• Білім және ғылым
  • 07 Сәуір, 2022

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ БЕЛЕС

Қазақ ұлттық Қыздар педагогикалық университеті Жалпы және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, педагогика ғылымының кандидаты Кенжехан Медеубаеваның  60 жас мерейтойына арналған «Ғалым еңбегі өлшеусіз» атты ғылыми семинар өтті.

Ғылыми семинар «Ғылым жолындағы белес» тақырыбындағы бағдарлама көш­басшысы, профессор Мейрамгүл Бұлақ­баеваның баяндамасымен басталды. Педагогика ғылымының докторы, профессор Төкен Жұмажанова К.Медеубаеваның ғылым жолын әңгімеледі. Кафедра ұстаздары Баян Қылышпай мен PhD Динара Садырбекова ұлағатты ұстазының зерттеу бағытындағы өлшеусіз еңбегі туралы ғылыми баяндама жасады.

Ғалым, профессор Толқын Әуелғазина,  айтыскер ақын, ғалым Серікзат Дүйсенғазы, Іңкәр Сәбитова, опера әншісі Жұпар Ғабдуллина, әнші-сазгер Медет Салықов, ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы Асхат Сүйіндіков ғылыми семинарда сөз алды.

 

Бағдагүл БАЛАУБАЕВА

1470 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы