• Ақпарат
  • 10 Қыркүйек, 2022

Үндеу: Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша қазақстандықтарға арнаған

ҮНДЕУІ

 Қымбатты қазақстандықтар!

Біз «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі 09.09.2022 бас қоса отырып, туған еліміз – Қазақстан Республикасында жаңару мен жаңғыруға қадам басқан  тарихи сәтте ҮНДЕУ арнап отырмыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1 қыркүйек күні  «Білім күні» мерекесімен қатар  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жолдап, «Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын», – деп халықты Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Президент Жолдауда саяси реформаларды және жаңа экономикалық саясатты іске асыру, еліміздің транзиттік қуатын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсарту, білім беру жүйесін дамыту, ең төменгі жалақы деңгейін көтеру, зейнетақы жүйесін жаңғырту, адам әлеуетін дамыту, қоғамда заң үстемдігін берік орнату сынды мәселелерді көтеріп, алдағы уақыттағы еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындап берді.

Халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған тың бағдарламалар ұсынылған бұл Жолдау игілікті бастамалардың бастауы, жарқын болашақтың нышаны болары сөзсіз. Шынында, енді біз Жаңа Қазақстанды құру үшін ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай, бірлігіміз бен ынтымағымызды, татулығымыз бен тұрақтылығымызды және өзара ауызбіршілігімізді көздің қарашығындый қастерлеп, жұмыла жұмыс жасауымыз аса маңызды.

Құрметті отандастар!

Бүгінгі геосаяси ахуал – кез келген мемлекет үшін сын. Осы сынды өткере алған, өткеріп қана қоймай, бұл сындардан күшейіп шыққан мемлекеттің болашағы жарқын, ертеңі еңселі, тұғыры биік болары сөзсіз.

Сондықтан, заман ағымынан қалмай дамудың даңғыл жолына түсеміз десек, халықтың әл-ауқаты мен саяси өміріне оң өзгерістер алып келуге бағытталған, үлкен өзгерістерге бастайтын, еліміздің өркендеуіне жаңа серпін және жаңа екпін беретін стратегиялық маңызы бар құжат – Жолдауда  айтылған  міндеттерді іске асыруға баршамыз атсалысып, жұмыла еңбек етуіміз қажет.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», - демекші, қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс жасап, ерінбей еңбектенейік, ағайын!

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі»

республикалық қоғамдық бірлестігі

 9 қыркүйек, 2022 жыл

1376 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ANA TILI №10

10 Наурыз, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қали Сәрсенбай

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы