• Руханият
  • 06 Қазан, 2022

«Түркі дүниесінің әдеби сыйлығы» табыс етілді

Өткен аптада қазақ әдебиеті үшін бір жақсы жаңалық болды. Түркияның Бурса қаласында қазақ жазушысы Смағұл Елубайға «Ақ боз үй» романы үшін «Түркі дүниесінің әдеби сыйлығы» табыс етілді.

Бұл түркі тілдес халықтардың үздік әдеби шығармалары үшін белгіленген тұң­ғыш халықаралық сыйлық. Сыйлықты табыс ету рәсіміне Түркия Президенті жанындағы, кезінде Ататүрік негізін салған «Түрік тілі ұйымы», «Түркітілдес мемлекеттер ұйымы», «Түрік тарихы мен мәдениеті академиясы», «Халықаралық Түркісой ұйымы» қа­тысты. Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрік­менстан Респуб­ли­каларының әрқай­сы­сынан бір жазушыға 2022 жылдың әдеби сыйлығы берілді.

– Әдебиет сала­сындағы түркі дүниесі бойынша берілетін бұл халықаралық әдеби сыйлық биылдан
бастап, енді жыл сайын беріліп тұрады, – деп мәлімдеді шараны ұйымдастырушылар.

Салтанатты жиынға сыйлық иесі Смағұл Елубай қатысты. Жазушының «Ақ боз үй» романы түрік тілінде 2018 жылы жарық көрген болатын.

Н. БЕЙСЕМБАЕВА

 

900 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы