атты 1842 жылы жазылған, 2002 жылы Мәскеуде шыққан кітәптерінде қытайша қалай жазылса, солай аударып айта салады. «Солтүстік Моңғолиядағы халха мен хошот – Шыңғыс хан әулетінің ұрпағы. Шорос пен Дүрбіт өз әулетін Шыңғыс ханның Бохан деген ақсүйегінен, ал торғаттар (торғауыттар – Б.Н.) Шыңғыс ханның өз ақсүйектерінен таратады», – дейді (Бичурин, «Статистичес­кое описание...» Мәскеу, 2002, 290-бет).

Бичурин түрік тілін білмесе керек. Өйткені «Амұр өзенінің сыйпаты» деген тарауда «оның моңғолша аты – Хара мурен (йағный Қара өзен. – Б.Н.), орысшасы – Сахала», – дейді (сонда, 363-бет). «Хара мүреннің» түрік сөзі екенін танымайды.

«Монғолияда бұрын да, қәзір де еуропалықтар Моңғол, ал Орта Азиялықтар қалмақ деп атаған халық қана өмір сүрген», – дейді (сонда, 260-бет).

Бичуриннің қалмақтан қазақты ажырата алмайтыны осыдан да байқалады. Кеңес өкіметі оның осы адасыуын өте шебер пай­даланған.

Бичуриннің бұл кітәбінде күдік шақыратын пікірлер біршама. «Дом Монголов» деген тарауында моңғолдардың (Құбылайдың) қытайша Юань әулетін құрғаны 1271 жылы екенін айта келіп, «Кешікпей содан кейін Халхаға көшіп барып орналасты, сол арада төрт ірі тармаққа бөлінеді: моңғол, хэрэ, тайчут, татар. Моңғол тармағының басшысы Тэмучин болды», – дейді (сонда, 276-бет).

Өкінішке қарай, бұл айтып отырған төрт тармағы да түрік тайпалары екенін Бичурин білмеген. «Халха» деген сөз орысша «щит», қазақшасы «қалқан». Ол сөз – бұрын сол араны мекендеген сақ, құн, түрік (қағанаты) халықтарынан сақталып қалған сөз. Солай екені осы кітәптің өзінен де көрініс береді.

«Дом Ойхор» тарауында VІІІ–IХ ғасыр кезеңі айтылады. Бичуриннің «ойхор» деп отырғаны – түрік халқы ұйғыр. «Христос туғанға дейінгі дәуірде бұл араны моңғол тайчысы Усунь мекендеген, кейін олар қәзіргі Іле аймағына көшкен, V ғасырдың басында Халха мен Тарбағатайды мекендеген жужадар да осы арадан шыққан», – дейді (сонда, 274-бет).

Оңтүстік Моңғолияны жаулап алған соң, Ханчай тауының етегіне қоныс тепкен Шыңғыс хан өзінің астанасы Хара хоринді салды дейді (275-бет). Бұл Г.Рубруктың Қарақорым найман мен ұйғыр жерінің шегарасына салынған деген пікірімен үйлес келеді. Алайда бұл Қарақорым Теміршыңның ата-бабасы мекендеген Қарақорым емес, соның атын жаңғыртып салған жаңа Қарақорым екенін көп тарыйхшы шатастырып жүр. Бұрынғы Қарақорым Іленің оң жағында, қәзіргі Матай тауының іргесінде, Бесшатыр аталатын хандар бейітінің маңайында болған. Ол Қарақорым екі таудың ортасында, он шақты өзеннің қасында, жанында жылы сұулы арасаны (Айақ Қапал) бар екені айтылған.

Осы арада тағы бір өтіріктің көрпесі ашылады. Хантай немесе Хэнтэй тауын Бұрхан деген осы деушілер бар. Шыңғыс ханның бұл арада тұуып-өспегені, оған кейін келгені мұнда ап-анық айтылып тұр.

Аталмыш кітәптің «Дом Татан» деген тарауында (дұрысы «Татар», қытайлар «р»-ды айтпайды, Бичурин қытайша қалай жазылса, солай аударып отыр), ол Шыңғыс ханның ұрпағы Тоқа Темірдің 1368 жылы Бойр-нор деген жерде өз қарақшыларының қолынан қаза болғанын жазады да, солтүстік жағына кейін Урянхайлар келгенін, ал қалғандары сол солтүстікте Халха деген атқа ійе болғанын жазады. Бұл – 1468 жыл (сонда, 277, 278-бет).

Көрдіңіз бе, халха деген халық ХV ғасырда ғана пайда болған. Өзі XV ғасырда ғана пайда болған халық қалайша ХІІ ғасырда өмір сүрген Шыңғыс ханның тұуған халқы бола алады?

Жоғарыда аталған «Моңғол халық ­республикасы» деген кітәпте: «В халхе 546 тысяч жители» делінген. Оның ішінде ол кезде түрік халықтары ұранқайлар, тыбалар мен қазақтар да бар. Кейін тыбалар Ресейдің құ­рамына кіріп кетті. Қәзіргі кезде МХР-да 3 мілійөн халық тұрады, оның 90 пайызы халхалар.

Аспанды бұлт жапса, ай да, күн де жұлдыз да көрінбей қалады. Бірақ қара бұлт қанша қаптаса да, бүкіл аспанды бүркей алмайды. Тарыйхый шындық та аспан секілді, қаншама өтірікпен бүркесең де, бір шеті мен бір пұшпағынан шындықтың ұшы ерте ме, кеш пе, бәрібір қылтыйып шығады. Қазақта «Бір ійіт көріп үреді, қалғаны еріп үреді» деген сөз бар, біз соның кебін кійіп жүрміз. Бұдан былай ешкімнің айтқанына ермей, өз тарыйхымызды өзіміз жазып үйреніуіміз керек. Шыңғыс хан өзі құрған мемлекетінің атын белгілеп бір тайпаның атымен атамаған, өйтсе, өзге тайпалардың көңіліне келетінін өте дұрыс түсінген. Сондықтан ол мұрагерлік жолымен хан болатын өз ұрпағын төрелер, йағный төр ійелері, ал халқын бүкіл қазақ тайпаларының ортақ ата-бабасы Моғолдың атымен атаған. Сол дәстүрді бабаларымыз бұлжытпай сақтаған. Алтын Орданың хандары да, қазақ хандығын құрған Керей де, өзге де хандары – бәрі төрелер. «Жер төбесіз болмайды, ел төресіз болмайды» деген бабаларымыз.

«Жылнамалар жыйнағы. Рашид Эддин шығармасы. Моңғол тарыйхы. Чингиз ханның таққа отырыуына дейінгі тарыйхы» деген атпен белгілі И.Н.Березиннің аудармасы 1868 жылы С.-Петеребургте шыққан. Кітәбінің алғы сөзінде ол: «Моңғол мен Татардың ұлты тұуралы жеткілікті жазылды, ал ол халықтың тарыйхы – түріктердің тарыйхы екенін анықтауда Рашид – Эдиннің Угуз бен оның ұрпақтары жайында жазғанына сүйендім», – дейді.

Апырмау, орыс ғалымы сүйенген дерекке біз неге сүйенбейміз? Рәшид әд-Дінді былай қойғанда, «Оғызнама» деген жеке кітәбіміз де бар ғой.

Мәскеудің «Наука» баспасынан 1975 жылы Мэн-Да-Бей-Лу деген қытайдың «Моңғол – татардың толық сыйпаттамасы» деген кітәбі шығыпты. Бұл – Сталиннің бұғауынан құтылған кездің бір басылымы. Оны қытай тілінен Н.Мункуев деген ғалым аударған. Бұл, шын мәнінде, 1221 жылы Янцзанда моңғолдың бас қолбасшысы Мұқалайдың қосынында болған қытай елшісі Чжао Хунның жазбалары болып табылады. Жоғарыда айтқанымыздай, «Моңғол халық республикасы» кітәбінде бұл Хун жайында айтылады, бірақ оның не жазғаны талданбайды. Оның жазыуынша, Шыңғыстың хан тағы алтынмен апталса, Мұқалыйдың тағы күміспен күптеліпті, бар айырмашылығы сол ғана екен (76-бет). Шыңғыс ханның ордасына үлкен ақ тұу тігілсе, Мұқалыйдың қосынына тоғыз шашақты ақ тұу тігіліпті. Махмұт Қашғарый бабамыздың «Түрік сөздігінде» тоғыз шашақты тұу түріктердің ең мәртебелі тұуы екені, одан үлкен дәрежелі тұу болмайтыны жазылған. Демек Мұқалыйдың тұуы – түріктің ең мәртебелі тұуы.

«Тұудың ортасына қара түсті ай салынған», – дейді (сонда, 77-бет).

Бұл – өте құнды дерек. Ай – мұсыл­ман­дықтың белгісі. Шыңғыс та, Мұқалы да мұсылман деген сөз. Ал халхалар мұсылман дегенді оқыған да, естіген де емеспін.

Шыңғыс ханның бес жүз адамын Қайыр­хан Отырарда жазықсыз қырып тастағанда, ол Хорезм бійлеушісіне: «Уәдеде тұрмау әсіресе мұсылман басшы­сына үлкен кінә», – деп хат жолдаған, демек, ол – мұсылмандықты қабылдаған адам. «Моң­ғол­дың құпыйа шежіресі» аталып жүрген кітәпте де оның дәрет алатыны және «тәңір жарыл­қасын» деп сөйлегені айтылатын. Шын­дықтың беті ашылды деп, меніңше, осыны айтады.

 ІХ–Х ғасырда өмір сүрген оның Оғыз бабасы мұсылман, қазақ жерінің шығысында өмір сүрген Махмұт Қашғарый бабамыз арап қәрпімен ХІ ғасырда «Түрік сөздігін» жазды, Шыңғыс хан елінің шығыс бетінде отырған ұйғырлар мұсылман болады, ал қазақтар ХІІ–ХІІІ ғасырда әлі мұсылман болған жоқ дегенге кім сенеді?

Тәңірге табыныудың дәстүрімен Айға, Күнге сыйынса да, мұсылман болып өткен ақсақалдарды біз көріп өстік қой. Тағы Хун: «Олар ша – то деген ерекше тайпадан шыққан», – депті (45-бет). Қазақ шежі­ре­сінде мұндай тайпа айтылмайды. Алайда Алан­қуаның күйеусіз үш шата бала тауып алыуына байланысты, «шата» сөзінің ел ішін­де айтылыуы әбден мүмкін деп ойлаймын.

Аталмыш кітәпте Хун Қытайға жақын жердегі татарлар мәденійетті, алыстағысы жабайы татарлар деп баға береді. Соған қарағанда, Қытай қорғанының қасы мен Бүйірнорды мекендеген қоңыраттар мен оңғыттар мәденійетті татарлар болса керек. Жабайы татар екіге бөлінеді: ақ және қара татар, «Қәзіргі императоры Чингис, сондай-ақ оның бүкіл қолбасшылары, міністірлері мен шенеуніктері – бәрі қара татарлар», – дейді (сонда, 48-бет).

Бүйтіп түстеу қазақ тайпаларының біразында бар, мысалы: ақ қойлы, қара қойлы; ал үйсін (қызыл үйсін), қара үйсін, сары үйсін; қара қыпшақ, торы қыпшақ; қара қаңлы, қызыл қаңлы, сары қаңлы.

«Татарлар, жалпы, орта бойлы болып келеді, – дей отырып, – Ол тек татар басшысы Тэмоджинге қатысты емес, ол ірі әрі ұзын бойлы, кең маңдайлы және ұзын сақалды. Түрі сұсты және мығым адам», – дейді (48-бет).

Бұл – Шыңғыс ханды көрген кісінің сөзі. Мұқалыйдың қосынына барғанда ма әлде басқа жағдайда ма, қайда көргені белгісіз, бірақ көрмеген адамын бұлайша бейнелеп сөйлеуі мүмкін емес. 1221 жылы елші Хун Мұқалыйды көргенде, Шыңғыс хан әлі тірі. Сондықтан Хунның оны көріу мүмкіндігі болды.

Ресейді 300 жыл бійлеген, жеке кінәздіктерін біріктіріп, біртұтас мемлекет еткен осы татарлар екенін неге мойындамаймыз? «Татар моңғол езгісі» деп, орыстардың өзі құлағымызды жауыр етпеп пе еді кеңес заманында? Айбек А. деген бауырымыз 1904 жылы шыққан Казимер Валишевскийдің кітәбінен мынандай сөздәйекті интернетке салды. «Великий князь Московский в старые времена должен был оказывать татарам такой почет», – дей келіп, татар елшісінің алдынан бійенің сүтін алып шығатынын айтады. Бұл татарға қәзіргі халха моңғолдың түк те қатысы жоқ.

«Чингис родился в году Цзя – сиюй (1154–1155)», – дейді Хұн. (49-бет). Бұл – доңыз жылы. Демек, 1162 жылы тұуды деген дерек – теріс. Оған әлі тоқталамыз.

«Жас кезінде Чингис цзинцылар­дың тұтқынына түсіп, олардың құлы болды, тек он жылдан асқанда қашып шығады», – дейді (49-бет).

Бұл – біз бұрын біле қоймаған дерек. «Ол сондықтан Цзинь мемлекетінің қыр-сырын біледі. Бұл адам ержүрек, батыл, төзімді, баршаларға кеңпейіл, Аспан мен Жерге сыйынады, сенім мен әілдікті бағалайды», – дейді (49-бет).

Бұл – Шыңғыс ханды көрген ғана емес, білген, зерттеген адамның сөзі.

«Гован Мо-Хоу-Ли әр кез сайын өзі жайында «біз, татарлар», десе, өзге мансаптылары мен басшылары да – бәрі «біз, татарлар», деп отырады», – дейді (53-бет).

Татарлардың той жасағанды жақсы көретінін айта келіп, Хун: «Той үстінде той ійесі қолына тостағанын ұстап тұрып, қонақтардың ішіп-жеуін тілейді», – дейді (сонда, 83-бет).

Тост айтыуды кімнің кімнен үйренгені осыдан-ақ көрініп тұрған жоқ па?

Бұл кітәп бұрын біз білмеген тағы бір мәліметтің көзін ашады.

«Шыңғыстың ұлы кәдімгідей көп болды, үлкен ұлы Би-ин Цзинь мемлекетімен болған соғыста батыс астанасына шабыуыл жасау кезінде өлді. Қәзір екінші ұлы Иоджи ұлдарының үлкені саналады. Үшінші ханзада Одэй, төртінші ханзада Тянь – лу деп аталады. Ал бесінші ханзада Лун-сунь деп аталады. Мұның бәрі бас бәйбішеден (главной императрицы) тұуған», – дейді. Тағы жеті қызы болғанын айтады (56-бет). Және екінші ұлы Чахатай деп жазған да жылнамалар бар екенін ескертеді.

Ал енді ойланып көрелік. «Шыңқұз» деп мәртебелеп жүрген ханымыз қытайлардың тұтқынында он жыл құл болса, оның өмірінде сол он жылдың көлеңкесі бар ма?

Шыңғыс хан өміріне қатысты бірден-бір «Еңсегей бойлы ер Есім» атты дастан жазған Қазанғап Байболұлының «Төле бій» атты кітәбіне жүгініп көрелік. Онда оның анасы Өлең Меңлікке тійген соң баласына былай дейді: «Сенің мыналармен абаң бір болса да, атаң басқа еді. Бір күні болмаса, бір күні зорлық қылар. Осылар есейіп, өз беттерімен кеткенше Іленің басына барып садақ атып күн көр... Мына алтын жүзігімді қай кезде жіберсем, сол кезде кел, одан беріде келме», – дейді. Кейін елге хан керек болғанда, баласын шақырып алады («Төле бій», Алматы, 1991, 20-бет).

Бұл, әрійне, аңыз. Ақыйқат емес, алайда ақыйқаттың елесі. Мәселен, Өлеңнің Меңлікке тійгені – шындық. Ал анық емесі – Теміршыңнан басқа балаларының қайда қалғаны. Күдікті жері: шешесі Меңлікке тійіп кетсе, Теміршың бауырларымен бірге өз үйінде қала бермей, неге Іле бойына кетеді? Гәп осында. Өйткені оның осы бір өмір кезеңі әрі құпыйа, әрі белгісіз, тіпті жасырын. Дұрысын айтсақ, ол өз үйінде де жоқ, бауырларымен де бірге емес. ­Демек оның қытай тұтқынында болғаны – шындық, ал ол қай кез?

Әңгімені Есігөйдің өлімінен бастасақ. Есігөй есті адам дегенді білдіреді. «Ақылгөй», «данагөй», «дәмегөй» деген сөздер тілімізде әлі де бар. Есігөйдің әкесі – Бартан. Көзінде барт боп тұратын бүдірі болғандықтан, солай аталған. «Көзі барт боп ісіп кетіпті», «көзі барт боп қызарып тұр» дегенді әлі де айтамыз.

Есігөй Теміршыңды тоғыз жасында қалыңдық таңдауға алып барады да, Бөртеге құда түсіп, қайтып келе жатқан жолында татарлар ұу беріп, содан ауырады да, Теміршыңды алып келіуге Меңлікті жұмсайды. Ол – өлерін білген адамның әрекеті. Алайда тарыйхшылар Теміршың әкесінен он үш жасында қалды деп жазып жүр. Олай болса, Есігөй төрт жыл төсек тар­тып жатқан болады. Оған сенейін десек, Есігөй өлгенде Отшағаннан кейін тұуған қызы әлі емшекте қалғанын тарыйхшылар тағы жазады. Бұған қарағанда, Есігөй сол ұу­лан­ған жылы қайтыс болып, Теміршың тоғыз жасында жетім қалады. Бұл – 1164 жыл.

Есігөй өлген соң, жетім бала, жесір қатынға бағынбай, Тарғытай Қызғаншық бастаған тайшығұттар (тайшықұт) оларды Бұрқантауға тастап, өздері басқа жаққа ауып кетеді. Өлең атқа мініп өзі шықса да, қайырылмайды. Ол кезде Теміршың онда, 1165 жыл.

Қытай елшісі Хун: «Бэктэр мен Бэлгунэй деген інілері оның өзге шешесінен»,–деп жазыпты (сонда, 55-бет).

Мен бұған күмән келтірем. Өйткені Есігөй олардың шешесіне Өлеңнен бұрын үйленген.

Өлең меркіт тайпасының басшысы Тоқтаның келіні еді, күймеде келе жатқанда Есігөй оны күйеуінен тартып әкеткен. Соның кегін кейін Тоқта Теміршыңнан алады. Меніңше, Өлең Есігөйге тійгенде Бектер өмірде бар бала. Мұрагерлік дәстүр бойынша, Есігөйдің орнына хан сайланыуға қақысы бар бала. Сондықтан ол Теміршыңнан үлкен әрі күшті. Оның хан болғанын қаламаған Теміршың балығымызды тартып алды деген сылтаумен Хасар екеуі жабылып өлтіреді.

Бұл – 1166 жыл, Теміршың он бірде.

Өз бауырын өлтірген Теміршыңды жазаламақ болып тайшығұттар сол жылы Бұрқантауға келгенде, Теміршың Бұрқаннан қашып шығып, Түрген өзенінің бойындағы тоғайға тығылады. Тоғыз күннен кейін ұсталып, тұтқыннан жолда қашып, құтылады да, Бүркей – Іргеде отырған бауырлары мен шешесіне аман оралады. Келесі жылы сегіз жылқысын барымталап кеткендерді Бауыршы екеуі құуып барып, аман-есен оралған соң қалыңдығы Бөртені алып келеді. «Он үште отау ійесі» боп отырған Бөртеге үйленгенде Теміршың он екі жаста болыуға тійіс. Бұл – 1167 жыл. Сонда келесі жылы он үшке толғанында Теміршың әке де болған деп жорамалдауға болады. Баласы өз алдына үй болып, оңаша отау тіккен соң ғана Өлең Меңлікке тійген болыуы мүмкін. Өйткені бұдан кейін ол жайында Бөртені меркіттер тартып әкеткенге дейін еш дерек айтылмайды. Ал ол оқыйғаның қай жылы болғанын анықтап көрелік.

«Алтын топчы» («Алтын топтама» ­немесе «Алтын жыйнақ») кітәбінде былай делінген: «Сыйыр жылы (1229) Керіулен (Кері өлең) бойындағы Худэгэ аралда (Арал төбеде) Угэдэй ұлы таққа отырды» (Мәскеу, 1973, 246-бет). Алайда Әбілғазы да («Родославная история о Татарах»), Кафаров та («Шыңғыс қағанның құзауырының» аудармасында) да Үкітай таққа тышқан жылы отырды делінген. Дұрысы – сол, өйткені Шыңғыс хан доңыз жылы (1155) тұуып, доңыз жылы (1227) қайтыс болса, мұрагер таққа бір жылдан соң ғана, йағный тышқан жылы ғана (1228) отырыуы тійіс-ті.

Ал 1229 жылы 43-тегі Үкітай, жыл қайырсақ, дүнійеге 1186 жылы келген болып шығады. Ол – Шыңғыстың – Шағатайдан кейінгі баласы. Сонда Шағатай оның алдында 1184 жылы, ал Жошы 1182 жылы тұуған деп айта аламыз. Олай болса, 1167 жылдан 1182 жылға дейінгі он бес жыл бойғы аралықта Бөрте бірде-бір бала көтермеген бе? Осы жұмбақтың сырын елші Хун ашып отыр. Оның айтқанын пайымдасақ, Теміршың тұңғыш ұлын 13 жасында сүйген болар деп шамалаудың жөні бар. Жошыға дейін Теміршың бір қыз сүйген деген де дерек бар. Алайда Бөртені меркіттер тартып әкеткен кезде ол қыз тұуралы ештеңе айтылмайды. Бәлкім, ол ұзатылып та кеткен болар ол кезде.

Меркіттердің басшысы Тоқта, бір ­дерек бойынша, аңдып жүріп Теміршыңды тұтқынға түсіреді де, қымбат құн алған соң оны босатып жібереді. Алайда Теміршың үшін қымбат құн беретін кім бар? Жамұқа ма, Тарғытай ма? Екеуі де хан тағынан үміткер бақталастар емес пе? Олай болса, оны Тоқта қапыда тұтқынға түсіріп, артынан қытайларға «сатып жіберіуі» мүмкін деген жорамал жасауға болады. Ол он жылдан астам тұтқында болып, одан қашып шыққан кезде тұңғыш ұлы он үшке толып, оны үйлендірген соң, тұңғыш ұлын алып, өзін тұтқындаған қытайлардан кек алыуға аттанған. Бұл жағдайды қытай елшісі Хун былай байандайды. Шыңғыс ханның бесінші дәрежелі қолбасы Лю-Бо-Лин деген садақшы мерген болған. Ол – Шыңғыс хан Цзиньсыңды шапқан кезде, қарсы жақтан қашып өткен батыр. Оның баласы да батыр. Оған Шыңғыс сол соғыста қаза болған үлкен ұлының әйелін береді де, Лю-Бо-Линмен құда болады (61-бет).

Бұдан қандай ой түйіуге болады?

Біріншіден, бір елдің батыры өзі білмейтін, танымайтын ел жаққа бекерден-бекер баласымен бірге қашып өтпейді. Екіншіден, бір елдің өз жағына қашып өткен батырына Теміршың да бекерден-бекер өз келінін бере салмайды. Оның, меніңше, бір ғана сыры бар: Лю-Бо-Лин – Теміршыңның тұтқыннан қашып шығыуына көмектескен батыр. Екеуін түсіністікке ійтермелеген, сірә, Лю-Бо-Линнің арғы тегі түрік халқынан болыуы мүмкін деп ойлаймын. Бұл оқыйға, шамамен, 1181 жылы өтсе керек, өйткені Теміршыңның ұлы жаңа үйленіп, бала сүйіп те үлгермеген. Оны Шыңғыс хан өзі тұтқыннан босанған соң ғана үйлендіріуі мүмкін.

Тағы бір жорамал: Теміршыңның тұтқын болып кеткенін естіген соң, Өлең өз ошағына қайта оралған болыу керек. Себебі Меңліктен ол бала көтеріп үлгермеген тәрізді, ешбір деректе ол жағы қозғалмайды. Ал Жошы дүнійеге келер кезде, Өлеңнің балаларымен бірге болғаны анық.

Меркіттер Теміршыңды Бүркей – Іргеде көктеуде отырғанында шабады. Меркіттерге қарсы жолыққан әйел қой қырқып келе жатқанын айтады. Ал қой көктемде мамыр айында қырқылады. Сол кезде алып кеткен Бөртені Теміршың сұуық күз түспей тұрып қайтарып алады. Арада, шамамен, төрт-бес ай уақыт өтеді. Бөрте жол үстінде босанып, жолда тұуған баланың атын Жолшы қойады. Бұған қарағанда, меркіттер тартып әкеткенде Бөртенің жүкті болғаны ырас. Егер ол меркіт жақтан жүкті болса, құрығанда, келесі жылдың ақпанында босанған болар еді.

Жалпы Теміршың барлық баласының атын қазақша қойған. Жолшының Жошы аталып кетіу себебі де қазақтың сөйлеу заңдылығына байланысты. Қазақтар қәзіргі күнге дейін кей сөзде «л» дыбысын түсіріп айтады. Мысалы, «болшы», «болсаңшы», «келші», «алып кел» дегенді «бошы», «босаңшы», «кеші», «ап кел» десе, балаларына Ұлбосын, Ербосын деп ат қойады.

Бексұлтан НҰРЖЕКЕ-ҰЛЫ,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

(Жалғасы келесі санда)

Ескерту: Автордың

жазу стилі сақталды

1822 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы