• Руханият
  • 20 Қазан, 2022

ОРНЫ ҚАЛДЫ ОЙСЫРАП...

…Қадірі болмас адамның,

Ортаңда тірі жүргенде.

Орны қалар ойсырап,

Бір күні көрге кіргенде, – деп Жәнібек ағамыз айтқандай, күні кеше ғана жарты ғасырдан аса уақыт қазақ елін әнімен әлдилеген, алдыңғы буын ағамыз, Қазақстанның халық әртісі Қажыбек Бекбосынов дүниеден озды.

Жер жәннаты Жетісуда туып, Ғарекеңдей ұлы ұстаздан дәріс алып, батыстың ән мектебін игеріп, бүкіл қазақ елінің ән мәйегін шырқап өтті.

Ғарифолла Құрманғалиевтай ұлы әншінің бұл кісі алғашқы шәкірті мен соңғы шәкірті болдық.

1983 жылы Республикалық эстрада-цирк өнері студиясына Ғарифолла Құрманғалиевтің класына алғаш қабылдана салысымен КСРО халық әртісі Ришат Абдуллин ағамыз мені Шымкент облысына гастрольдік сапарға алып кетті. Әртістердің құрамында Қажыбек аға да бар екен. Солай алғашқы гастрольдік сапарымыз Қажыбек ағамызбен бірге басталған еді.

Сал-серілерге тән мінезі ашық жарқын адам еді.

Жасының үлкендігіне қарамай, бәрімен әзілдесіп, елдің көңіл күйін көтеріп жүретін.

Ұзақ жылдар бойы Қазақконцерт әншісі бола жүріп, еліне әнімен талмай, шаршамай қызмет еткен ағамыз өкінішке қарай, келместің кемесіне мініп кетті.

Алла алдынан жарылқағай!

Қажыбек ағамыздың салған әні халқымыздың жүрегінде сақталады әрі оның есімін ары қарай шәкірттері жалғастырады деп сенемін.

Ағамыздың алды пейіш, арты кеніш болсын!

Сәуле  ЖАНПЕЙІСОВА

ҚАЙРАН, ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА НАРЫ!...

Жаратқан Иемнен алған аманатын қайта табыстаған екен ғой.

Қайран, қазақтың қара нары Қажы ағам-ай!

Үлкендігі бар, өмірде көрген білгендігі бар, дәстүрлі әншілердің атасы,қолынан қара домбырасын тастамай өнердің көшін тарқан қажымас Қажыбек ағам-ау.

Жаның жанатта болсын, артыңызда қалған жеңгеме, ұрпағыңызға, әріптес аға-бауыр­ларыңызға, шәкірттеріңізге, Қазақ жұртына қайғырып көңіл айтамын.

Ағатайым-ай!

Рамазан  СТАМҒАЗИЕВ

 

969 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы