• Білім және ғылым
  • 10 Қараша, 2022

Алматыда футбол жарысы өтті

Ағымдағы жылдың 10 қараша күні  Алматы қаласы Алатау ауданы Атлетикалық ауыл стадионында «Жаңа Алматы жастары» жобасының аясында футбол ойындарынан жарыс өтті.

Төрт аудан арасында өткен шараны Social project managment» орталығы қоғамдық қоры ұйымдастырды. Нақыталай кетсек, Әуезов, Түрксіб, Наурызбай, Алатау аудандарынан 4 команда бақ сынады.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорт жарысына  жалпы саны 56 бала қатысқан. 4 сағатқа созылған тартысты  бәсекеге сен тұр мен атайын деген жігіттер жиылған. Әр команда өз ауданының намысын қорғап, үздік ойын үлгісін көрсетті.

Жарыс болғаннан кейін, жеңіс те, жеңіліс те бар. Өзгелерден оза шауып, өзіндік ойын стилімен ерекшеленген Түрксіб ауданы командасы бірінші орын алды. Финалдық матчта чемпиондарға қарсы Наурызбай ауданы ойнап, жүлделі екінші орынға табан тіреді. Үшінші орынға Алатау және Алмалы аудандары өзара тартысты. Алатау ауданы қарсыласынан мықты екенін көрсетіп, қанжығасына қола медальді байлады.

Осылайша тартысқа тола өткен футбол ойынында қатысушылар бір-бірімен қол алысып, жеңістерімен құттықтады. Шараның соңында жеңімпаздарға медаль және сертификат табысталды.

1953 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы